Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Өмір қымбатсың маған!"

Материал туралы қысқаша түсінік
педагог оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

18ОМ оқушысы

Бауыржанқызы Еркеназ

ЭССЕ

«Өмір қымбатсың маған»

Өмір – адам баласына берілген ең қымбат қазына. Ол қайталанбас, ерекше, қымбат. Адамның өмірі – Жаратқанның сыйы! Бірақ, өкінішке орай, көп адам бұл әлемге не себепті келгені туралы ойлана бермейді. Өзінен кейін саналы ұрпақ қалдыруға ұмтылмайды.

Адамдар қымбат тастарды бағалайды. Сол тасты көзінің қарашығындай сақтайды. Ал күнделікті өмірде қалай өмір сүріп жатқанына мүлдем дерлік мән бермейді. Уақытын бос өткізіп, теледидардың адында жатады. Бір күні сәті түсіп “Бұл өмірге не үшін келдім? Маған өмір не себепті берілді?” деген сауал қойылады. Жарық дүниені көру бақыты бұйырған екен. Оның бекер еместігі сөзсіз. Яғни біздің өміріміздің бір мәні бар. Өмір адамға бір рет қана беріледі. Әйгілі жазушы Островский айтпақшы, оны артымызға қарағанда өкініш болмайтындай етіп сүруіміз керек.

Мақсат – өмірдегі ең басты нәрсе. Ол армандарға ұмтылып, қалауыңды орындау дегенді білдіреді. Ол әр адамда әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, ол міндетті түрде болуы тиіс. Ол жоғары деңгейде, барша адамға пайда алып келетіндей болуы тиіс. 

Адамның не нәрсеге ұмтылатыны маңызды емес. Ең бастысы, ол мақсаты орындалуға лайық екенін білуі керек. Сол кезде ғана оның өмірі мәнді әрі мағыналы болады. Гете айтпақшы, “Пайдасыз өмір өліммен тең”.
Біреулер үшін отбасы құрып, дүниеге сәби әкелу өмірлік мақсаты болуы мүмкін. Ол бар жақсысын балаларына беруге тырысады. Енді біреулері өзін белгілі бір іске арнауды жөн көреді. Мансап жолында ілгерілеп, алға ұмтылады. Ақша үшін емес, адамдардың игілігі үшін осылай жасаса, оның дұрыс бағытта келе жатқаны.

Адамның өмірге не себепті келгеніне бірауыз сөзбен бірден жауап беру қиын. Көптеген философ, ойшыл, жазушылар өмірлерін адамзат тағдырындағы жұмбақты шешуге арнаған болатын. Олардың әрқайсысы өз еңбегінен өмірдің мәнін ұғынды.

Өмірдің мәні сіз үшін неде болса да, оның қымбат екені сөзсіз. Өмір бір-ақ рет беріледі. Сол себепті, оны бос нәрсеге жұмсамаған абзал деп ойлаймын. Бастысы бақытты болыңыз!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.02.2021
891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12