Ақтөбе қаласы
Қалалық жас туристер стансасының
әдіскері Утарбаева Айнур Бергалиевна
Өлкетану жұмыстары-балаларға өнегелі тәрбие берудің негізі
Балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері, оның қызметі мен құндылықтарының талдауы, бұл білім саласы адами құндылықтарды нығайту үшін, ұлттық – мәдени мұраларды және ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз ететін, сонымен қоса өз Отаны үшін жауапкершілікті артуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы орта болып табылатыны туралы шешім шығаруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, жан – жақты білімді үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу, Қазақстанның жаңа азаматын қалыптастыру ерекше маңызға және өзектілікке ие болып отыр. Балалар мен жастарға бағдарлануға, заманауи пәрменді ақпараттар ағымында өзін табуға, жаманнан жақсыны, жалғандықтан ақиқатты айыра білуге, нағыз мәдени және жалпы адами құндылықтарға қызығушылығын қайтаруға көмектесу өте маңызды.
Қосымша білім беру педагогы-балалардың алуан - түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыту маманы болып табылады. Ол өз қызметі шеңберінде білім алушылардың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайды, оларды дамытуға көмектеседі, дарынды және талантты баллаларды қолдайды, ата-аналарға кеңестік көмек көрсетеді.
Жас туристер стансасының жұмыс бағыттарының бірі өлкетану бағыты. Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. Стансамыздағы өлкетану бағыты қосымша білім мен тәрбиелеуді өмірмен байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және қазіргі өмірін білу, өлкенің жаңаруына тікелей ат салысуымыз үшін қажет, өйткені туған өлке – шегі жоқ әлемнің бір бөлігі. Өлкетану жұмыстары арқылы білімалушыларға отансүйгіштік сезімді – Отанға деген терең махаббатты тудырады, оқушының адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, еңбексүйгіштік, тұлғалық дамуының маңызды факторы болып табылады. Туған өлкенің өткенімен, қазіргі кезімен және жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да ерекшеліктерімен танысу оқушының дүниетанымын қалыптастыруға жағдай жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі. Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде.
Үйірмелер - баланы қызықтыратын іс-әрекет саласында өз мүмкіншіліктерін сынайтын, шыңдайтын ынтымақ пен қарым-қатынас ортасы. Стансамызда «Өлкетану географиясы», «Жас геолог өлкетанушы», «Туған өлке», «Атамекен», «Мұрагер», «Жас экскурсовод», «Географ өлкетанушы» үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмелердің жұмыс мақсаты – білімалушылардың туған өлкесінің тарихы мен мәдениетін құрметтей білуге тәрбиелеу, өлкетану географиясы туралы білімін арттыру болып табылады. Білімалушылардың географиядан сыныптан тыс жұмыс кезінде танымдық экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар маңызды орын алады. Бұл жұмыстар, оқушылардың салауатты демалуында адамгершілік, танымдық іс - әрекеттерімен біріктіріп қалыптастырады. Кластан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі музейлер, шаруашылық ұжымдар мен ғылыми зерттеу мекемелерімен, кітапханалармен тығыз байланыс жасау болып табылады. Өз өлкенді танудың негізгі формалары – саяхаттық, топтық және жеке бақылау, статистикалық, картографиялық әдебиеттермен жұмыс жасау, теориялық, практикалық сабақтар, бақылау жүргізу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, баяндамалар әзірлеу, жорықтар және саяхаттар ұйымдастыру жұмыстарын қамтиды. Соынмен қатар білімалушылар экскурсиялар мен серуендердің адамға пайдасын, туристік-өлкетану қызметіндегі заңдар мен ережелерді үйренеді, оларда туристік және өлкетану дағдысы мен ептілік қалыптасады.
«Өлкетану өзінің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді», - деп академик Лихачев Д.С. айтқан екен.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз