Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өлкемізге қыс келді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қыс қызығы туралы өз білімдерін шыңдау. қыс мезгілінің басқа мезгілден айырмашылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай ауданы затобол кенті әкімдігінің аппараты ММ «Гүлдер»

бөбекжай –бақшасы КМҚК














Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі тақырыбы:


«Өлкемізге қыс келді»








Тәрбиеші: Бохай Р










Затобол кенті 2018ж

Білім беру саласы: «Коммуникация-көркем әдебиет» Тақырыбы: «Өлкемізге қыс келді»

Мақсаты: Жыл мезгілі қыс туралы білімдерін дамыту. қыс мезгілі туралы өлең тақпақтар жаттау. Қыстың айтары мен ауа райының өзгерістері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Қысқы мерекелер туралы әңгімелеу арқылы сөздік қорларын, мәдениетті сөйлеу дағдыларын дамыту.

Педагогикалық технологиялар: Суреттер, д\ойын құралы, МНЕМО кестесі бойынша қыс өлеңін жаттату.

Ресурстармен қамтамасыз ету: АКТ Суреттер, Билингвалдық компоненті: қыс қызығы- аяз боран-

Әдіс –тәсілдер: Сұрақ- жауап, қыс туралы өлең оқып, әңгімелеу.

1. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста не жауады?

- Тағы қандай ауа райында өзгерістер болады?

-Қыста қандай мерекелер болады?

-Қыста неше ай бар?

-Кім атап береді?

2. Негізгі бөлімі: «Көңілді қыс» МНЕМО кестесі бойынша жаттау

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артында, қыр алап,

Іздерінен қар ұшып.

Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

Сәтке қарап тұрмайсың,

Көңілді еді қыс қандай!

Шаңғыменен зырлайсың,

Қанат бітіп ұшқандай. (Ш.Мұхамеджанов)

Балаларға сурет бойынша жаттау қызықты әрі ұғынықты болды

- Балалар бұл өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?

-Өлең сендерге ұнады ма?

-Бір топ бала не істеді?

-Балалардың іздерінен не ұшты?

Қыстар балалар немен ойнайды?

-Ал осы өлеңді сурет бойынша кім әңгімелеп береді?

Д\ойын: «Аққала құрастыру»

Біз күткен мереке

-Балалар біз қыста қандай мерекені асыға күтеміз?

- Ол кезде кімдер бізге қонаққа келеді?

-Аяз ата мен ақша қар деп неге атайды?

-Аяз ата бізге не әкеледі?

-Жаңа жылда ортада не тұрады?

-Шыршаның түсі қандай болады?

-Шыршаның түсі қыста өзгере ма?

Қортынды:

Өлеңде не туралы айтылған?

Қыстың қандай ерекшелігі бар?

Қыста балар қардан не жасайды?

Қыста ағаштар қандай болады?

Шыршаның түсі өзгере ма?









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
797
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12