400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өлмейтұғын артыңда із қалдырған. Абай -175 жыл .Әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы , Талас ауданы, Бостандық ауылы, «Алғабас » орта мектебінің кітапхана меңгерушісі ; Жумабекова Гулбарша

Тақырыбы: «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби кеш

( Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай)

Мақсаты: 

Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Түрі: Әдеби-сазды кеш.
Көрнекілігі: Көрме, интерактивті тақта, Абай туралы фильмнен үзінділер.  

Жоспары:
1.    Алғы сөз.
2.    І бөлім – Абай туралы.
3.    ІІ бөлім – Абай өлеңдері үш тілде
4.    ІІІ бөлім – Абай аудармалары. 
5.    ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
6.    V бөлім – Абайдың әндері.
7. VІ бөлім – Абайдың поэмалары,

8. VІІ бөлім - Абай өмірінене ,шығармаларынан көрініс

9. VІІІ бөлім – Абай шығармашылығынан буклет ,газет шығару


  Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті көрермен қауым! «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кешімізге хош келдіңіздер

Жүргізуші: Бұл шара «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы» аясында ұйымдастырылып отырғандықтан, бүгнгі кешімізде Абай өлеңдері оқылып, әндері айтылып, көріністер тамашалайсыздар.
Ендеше кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

АБАЙ. Азан шақырып қойған есімі Ибрахим Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей уезі Шыңғыс болысында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінде аға сұлтан болған. Абайдың өз әкесі Құнанбай, атасы- Өскенбай, арғы атасы- Ырғызбай.

Абай - әжесі Зере мен анасы Ұлжанның тірбиесінде болған.


І бөлім – Абай туралы
   Жүргізуші: –  Абай - қазақ даласын надандықтың айсыз қараңғы түні бүркеп, тұншықтырып тұрған кезде, еліне дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға ағып түскен жарық жұлдыз. Ол мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. Осы уақытқа дейін Абай туралы қанша айтылып, қанашама зертеу жұмыстары жазылып келсе де, ол әлі талай тың жұмыстарға негіз болмақ. Осы орайда Абайды сан зерттеген М.Әуезов былай деген: «Абай – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңіги беруің керек, сүңіги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым.»десе М.Әуезовтен бастап қазақ ақын-жазушыларының кейінгі ұрпағында Абайға соқпай өткені жоқ. Осы ақындардың Абай Құнанбайұлы туралы пікірін тыңдап көрелік.


ІІ бөлім – Абай өлеңдері үш тілде

Жүргізуші:  - Абай Құнанбайұлы өлеңді 14 жасынан жаза бастады, бірақ ол өлеңдері қалжың, сықақ өлеңдер болды.. 
     Тек 80 жылдары 35 жастан асқаннан кейін, өлең туралы көзқарасын өзгерте бастайды.  Осы уақытқа  дейін оның өлеңдері өз замандасы  «Көкпай» атынан танылып жүрді. Осыдан бастап Абай ақындыққа біржолата бет бұрды. Ақындық мақсатын айқындап, өлең сөз арқылы халыққа қызмет етуге бел байлайды. Осы тұрғыда Абайдың

Жүргізуші: Абай өлеңдерінің тілі көркемдіктің ең жоғарғы дәрежесіне айналады. Сөзі аз, мағынасы терең Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың жаза алмағанынан емес, тыңдаушылардың түсінерлік дәрежесінің төмендігінен. Өз уақытында тыңдаушы таппаған  Абай Құнанбайұлы талай қүйінеді. Бүгінгі таңда біз Абай арман еткен көзі ашық, көкірегі ояу қазақпыз. Ендеше Абай өлеңдерін өз дәрежесінде қабылдай білуге міндеттіміз. Кезекті ұлы ақынның өз өлеңдеріне берейік

  1. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (қазақ ,орыс, ағылшын )

  2. «Күз»

  3. «Қыс»

  4. «Жазғытұрым»

  5. «Көктем»

  6. «Ғылым таппай мақтанба » өлеңдерін үш тілде оқушылар нақышына келтіре орындап шықты 

      

ІІІ бөлім – Абай аудармалары.

Жүргізуші: Абай бар жоғы 4 жыл мұсылманша 3 ай орысша оқыған екен. Соған қарамастан өзінің талабы мен зеректілігі, зор еңбегінің арқасында ана тілінен басқа араб, парсы, түрік тілдерін игерген. Соның ішінде Абайдың орыс тіліне ықыласы ерекше болған.  
     Абай орыс классиктері Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын оқып білумен қатар, олардың шығармаларын қазақ тілінде аударған. Сол арқылы қырдағы қалың қазаққа Европа мәдениетінің есігін ашқан.

Ендеше аудармаларын тыңдап көрейік.

1. Крылов «Шегіртке мен құмырсқа » Мақсат Аружан 3- сыеып
2 . Лермонтов «Жалау» Тоқбай Диана 6- сынып
3.  Пушкин «Онегиннің Татьянаға жазған хаты» Тінәлі Әлия 6- сынып

4. Крылов « Қарға мен түлкі » қамшыбек Бибарыс 8- сынып 

ІV бөлім – Абайдың қарасөздері.
Жүргізуші:
Абай өз мысалдарында көрсетілген адам бойындағы кемшіліктері мен Абай өмір бойы күресіп келді. Абайдың күрестен беті қайтып, ендігі кезекте басқа жолды таңдауды ұйғарғады.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегімді білерлік еш адам жоқ.
Түбінде тыныш жүргенді жек көрмедім. –деп қартайған шағында тыныштықты қалап, тек ақылшы, кеңесші болғысы келеді. Жастармен әңгіме үстінде өткізген уақытын өмірінің ең жақсы сәттері деген екен. Осы мақсатта өзінің бір алуан шығармалары «Қара сөздерін» жаза бастайды. Абайдың 45 қара сөзі бар.

Енді соларға тоқтап өтелік.
1. 31 қара сөз. Сержант ,
2. 18 қара сөз. Өксікбай Назерке
3. 7 қара сөз Әбдіраш Еркеназ

4. 2-қара сөзі Бақыт Бақдәулет

V бөлім – Абайдың әндері.

Жүргізуші:  Абай туралы айтып отырып, оның тағы бір қыры – сазгерлігі туралы айтпасақ болмас. Ақын өз өлеңдеріне ән де шығарып таратқан. Ол әндерінің ерекшелігі ойшыл адамның мұңды сырын шертуіне лайықтап жазған. Бүгінгі кешімізде ұлы ақынымыздың сыршыл әндерінен тыңдасақ

1. «Көзімнің қарасы» 6- сынып оқушыларың орындауында
2. «Желсіз түнде жарық ай » - Күлімбай Дананың орындауында

3. «Желсіз түнде жарық ай » ХОР . 10 сынып оқушылары


VІ бөлім – Абайдың поэмалары

Жүргізуші:Абай ақынның «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» поэмалары бар.

«Ескендір» поэмасын орындайтындар: Жарылқасын мен Ошақбай Азамат

Көрініс: «Абай мен Әбіш» « Құнанбай мен Абай »

Көрініс : «Абай өмірге келуі , ат қойылғаны жайлы »

Көрініс : «Қарға мен түлкі», «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдарынан

Көрініс: Абайдың қара сөздерінен

Көрініс: «Сүйіндік аулында Абай мен Ербол»      


VІІ бөлім – Абай өлеңдерін жатқа оқу.

Жүргізуші: Абай өлеңдерін мен көп білемін деген оқушылар бар екен кезекті соларға берейік

  1. «Интернатта оқып жүр» - Тінәлі Әлия

  2. «Ғылым таппай мақтанба» - Досымжан Жанель

  3. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» - Тоқбай Жансая

  4. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» - Қамшыбек Мухамбет

Жүргізуші: Абай - мың қырлы, мың тәлімі бар ақын. Бүгінгі кешімізде сол мың қырының  бірерін ғана өзімізше түсініп, әңгіме етпек болдық. М.Әуезовтің өзі Абай дариясының тек бетін қалқыдым десе, біз тек сол дарияның жағасына ғана келдік. Ал сол даряның інжу-маржандарын теретін болашақ ғалымдар, ақын-жазушылар сендердің ішітеріңде отыр деп үміттенеміз.

Осымен «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кешіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Дайындаған : кітапхана меңгерушісі Жұмабекова Г









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қараша
690
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі