400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Олимпиада шамшырақтары"

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру нұсқаушыларына көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Олимпиада шамшырақтары»

Тақырыбы: «Қысқы олимпиада ойындары»
Мақсаты:  Балаларға дене жаттығулар түрлерін, әртүрлі қимылдары өз бетімен орындауды үйрету,эстафеталық ойындарды жалғастыру.Қысқы олимпиада туралы түсінік беру. Дененің ептілік, күштілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін қалыптастыру. Спортқа деген қызығушылығы мен салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:  Эмблемалар,сыйлықтар,
жасанды шаңғылар,доптар,үрленген үлкен доп,велосипед,теннис,кішкентай доптар.
Барысы:  Балалар музыка әуенінің сүйемелдеуімен залға кіреді.Сапта бір қатар,екі қатар,қайта бір қатармен жүреді.
             Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалады.
Дене тәрбие нұсқаушысы:  Балалар олимпиада ойындары Азия елдерінде кезекпен-кезек әрбір төрт жылда бір рет өтіп тұрады.Бұған дейін Қытай мен Жапония,Корея елдерінде өтті.

Өткен 2011 жылы біздің елімізде
- Астана мен Алматы қалаларында  2011 жылы қаңтар-ақпан айында өтті. Олимпиада ойындары басталмас бұрын олимпиада алауы жануы тиіс.Азиада ойындарында  тұңғыш рет қысқы олимпиада алауы жанады.Алау ежелгі Греция тауында жағылады,оны барлық елдердің желаяқ жеңімпаздары алып келеді екен. Бүгін біздің спорттық мерекеге алауын желаяқ баламыз. «Ақ көгершін» тобының тәрбиеленушісі Бекжан Ерлан алып келеді.(Ерлан олимпиада алуын жүгіріп алып кіреді).
Дене тәрбие нұсқаушысы:   Міне,балалар, олимпада алауы ортамызға келіп   жетті,енді біз мерекені бастауымызға болады.
Балалардың тақпақтары:

Спорт деген азанда,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың,

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.



Дене тәрбие нұсқаушысы: Балалар енді « Олимпиада шамшырақтары» спорт жарысын бастайық. .Әр топ өздерінің аттары,ұрандарымен таныстырады.
1-топ   «Ақ көгрешін».
Ұраны:  «Ақ көгершін,ұш биікте қалықта,қалықтаудан еш уақытта     жалықпа».
2-топ  «Балапан»
Ұраны: «Намысы бар балапандар қайдасың,білген дұрыс бұл спорттың пайдасын»

1-жарыс:  «Жүйріктер жеңеді».
Шарты:  Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Велосипедке отырып,межеге дейін айналып келеді.Кім бірінші айналып келсе сол команда жеңіске жетеді.

2-жарыс:  «Кім бірінші».
Шарты:   Қысқы олимпиада ойынының бір түрі шаңғымен жарыс. Балаларға аяқтарына киетін жасанды шаңғы беріледі. Сол шаңғыны аяқтарына киіп, межеге дейін барып, айналып келеді де келесі ойыншыға жалғастырады.
3-жарыс:  «Заттардың арасымен жүгіру».
Шарты:  Балалар тенисті алып заттардың  арасымен  ирелеңдеп жүгіріп келеді.
4-жарыс:  «Мерген кенгуру».
Шарты:  Балалар екі аяқтың арасына допты қыстырып, белгіленген жерге дейін кенгуруша секіріп барады. Белгіленген жерге келіп, тоқтап, допты корзинаға дәл лақтырып түсіруі керек.
5-жарыс:  «Кім шапшаң?».
Шарты:  Бірінші тұрған ойыншы қолына доп ұстайды, белгі берісімен допты басынан асыра келесі ойыншыға жалғастырады, доп үзілмей командадағы ең соңғы ойыншыға дейін жетуі тиіс.Соңғы ойыншы допты алып,жермен екі аяқтың ортасынан алдағы ойыншыға қарай жалғастыру керек. Қай команда басшысы допты бірінші ұстаса, сол команда жеңіске жетеді.
6-жарыс: «Такси» Шарты: Команда бастаушысы( такси жүргізуші) құрсауды беліне киіп екі қолымен ұстап, өз командасына қарсы бетте тұрады. Белгі берісімен, өз тобына жүгіріп келіп бірінші тұрған ойыншыға құрсауды кигізіп(Жолаушы) Межеге дейін жеткізіп апарады, осылай соңғы ойыншыны тасып бітіргенше ойын жалғасады. 7-жарыс «Топтық жарыс» шарты: екі команда ойыншыларына екі құсау беріледі. Құрсауға команда балаларының санына байланысты ленталар байланған, ленталардың ұшында кішкене таяқша бар. Әр команда белгі барісімен, таяқшадан ұстай, ленталарды орап құрасуға таяқшаны жеткізеді. Бірінші орап бітірген команда құрсауды жоғары көтеруі тиіс. Құрсауды бірінші көтерген команда жеңіске жетеді. Осымен балалар олимпиада ойындарымыз өз мәресіне де жетті! Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.
Міне, балалар, олимпиада ойындарымыз аяқталып келеді,балалар олимпиада алауымен қоштасайық (алауды сөндіреді).
Балалар барлығы бірігіп «Әр қашан күн сөнбесін» әнін орындайды.
Екі топта сайыста бірдей ойын көрсетті.
Сыйлық үлестіріледі
Азиада әнұраны орындалады.
Жүргізуші:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші
Құрметті қонақтар!
Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі