жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Өмір", "Дүние" дегенің-ағып жатқан су екен
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Уақыт – ұлы күш Мектеп:№113 Әл-Фараби атындағы жом Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Хидаятова Н Сынып: 7 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Өмір», «дүние» дегенің - ағып жатқан су екен... |
|||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.О.3.6.1. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу. 7.Ж.4.3.1. Жазба жұмыстарында теңеу, метафораны қолданып жазу. |
|||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
А.Құнанбаевтың «Өмір», «дүние» дегенің - ағып жатқан су екен» тақырыбындағы өлеңдерінен деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу. Жазба жұмыстарында теңеу, метафораны қолданып жазу. |
|||||||
|
Бағалау критерийі |
-А.Құнанбаев «Өмір»,«дүние» дегенің - ағып жатқан су екен» тақырыбындағы өлеңдерінен деректер қолданады; -Мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді; -Жазба жұмыстарында теңеу, метафораны қолданып жазады. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Лексикалық минимум: дүние, толғандырады, әсершіл, ержеткен, әнмен әлдилеген, кеш сермеу. Пәндік сөздер мен термин сөздер: Синонимдер\ ауыспалы мағынадағы сөздер\көнерген сөздер\ Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Абайдың қандай өсиет сөздері мен өкініштері қамтылған.? 2. Сөз түйіні не себепті уақытқа келіп тіреледі? ...Жасымда ғылым бар деп ескермедім.. ... Жақсы, жаман көргенің - ойлай берсең у екен! Жазылым үшін тіркестер: Менің ойымша... Көркем әдебиет стилі |
|||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Жалпы ортақ еңбек қоғамы |
|||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану және өзін-өзі тану |
|||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Білім алушылар 5- сыныпта Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне талдау жасаған. |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлемдесу. 2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Тікұшақтағы сұрақтар» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарды конвертке саламын. Оқушылар біртіндеп жауап береді. |
|
||||||
|
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 2 минут 8 минут |
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларға сабақ мақсатына қатысты сөз тіркестерінің орнын әдейі алмастырып беремін. Сөз тіркестерін орнына қойып,тақырыптың мақсатын ашады, талқылау жүргіземін. - Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай? - Сабақ мақсаты өте ауқымды ма? - Әлде қол жетімді ме? - Қалай ойлайсыңдар, ол үшін не істеуіміз қажет? Оқылымалды тапсырма Лексикалық минимум: -дүние, толғандырады, әсершіл, ержеткен, әнмен әлдилеген, кеш сермеу.
1 –тапсырма. С. «Сұрақтар сөйлейді» әдісі 1. Абайдың білім, ғылымға шақырған қандай өлеңдерін білесіңдер? 2. «Өмір», «дүние» дегенің - сөз ағып жатқан су екен» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 3.Өмір су тәрізді ағып кете ме? Дескриптор - Сұрақтарға жауап береді. - Дұрыс жауап ортада талқыланады.
Оқылым тапсырмасы: 2-тапсырма Ж. Мәтінді мұқият оқыңыз. Абайдың өлеңдерінен берілген өмір жайлы, уақыт сырына қатысты деректерді қолданыңыз. Мәтінде көтерілген мәселеге өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз. «ПОПС»формуласы Бірінші сөйлем. «Менің ойымша......». Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны... деп түсінемін». Үшінші сөйлем. « Оны мен... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен... деген шешімге келдім».
Дескриптор: -Өлеңді мұқият зерделеп оқиды. - Абайдың өлеңдерінен өмір жайлы, уақыт сырына қатысты деректерді орынды қолданады. - Көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді. - Дербес көзқарас танытады. ҚБ: (оқушылар бір бірімен дәптерлерімен ауысып өз ара жұптық бағалаужасайды) Үздік жұмыс сыныпта оқылады. Мұғалім:- Кімнің жұмысы ерекше болды?
Саралау Талантты, дарынды оқушылар: (тапсырма бойынша) «Өмір»,«дүние» дегенің - ағып жатқан су екен» тақырыбындағы кейіпкерлер жүйесін сипаттап, шағын эссе жазады. Қабілеті әртүрлі оқушыларға «көпірше» ретінде: Уайымы .., ..., өз орнын табу, ... өкінді. ЕББҚБ оқушыға жеке қолдау көрсету үшін «көпірше» ретінде : ... жайлы терең ойға батады, ... . ...ағып жатқан сумен тең», ... . 3-тапсырма Оқылымнан кейінгі тапсырма: Ж.Ж. «Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі арқылы күнделікті өмірде уақытты қалай пайдаланатыны жайында бір сөйлеммен жазып, қорытындылайды. Дескриптор: - Өмірлік тәжірибесімен ой бөліседі. 4-тапсырма Жазылым тапсырмасы ЖЖ. Теңеу, метафораны қолданып « А.Құнанбаев туралы» шағын әңгіме жаз. Дескриптор - А.Құнанбаев туралы шағын әңгіме жазады. - Теңеу, метафораны орынды қолданады. Саралау Талантты, дарынды оқушылар : (таңдауы бойынша ) өмірдерекке таңдау жасай алады. Қабілеті әртүрлі оқушыларға «көпірше»ретінде: Көріктеу-бейнелеу құралдары ЕББҚБ оқушыға жеке қолдау көрсету үшін «көпірше»ретінде (анықтама): Теңеу-көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші бір затпен, құбылыспен салыстырып бейнелеу. Теңеу зат есімге, есімше етістікке жалғанған тай (тей), дай (дей), ша (ше) және дайын (дейін)жұрнақтары арқылы жасалады. Метафора– құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. |
Ф.Ш.ОразбаеваЖ.Т.Дәулетбекова Р.С.Рахметова Б.Қ.Мукеева Қазақ тілі Бәйшешек 7-сынып Оқулық 1-бөлім Алматы,2017 Көкжиек-Горизонт баспасы
Аударма сөздік (Қазақша-орысша сөздік)
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Абай. Өлеңдер жинағы
|
||||||
|
Сабақтың соңы 5минут |
Талқылау сұрақтары: -Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі оқу мақсатымызға қол жеткізе алдық па? Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. 1.«Бүгін мен...................... білдім». 2.«................. қызықты болды», «.......................... қиын болды». 3.« ......................... екенін түсіндім». 4.«Мен..................................... білім алдым». 5. «.................. мені таң қалдырды». Үй тапсырмасы: «Уақыт» туралы жұмбақ жаттау. |
|
||||||
|
Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? |
Бағалау -Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы,қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
|
||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||
|
|
||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген