Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өмір қауіпсіздік негіздері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмір қауіпсіздік негіздері.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Анықтама

«Өмір қауіпсіздік негіздері» оқу курсының мазмұны 10 – 11 сыныптарда Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесіне алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздік негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі ІІІ-ІV тоқсанға жоспарланған.

ІІІ тоқсанда – 4 сағат

ІV тоқсанда – 8 сағат


10 «А», «Ә» сыныбына ІІІ тоқсанда берілетіен тақырыптар:

  1. Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы

  2. Ядролық қару және оның сипаттамасы

  3. Химиялық қару

  4. Биологиялық (бактериологиялық) қару


10 «А», «Ә» сыныбына ІV тоқсанда берілетіен тақырыптар:

  1. Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары

  2. Теріні қорғаудың жеке құралдары

  3. Ұжымдық қорғану құралдары

  4. Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру

  5. Террорлық қауіп-қатер кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі

  6. Табиғи апат аймақтарындағы адамдардың әрекеттері

  7. Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

  8. Түрлі қайғылы оқиға орын алған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек


Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы

Мақсаты:

- адам өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың мақсаттарын анықтау;

- оқу мекемесінде азаматтық қорғау құрылымының ұйымдастырылуы, оның атқаратын міндеттерін талқылау;

- адамды қауіпті және зиянды әсерлерден қорғау бойынша жүргізілетін шаралардың маңыздылығын түсіндіру.

Азаматтық қорғау мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі саналады. Оның негізгі міндеті түрлі төтенше жағдайларда және қарсылас жаппай қырып-жою қаруларын қолданғанда тұрғындарды және ел аумағын қорғау болып табылады. Осы міндетті орындау үшін Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі құрылған.




Ядролық қару және оның сипаттамасы

Мақсаты:

- ядролық қаруды қолданудың апаттық салдары туралы түсінік қалыптастыру;

- ядоролық жарылыс түрлері мен олардың зақымдаушы факторларын есте сақтау;

- ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларынан қорғанудың негізгі тәсілдерін анықтау.

Ядролық қару ядролық жарылыс кезінде бөлінетін ядро ішіндегі энергияны қолдануға негізделген жаппай қырып-жою құралы. Ол қысқа уақыт ішінде өте көп адамды жойып, кең аймақта ғимараттар мен құрылыстарды қирата алады.


Химиялық қару

Мақсаты:

- улағыш заттарды адам ағзасына әсері бойынша жіктеу;

- қырып-жою (химиялық) қаруының қолданылу белгілерін ажыратуды уйрену;

- улағыш заттардан қорғану тәсілдерін қолдануды уйрену.

Химиялық қару қырып-жою қаруының түрі, әрекеті кейбір хи миялық заттардың улағыш қасиеттеріне негізделген. Оған ұрыстық улағыш заттар мен оны тасымалдау құралдары кіреді.

Улағыш заттар (УЗ) қолдану кезінде үлкен аймақтағы адамдар мен жануарларды қырып-жоятын, түрлі ғимараттардан өтетін, жергілікті жер мен суды улайтын химиялық қоспалар. Олармен зымырандар, авиация бомбалары, артиллерия снарядтары және миналар, химиялық фугастар, сонымен қатар оңай төгілетін авиациялық ыдыстар толтырылуы мүмкін. Қолданылғанда улағыш заттар тамшылы-сұйық газ (бу) және аэрозоль (туман, түтін) күйінде болуы мүмкін. Адам ағзасына тыныс алу, ас қорыту мүшелері, көз және тері арқылы етіп, зақымдау мүмкін.


Биологиялық (бактериологиялық) қару

Мақсаты:

- бактериологиялық құралдардың сипаттарына қарай зақымдаушы әсерін анықтау;

- бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін негізгі іс-шараларға сипаттама жасау;

- биологиялық қарудан қорғанудың негізгі құралдарымен таныстыру.

Биологиялық (бактериологиялық) қару адамдарды және ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерін жаппай қырып-жоюшы қару болып табылады. Оның әсері ұсақ ағзалардың (бактериялар, ви- рустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, бактериялардан өндірілетін улар) қауіпті ауруқоздырғыш қасиеттеріне негізделген.

Биологиялық қаруға ауру қоздырғыш ұсақ ағзалар мен оларды нысанға дейін тасымалдау құралдары (зымырандар, авиация бомба-пары, жүксауыттар, ауакірне шашыратқыштар, артиллерия снарядтары) жатады.






Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары

Мақсаты:

- жеке корғаныс құралдарына жататын негізгі құралдар тобын анықтау;

- жаллыәскери газтұмылдырықтың құрылысы, қолданылуы және жұмыс істеу қағидатын зерделеу;

- газтұмылдырықты алып жүру және пайдалану төртібін үйрету;

- тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдарын жасауды уйрету.

Тыныс алу мушелерін қорғау құралдарына газтұмылдырықтар, респираторлар, мата бетперделер, мақта-дәкелі таңғыштар жатады.

Тыныс алу ағзаларын қорғаудың негізгі құралы сүзгілі газтұмылдырықтар. Олардың жұмыс қағидаты адам тыныс алатын ауа оның корапшасындағы сүзгіден өтіп, радиобелсенді, улағыш заттар және басқа да зиянды қоспалардан тазартылуына негізделген.


Теріні қорғаудың жеке құралдары

Мақсаты:

- теріні қорғау мақсатында колда бар құралдарды қосымша қымтаумен сіңдіруді уйрету;

- арнайы қорғаныс киімінің қолданылуымен таныстыру;

- арнайы қорғаныс киімін пайдалану ережелерін анықтап, есте сақтау.

Химиялық кәсіпорындар апаты болған аудандарда, радиобелсенді, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдану аумақтарында тек тыныс алу ағзаларын ғана емес, бүкіл денені қорғау қажет.

Теріні қорғауға арналған қарапайым құралдар, қосымша қымтау және сіңдіру арқылы олардың қорғау қасиеттерін арттыру.


Ұжымдық қорғану құралдары

Мақсаты:

-азаматтық қорғанысқа жататын арнайы қорғаныс құрылыс түрлерін анықтау;

- қорғау қасиеттеріне қарай қорғану құрылыстарын салыстыру;

- мектепте сынып немесе бөлмелерді радиацияға қарсы таса орын ретінде бейімдеу мүміндіктерін талқылау.

Ұжымдық қорғану құралдары азаматтық қорғау мақсатындағы инженерлік құрылыстар. Ол тұрғындарды жаппай қырып-жою басқа да заманауи жоюшы қарулардан қорғаудың сенімді құралы. Қорғану құрылыстары қорғау қасиеттеріне байланысты пана және радиацияға қарсы таса орындар болып бөлінеді. Сонымен қатар адамдарды қорғау мақсатында қарапайым таса орындар да қолданылады.


Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру

Мақсаты:

- төтенше жағдайларда және жаппай қырып-жою қаруларының қаупі төнгенде тұрғындарды хабарландыру тәсілдерін түсіндіру:

- эвакуация кезінде өрекет ету ережелерін әзірлеу;

- эвакуация жарияланган кезде құжаттар мен жеке заттарды дайындауға жаттығу

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда, жаппай қырып-жою қаруларының қырушы факторларында сәтті қорғану көп жағдайда тұрғындардың азаматтық қорғаудың хабарлаушы дабылынан кейінгі дұрыс әрі епті әрекеттеріне байланысты.


Террорлық қауіп-қатер кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі

Мақсаты:

- террорлық кауіп төнгенде немесе террорлық акт жасалғанда атқарылатын негізгі әрекеттерді үйрету;

- террорлық кауіптің әртүрлі деңгейінде тұрғындардың әрекет ету ережелеріне талдау жасау;

- террорлық ықпалға қарсы тұру құралдарын талқылау

Террорлы акт – билік органдарының немесе халықаралық ұйымдардын қызметін тұрақсыздандыру, әлде олар қабылдаған шешімдерге ықпал ету мақсатында тұрғындарды дүрліктіретін, адам қазасына алып келетін, айтарлықтай үлкен мүліктік зақым келтіретін немесе өзге ауыр салдарларға алып келетін өртеу, жару және баска да әрекеттер жасау, сонымен қатар аталған мақсаттар жолында аталған әрекеттерге барамыз деген қоқан-лоққы керсету. Террорлық акт қаупінде тұрғындарды үрейленуден және жете ойластырылмаған әрекеттерден сақтау (қайтару) өте маңызды. Әрбір адам шұғыл және төтенше жағдайларда дұрыс бағдар ала білуге, әрекет етуге, өзін-өзі қорғауға психологиялық тұрғыдан дайын болуы.


Табиғи апат аймақтарындағы адамдардың әрекеттері

Мақсаты:

- табиғи сұрпыл апат, авария сипаттары жане олардың салдарынан туындайтын зардаптарды еске түсіру;

- табиғи сұрапыл апат, авария болғанда тұрғындардың әрекет ету ережелерін айқындау;

- авария және сұрапыл апаттардың зардабын жою, сонымен қатар құтқару жұмыстарына тұрғындарды қатыстыру маңыздылығын түсіндіру.

Табиғи апаттар – әдетте кенеттен болатын, төтенше сипаттағы және қалыпты өмірді бұзушы, кейде адам қазасына, материалдық құндылыктардың қирауына (жойылуына) алып келетін табиғи құбылыстар. Табиғи апаттарға жер сілкінісі, су тасқыны сел, жер (лай) көшкіні, қар көшкіні, сонымен бірге өрт, әсіресе орман сілемдерінің, дала өрті жатады.


Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Мақсаты:

- жарақаттар, қан кету және олардан болатын асқынуларға сипаттама беру;

- қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек беру әрекеттерінің ретін анықтау;

- медициналық көмек көрсетуде арнайы және қолда бар құралдарды қолдану ережелерін түсіндіру.

Алғашқы медициналық көмек адам өмірін сақтап қалу, қосымша жарақаттардың алдын алу, мамандар медициналық көмек көрсеткенше ауырсынуды жеңілдету үшін орындалатын уақытша шара.

Түрлі қайғылы оқиға орын алған жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек

Мақсаты:

- медициналық көмек көрсетудін жекелеген тәсілдерінің ретін анықтау;

- аяк-қол сынғанда иммобилизация жасау тәсілдерін қолдана білуге жаттығулар орындау;

- үсік шалу, күн және ыстық өтудің алдын алу шараларын талқылау;

Қайғылы оқиға – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы салдарынан дене жарақатын алу немесе қазалы оқиғаның тіркелуі.

Егер адам күйік шалу, соққы алу, жарақаттану, үсік шалу немесе тоққа түсу сияқты қайғылы оқиғаға тап болса, жәбірленушінің одан арғы жағдайы тікелей алғашқы медициналық көмектің өз уақытында дұрыс көрсетілуіне байланысты.



11 «А», «Ә» сыныбына ІІІ тоқсанда берілетіен тақырыптар:

  1. Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу

  2. Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі

  3. Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  4. Техногендік сипаттағы қауіптілік


11 «А», «Ә» сыныбына ІV тоқсанда берілетіен тақырыптар:

  1. Экологиялық қауіпсіздік

  2. Табиғи жағдайда автономды өмір сүру

  3. Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері

  4. Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  5. Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері

  6. Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету

  7. Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу

  8. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету


Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу

Мақсаты:

- шығу көзі бойынша қауіптердің негізгі топтарын түсіндіру;

- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарын түсіндіру;

- қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсіндіру:

Қауіп - жалпы мемлекетке, қоғамға, жеке адамға дене немесе моральдық (рухани), мүліктік (материалдық) залал келтіру ықтималдығын қарастыратын өмір сүру қауіпсіздігінің басты ұғымы. Қауіп ықтималды салдарының көлемі мен ауқымына қарай жаһандық, өңірлік, ұлттық, жергілікті, жеке болып бөлінеді.








Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі

Мақсаты:

- қоршаған ортаны ластаушы негізгі көздері туралы түсінік:

-қоршаған ортаның түрлі факторларының адам ағзасына әсер ету салдары туралы түсіндіру;

-қоршаған ортаның адамға әсер ететін табиғи және антропогендік факторлары арасындағы айырмашылықты түсіндіру.

Қоршаған ортаның адам ағзасына әсері өте көп . Оған ең алдымен қоршаған ортаның материалдық факторлары әсер етеді. Оларды шартты түрде химиялық, физикалық және биологиялық деп ажыратады. Бұдан басқа адамға әлеуметтік тіршілік иесі ретінде психогенді факторлар әсер етеді.


Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мақсаты:

- электрмен , тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру;

- тұрмыстық химия, техника құралдарының адам денсаулығына әсері туралы түсінік;

- тұрмыстағы төтенше жағдайлардың негізгі себептерін түсіндіру.

Тұрғын үйді сауатсыз пайдалану елеулі қауіпті салдарға әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін отпен, шаруашылық қажеттіліктерге арналған химиялық препараттармен жұмыс істеу, су, газ, электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде алдын алу сипатындағы шараларды қатаң сақтау қажет.


Техногендік сипаттағы қауіптілік

Мақсаты:

- өнеркәсіптік авариялардың сипаттамасын және олардың ықтимал салдарын түсіндіру;

- қауіпті өндіріс нысандарындағы өртке қарсы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік;

- ірі өндірістік апаттардың пайда болуының негізгі себептерін түсіндіру.

Өнеркәсіптік авария – өнеркәсіптік нысанда, техникалық жүйеде немесе өнеркәсіптік қондырғыда орын алып, материалдық құндылықтардың зақымдануына немесе жойылуына, адамдардың зақымдануына немесе өліміне әкеп соғатын авария.


Экологиялық қауіпсіздік

Мақсаты:

- ауа мен суды ластаушы негізгі көздері;

- адам ағзасына уытты заттардың зиянды әсерін әлсірету ережелерін түсіндіру;

- биосфераның ластану түрлерінің адам ағзасына зиянды әсерін тусіндіру.

Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортада экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін және табиғи орта мен адамның тіршілігіне зиянын тигізбейтін жай-күйлер, үдерістер мен іс-қимылдар жиынтығы.






Табиғи жағдайда автономды өмір сүру

Мақсаты:

- мәжбүрлі автономия жағдайында өмір сүру тәсілдерін түсіндіру;

- алып жүретін авариялық қордың құрамы мен оны дайындау тәртібін түсіндіру

- табиғи жағдайда автономды өмір сүруге белгілі бір дайындық қажеттігін түсінесіңдіру

Автономды өмір сүру - адамның немесе адамдар тобының табиғат ортасында қалып, қиын жағдайға тап болғандағы өмір сүру (аман қалу) әрекеттері. Ол ерікті немесе мәжбүрлі болуы мүмкін.

Ерікті автономия - адам немесе адамдар тобының өз еркімен. белгілі бір мақсатпен табиғи жағдайға ауысып, өз бетінше өмір сүруге көшуі.


Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері

Мақсаты:

- көшеде, қоғамдық және адамдар көп жиналатын орындарда өзін-өзіқауіпсіз ұстаудың негізгі ережелерін түсіндіру;

- өз елді мекендеріндегі қауіпті және қауіпсіз жерлерді білу;

- туындайтын жағдайларды болжай алу.

Жеке бастың қауіпсіздік ережелерін білу және әрдайым абай болу криминогендік жағдайлардың құрбаны болу қаупінің алдын алады. Криминогендік жағдайға душар болған адамға өмірлік маңызы бар нақты ұсыныс айту мүмкін емес, себебі мұндай жағдайлар көптеген факторларға байланысты болады. Сондықтан әрдайым өз қала не аудандарында орын алған қандай да бір оқиға, жайт негізінде қалыптасқан тәжірибеге сүйенген жөн. Қандай да бір оқиғаны талдап, саралаған соң, өзін-өзі ұстауға арналған ережелеріңді жасай аласындар.


Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мақсаты:

-терроризм актісі қаупі кезінде ұстанатын негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;

- күнделікті өмірде антитеррорлық қауіпсіздік шараларын ұстанудың ма ңыздылығы мен мәнін түсіндіру.

Терроризм - адамзатқа қарсы өте қауіпті қылмыс, адамға жасалатын зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің шектен шыққан түрі. Кез келген терроризм актісі қылмыс болып табылады.


Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері

Мақсаты:

- электрондық түрдегі бағалы ақпаратты қорғаудың негізгі ережелерін түсіндіру;

- әлеуметтік желілердегі қауіпсіз қарым-қатынас ережелерін түсіндіру;

- рұқсат етілмеген сыртқы әрекеттерден қорғанудың әдістерін түсіндіру.

Біз ақпараттық ортада өмір сүреміз. Бүгінде компьютерлер, планшеттер, смартфондар, видеодомофондар, әлеуметтік желілер, «бұлттық» ақпарат қоймалары, электрондық күнделіктер, журналдар, байланыссыз төлем сияқты заманауи технологияларсыз өмірді елестету қиын. Жалпы ақпараттандыруды тоқтату мүмкін емес, дегенмен ондағы жасырын қауіптерді елемеуге болмайды.


Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету

Мақсаты:

- алғашқы көмек көрсету ерекшеліктері;

- зақымдану ошағынан зардап шеккен адамдарды эвакуациялау тәртібін түсіндіру;

- дер кезінде көмек көрсетудің мәні мен маңызын түсіндіру.

Адамдардың жаппай зақымдануы табиғи апаттар (жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны) немесе құрамында химиялық қауіпті заттар бар, сыйымдылығы үлкен қоймалардың бүлінуі, немесе атом электр станцияларындағы авариялар, заманауи зақымдау құралдарын қолдану кезінде, немесе терроризм актісінің нәтижесінде болатын техногендік апаттар салдарынан туындауы мүмкін.


Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу

Мақсаты:

- жұқпалы аурулардың негізгі топтары;

- интоксикацияның пайда болу себептері;

- түрлі факторлар әсерінен адам ағзасының улануының белгілері туралы түсінік;

- дер кезінде медициналық көмек көрсетудің мәні мен маңызын түсіндіру.

Жұқпалы аурулардың таралуында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, тұрғындардың экономикалық және мәдени деңгейі, тұрғын үй жағдайлары, еңбек, тамақтану маңызды рөл атқарады. Жергілікті жердегі халық арасында жұқпалы аурулардың жаппай таралуы эпиде мия (індет), ал бірнеше елді және тіпті бүкіл континенттерді қамтитын эпидемиялар пандемия деп аталады.


Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету

Мақсаты:

- адам әртүрлі жарақат алғанда, жүрек қағысы мен тыныс алуы кенеттентоқтаған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

- дәрілік препараттарды пайдалану тәртібін үйрету;

-түрлі жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек кер сету білік-дағдыларын меңгерудің қажеттілігін түсіндіру

Медициналық қобдиша автомобильдегі міндетті жиынтыққа кіреді және жедел жәрдем келгенге немесе зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізгенге дейін барынша қолжетімді шұғыл көмек көрсету үшін қажет. Медициналық кобдишада болатын дәрілік препараттар мен тану материалдары жарақаттанған (қан кету, соғылу, сыну, шығып кету, күйік шалу), жараланған адамға көмектесу кезінде қолданылады. Олардың тізбесі (құрамы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітіледі.




АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушы: С.С. Құрманбеков

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2025
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11