жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өмірде жаман адам болмайды
« Адамгершілік әліппесі»
Мектеп: «Өзін-өзі тану» гимназиясы
Тақырып:Өмірде жаман адам болмайды
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер:жақсылық, мейірімділік,ізгілік
Мұғалім:Бейсебаева Жанар Исатаева Сынып:2 Оқушылыр саны:16
|
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға өмірде жаман адам
болмайтынын дұрыс әрекеті арқылы
ұғындыру.Адами қасиеттер мен
адамгершілікке үйрету. Міндеттері:
1.Жағымды күйге келу: Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! |
Ресурстар: (оқулық, дәптер) |
|
2. Сабақ тақырыбына кіріспе: «Жағымды сөз» тренингі. Балалар дөңгелене отырайды.Жүргізуші оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап: «Айдар,маған сенің аққөңілді мінезің ұнайды» дейді,Айдар «рақмет» деп келесі балаға бұрылып:Фатима,маған сенің әсем күлкің ұнайды» дейді,одан әрі Фатима рақмет айтады да келесі балаға бұрылады.Ең соңында жүргізушіге соңғы бала жағымды сөз айтады. «Жақсылық жасасаң,өзіне қайып келеді» деген сөзбен тренингі аяқтауға болады. |
Сабақ барысын талқылау: |
|
3.Дәйексөз «Адамның ұяты бетінде Адамгершілігі ниетінде» Халық даналығы |
|
|
4.Әңгімелеу Жақсылық пен
Жамандық Адам одан әрі жүре береді. Бір
теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп
тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап
қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,
Жамандық: Ол: |
|
|
4.Рухани-адамгершілік әңгіме -Әңгімеден не түсіңдіңдер? -Қуыршақ қандай қате жасады? -Қуыршаққа қандай кеңес берер едіңдер? -Өздерінің жан достарын барма? -Қуыршақтын қандай нашар қасиеттері байқалды? |
|
|
6. Топтық және шығармашылық жұмыс «Сыпайылық» тақырыбында эссе жазу |
|
|
7.Топпен ән айту Қазақтай ел қайда
Қайырмасы
|
|
|
8.Рефлекция Баяу музыка қойып тыныштық сәтін өткізу.Енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмайықшы.Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс). Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабаққа жақсы қатыстыңдар, жақсы ойлармен бөлістіңдер сол үшін сендерге көп рахмет айтамын! |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген