жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ӨМІР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЕН МӘҢГІЛІК ӨМІР
Технологиялық карта №66
Пән:
Өзін-өзі
тану Сағат саны:
2
Сабақтың тақырыбы:
Өмір
құндылығымен мәңгілік өмір
Сабақтың
мақсаты: Адамгершілік құндылықтар туралы негізгі білім
қорын қалыптастыру
Сабақтың
міндеттері:
•
Адам атына сай өмір сүру,
оның әр сәтін ұтымды пайдалану, бағалай білу, өмірді қадірлей білу
туралы түсініктерін кеңейту
• Өз өмірін дұрыс құра білу дағдыларын меңгеру.
-
шығармашылық жұмыстар арқылы белсенділіктерін, мәселені шеше алу қабілеттерін арттыру
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар , таратпа
материалдар, интерактивті тақта әрекетті білдіретін сөздер жазылған қатты
қағаздар, Ақботаның қоржыны
Пән аралық байланыс: педагогика
Сабақ түрі: дәріс, аралас-блок сабағы
Әдебиеттер. Құлматаев С. Абай афоризмдері А.,
1990
Қалиев С. Қ. Қазақтың ой пікірлер антологиясы А., 2000
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері
Шаттық шеңбері. ән. «Ризамын»
-
Өмірдің қия алмайтын бақытты, сәтті де тәтті сәттеріне саяхат жасауға шақыру.
/Ф.Оңғарсынова/
Бұл өмірде
қия алмайтын сәттерім –
жүрегімнен күй арнайтын сәттерім,
таң атқанша достарыммен ән салып,
жанымды орап нәзік сезім, бал шабыт,
сенің әрбір қылығыңды тамсанып, қиялдайтын сәттерім.
Бұл өмірде
рақатқа батқаным —
өзіңді іздеп тапқаным;
жүргендерге жағалай
қауіптеніп, күдіктеніп қарамай -
күлім қағып, пәк көңілді баладай
сеніп жүрген шақтарым.
Ана аңсаған
жас сәбидей тәтті едің,
түнгі сырдай сәттерім!
Бақыт құшып құлпырғандай сары далам,
жүрегімде бұлқынғандай арман - ән,
осы менің өмірімді жалғаған
жыл құсындай сәттерім.
Сабақтың дәйексөзі: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» (Э. Хемингуэй)
Әңгімелесу: жетекші сұрақтар қою,
-
«Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады» деген тұжырыммен келісесіз бе?
-
«Өмір» ұғымын қалай түсінесіз?
-
Сен үшін өмір несімен құнды?
Бейнематериалдар көру. «НордОСТ»
Талдау, сұрақ
-
Бейнематериалдан нені ұқтыңыз?
-
Бейнематериал сюжеті бойынша адам өмірінің мәнін қалай тұжырымдауға болады?
-
Адам өмірін немен өлшер едің?
Оқу ақпараты.
1. Өмір құндылығы
2. Адамның атына лайық өмір сүру
3. Өмірге құштарлық
Өмір- адамның тіршілік ортасында қалыптасатын адам ойы мен іс-әрекетінің көрініс беру, оның өміршеңдігі мына ұғымдармен байланысты: кеше, бүгін, ертең (болашақта)
Өмір дегенің. Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес. Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!
Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.
2. ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ
Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
1. Өзіңді таны – Сократ.
Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.
Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.
Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.
Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.
5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест.
Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.
7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.
Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю.
Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.
Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн.
Шүкір етуді ұмытпау керек!
Ұлылардың өмір туралы пікірлерін талдау, ортақ тұжырымға келу.
Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой.
Фирдоуси
* * *
Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,
Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.
Абай
* * *
Өмірді сүйсең уақытты оздырма – ол тіршілік арқауы.
Венналин Франклин
* * *
Уақыттың босқа кеткеніне оны бағалайтын адам ғана қиналып, қынжылады.
Иоганн Гете
Тагдыр маған берсе деуші ем игі арманын бағбанның,
Өмірді мен бағбандықтан бастасам.
Жалғыз терек орман болмас, ал мен орман өсірсем,
Достарымның жүрегіне орман егіп тастасам...
М. Шаханұлы
3. Өмірге құштарлық. Практикалық тапсырма.
1. Адам қандай жағдайларда мәңгілік өмір сүреді деп санайсыңдар?
/ ұрпағымен, өнегелі ісімен)
Шығармашылық тапсырма:
1 топ: «Өмір құндылықтары»
2 топ: Мәңгілік өмір» қағидаларын құрастырыңыз
3 топ: «Өнегелі өмір» қағидаларын құрастырыңыздар
4 топ: «Өмірдегі өзара үйлесімділік (гармония)
Өмірдің мәні.
Шарты. Берілген тақырып бойынша оқып, ойланып, өзара талқылау, ортақ шешімге келу, ұсыну.
Ұсынылуы:
-
тұжырым шығару (сызблық, кестелік т.б. үлгіде)
-
сурет салу, қорғау
Оқу.
Өмір өнегелері
Оразақын Асқар
Тіршілік пе немене өмір деген?
Шектеле ме жайша күн көруменен?
Бір ұғымға екі сөз неге керек,
Мағынасы бір болса бөлінбеген?
Бар уақытың бос күйбең еншілесе,
Жайын сұрап жанына көрші келсе,
«Тіршілік қой әншейін»,- дейді адамдар,
Өз ісіне көңілі көншімесе.
Еліне арнап еңбегін, дарынменен,
Ерді естісе халқының қамын жеген,
«Нағыз өмір соныкі»,- дейді адамдар,
Жар сап атын ардақтап бар үнменен.
Екеуінде елеулі айырма бар,
Қайсысына ойың бар дайындалар,
Адам болып сүрмесең нағыз өмір,
Алдын ала ойламас жайыңды олар.
Тапсырма: өлеңнің негізгі ойын табу, ой тұжырым жасау.
Гипермәтіндермен жұмыс. 2. ...Өмір деген үлкен той. Адам өкінішін той үстінде емес, той өткен соң айтады. Өкініш кімде болса да қайғы-азапқа апарып соғады. Ал ондай жанды күйзелтер өмір, қараңғы үйде сықсыйған білте шам тәрізді, тек еміс-еміс сәулесі бар, жарқырағанжарығы жоқ. Мұндай күйге ұшыраған кісінің тек арманы ғана жолын көрсетер нұрлы шырағы. Бірақ арман қанша қусаң да жеткізбейтін бір қиял, түнгі от тәрізді, жақындаған сайын алыстай береді. Демек, өмір кейде сырын білмес тентек жылқы секілді, теуіп жібермес үшін қай жағынан келеріңді білмейсің. Жақсылық істеу қиын, жамандық істеу-оңай. Әркімнің-ақ қолынан келеді.Дүнте неге бұлай жаратылған? Ал адам баласы дүниеге бір-біріне тек жақсылық жасау үшін ғана келеді емес пе? Неге адал жолынан таяды? Кей кісілер өмір қызығына аш қасқырдай қомағай, бүлдіргіш жаратылатыны несі? Өмірді неге аямайды, неге мәпелеп құрметтемейді? Бұл шіркін бірақ рет берілген ғой.Ал түлкі тәрізді өзгелерді алдап,-арбап, үнемі рақатта өткісі келетіндер де көп. Бұлар тіпті адалдықтың не екенін білмейді.
І. Есенберлин
3. ..Міне, мен кішкене өмірімді тағы бір тексеріп, әр күнімнің ізіне түсіп отырмын., алыстан бастап дәл бүгінгі күнге жеттім.Көз алдымнан өзіме сонша таныс 20 жылдық өмірім өтті. Біріне-бірі жалғаса келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдімі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі.Бір тізбегі- 8-жылдық бақытты шағың, бала кезің, сосын оқумен өткен 10 жылың, одан кейін- армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім, қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды. Міне, тап бүгінгі түнде, таңертеңгі ұрыс алдында, туған елім мен барлық халқыма, тіпті барлық адам баласына: «Мен өмірден алатын еншімді алғаным жоқ әлі, мен өмірімді қатты сүйемін, мен өмір сүргім келеді!»- деп бар дайысыммен айқайлағым келеді.
Баубек Бұлқышев
4. Өмір- құмырсқаның илеуінде.
Өмір- дүрілдеген күй лебінде.
Өмір-көзге көрінбей өтіп жатқан,
Тіршіліктің тырбанған күйбеңінде.
Өмір-баланың бесігінде,
Өмір-даланың есігінде.
Өмір-еңбек атты құдыреттің
Әкелетін адамға несібінде Сырбай Мәуленов
- Өмірдің күнделікті көріністеріне қараймыз да, жай ғана: "бұл - өмір" дейміз. Ал қағазға басылған әріптерге қарап: "бұл - кітап" дейміз. Екеуі ұқсас сияқты. Біз қағаз бен сия арқылы берілген идея негізінде кітап мазмұнын түсінетін болсақ, өмірдің күнделікті ірілі-ұсақты жақтарын талдау арқылы оның мәнін түсінеміз. Сол себепті өзіміздің не істеп, не қойып жүргенімізді түсінуге тырысамыз.
Тағдырдың алдымызға тартқан қызық та қиын шытырманды жолдары мен мәнді кезендеріне, жарқын белестеріне баса назар аударамыз. Оларға дұрыс талдау жасау арқылы өз өмірімізді құрамыз және өзгерте аламыз. Адам өз өмірін мәнді де мазмұнды өткізсе - бұл оның бақытты ғұмыр кешкені. Осы бақытқа жетуге себеп тағдыр мен оған жасалған дұрыс таңдау болып табылады. Сондықтан да өмір мен тағдыр өзектес деп айтамыз..
Тапсырма. «Менің өмірімнің көкжиегі» білім алушылар өз өмір болашағын, өз мөлшерімен суретке, жазу арқылы, пайыздық өлшеммен суретке көрсетеді.
Тренингтік жаттығу.
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша және жазбаша өз ой-пікірлерін сауатты жеткізуге машықтандыру.
Барысы:
1 кезең- «Өмір» ұғымының синонимдерін табу. Берілген сөздерге мағыналас сөздерді, мысалы: өмір, тіршілік, ғұмыр т.б. және синонимдік қатар құру
2 кезең- «Өмір» ұғымының мәнін анықтау.
3 кезең – жоғарыда берілген халық даналығы мен ұлағатты сөздерден ой түю негізінде өмірдің мәні туралы түсініктерін оқушылардың 5 сөйлеммен жазуы. Бұл кезеңдегі жұмыс мақсаты: оқушылардың мәні туралы өз ойларын жүйелі түрде, дәйектеп жеткізуі, топ алдында жария етуін қамтамасыз ету.
3 тапсырма. Өнегелі өмір сүрген адамдар тізбегін құрастыр
|
Өнегелі өмір сүрген белгілі қоғам қайраткерлері |
Неге оның өмірі өнегелі? |
Қызметі, еңбегі |
өз тұжырымың |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
РЕФЛЕКСИЯ. Үй тапсырмасы. «Өмір» туралы ұқандарым» деп аталатын тапсырманы орындау үшін кестені толтыру.
|
Білемін |
Әлі де білгім келеді |
Білдім |
|
1. 2. 3. |
|
|
«Мәңгілік өмір қағидаты» (идеялар матрицасын құру)
Тақырып бойынша ой қорыту
«Өмірді сүйсең, уақытты оздырма, ол - тіршілік арқауы» деп Б.Франклин айтқандай, өз өміріміздің әрбір сәтін жемісті, пайдалы, қызықты да қуанышты өткізуге талпынуымыз қажет. Өмірдің мәні- үнемі ізденіс, көбірек білуге талпыныс және өз мерзімінде дұрыс шешім қабылдау екенін ұмытпағанымыз жөн. Сонда ғана тағдыр ұсынған қиын өткелдерден сүрінбей өтіп, оның сыйлаған бағын мықты ұстап қала аламыз.
«Жүректен жүрекке» шеңбері
-
Композитор С.Бәйтерековтің ақын Қ. Мырзалиевтің сөзіне жазған «Өмір, өмір» атты әнін үнтаспадан бірге қосылып айту немесе оқу.
-
Арманға жетемін деген мақсат қойған адамның арманы орындалады, ол оған міндетті түрде қол жеіпкізеді, себебі адамның өз өмірін өзгертуге күші ж'етеді: өмірде кездесетін қиыншылықтар, сәтсіздіктер адамды шыңдау үшін, өмір үшін, бақыт үшін, жеңіс пен жүлде үшін күресті ешқашан тоқтатпау қажеттігі туралы ой бөлісу.
Өмір, өмір
Сөзі Қ. Мырзалиевтікі
Әні С.Бәйтерековтікі
Өмір, өмір, өмірдің мәні қандай,
Қайратывды қайраққа жанығандай.
Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда.
Жетер қолың арманға созғаныңда,
Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.
Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа,
Сүрінбеске болады, жаңылмасқа.
Болады шегінбеске, болады жеңілмеске, Өмірің өз қолыңда.
Жүлде дайын жарыстан озғаныңда,
Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.
Болады шегінбеске, болады жеңілмеске,
Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір бар оның өз жұмбағы,
Бақыт үшін қанша жан көз жұмбады.
Арманда кетті қашпа, арманда кетті қанша, Өмірің өз қолыңда.
Өтті қанша бозінген, боздағың да,
Болсын өмір қашан да өз қолыңда.
Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда, Өмірің өз қолыңда
«Өзім туралы» тесті
Бірден жауап беруге асықпаңыз — мүлде қарабайыр көзқарас болуы мүмкін. Беріліп отырған 15 сұрақтың әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап қайтарыңыз. Сонымен...
1. Сіз өзіңізге сенесіз бе?
2.Кей кездерде жағымсыз ой ойлап, түс көретін сәттеріңіз бола ма?
-
Ең алгаш рет өздербестігіңіз бен ауапкершілігіңізді сезінген сәтіңіз есіңізде ме?
-
Кей кездердегі өз мінез-құлқыңыздың нәтижесі неге апарып соғарын алдын-ала біле аласыз ба?
3. Өз өміріңізде алға қойған мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалды ма?
-
Кей кездері не істеп, не қоярыңызды білмейтіндей сезім пайда бола ма?
-
Өз денсаулыгыңызға қарап, алда келе жатқан сырқатыңызды болжай аласыз ба?
6. Өзіңізз ойлап тауып, пір тұтқан ойды ешқашан іске аспайтынын еске алғанда ызаланасыз ба?
7. Барлық жағдайды ой елегінен өткізіп, өз ашуыңызды өзіңіз басу қолыңыздан келе ме?
-
Бір нәрсеге деген көзқарасыңыз өзіңіз ойлағаннан мүлдем өзгеше болып шығатын кездер бола ма?
-
Өзіңізді құрбан етуге дейін бара аламын дейтін ойларыңыз бяр ма?
-
Сіздің уақытыңыз әрқашан жетпей жата ма?
-
Қиын жағдайларды өзгелердің көмегінсіз жеңе аласыз ба?
14. Өмірдің өзгеріп кеткені соншалық, жақсылық пен жамандықтьщ ара жігі қалмады деп ойлайсыз ба?
15. Өзіңізді сынаушы адамның айтқаны дұрыс екенін мойындай аласыз ба?
1,3,5,7,9,11 және 13-сұрақтар үшін «иә» деген жауаптарыңызға, сондай-ақ, 2,4,6,10,12,14және 5-сұрақтар үшін «жоқ» деген жпуаптарыңызга 5 ұпайдан жазып, жалпы есебін шыгарыңыздар.
НӘТИЖЕСІ:
100-150 ұпай: Егер Сіздің жауаптарыңыз шын көңілден шыққан болса, әркім-ақ қызығатын адамсыз. Сіз өмірге икемділігіңізді былай қойғанда, өз мақсат-мүддеңізге жан-жақты лайықты адамсыз. Кез келген жағдайдан шығудың жолын таба аласыз, өзіңізге өзіңіз бағыт беріп, демеуге де, тоқтамға келуге де ерік-күшіңіз жетеді. Тіпті кейбіреулер сіздің кемшілігіңіз деп есептейтін мәселелердің өзі, шынтуайтқа келгенде, Сіздің мықты қасиетіңіз болуы керек.
50-59 ұпай: Сіз өзіңізге ризасыз. Кей кездері өзіңізге сенімсіздік, қанағаттанбаушылық танытасыз. Сондықтан да өз мүмкіншілігіңізді бағалай біліп, өзгеге де, өзіңізге де төзімді больш, «елдің бәріне бірдей жағу қиын» екенін түсіне білгеніңіз жөн.
0-49 ұпай: Сіз неге өзіңізді соншалықты жек көресіз? Сіздің жауаптарыңызға қараганда Сіз өзіңізді мүлде сыйламайсыз. Сіз бойкүйездік пен мойынсұнушылықтың жолына әбден түскенсіз. Мұныңызды ешкім де құптамайды. Өзіңізге басқаша қарап көріңізші, мүлде кездеспеймін деген жағдайларда өзіңіздің биік тұрғаныңызды көз алдыңызға елестетіңіз. Бәлкім, күдікті ойыңыздан сейіліп, еңсеңіз көтерілер, қорқыныш пен қауқарсыздықтан арылып кетерсіз.
9
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген