400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмірді сүйіп, біліммен жарысқан ұрпақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жас ерекшелігіне қарамастан, өмір сүруге деген құлшынысы мен білімге деген талпынысы арқылы көпке үлгі бола білген тұлғалар туралы баяндалады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өмірді сүйіп, біліммен жарысқан ұрпақ

   Аға буын — менің өмірлік мақтанышым. Олардың алға ұмтылған сенімді қадамдары, білімге және өмірге деген құштарлығы — бүгінгі ұрпаққа үлкен үлгі.

    Жанымды ерекше тебірентіп, мақсатымды анықтауға көмектескен тұлғалардың бірі — 76 жастағы хореограф Ерсін Жүсіпов. Жасы — шектеу емес екенін, сүйікті іс — адамды алға жетелейтінін дәлелдеген өзгеше жан.

   Жуырда әлеуметтік желіде өзінің әсерлі биімен көзге түскен Ерсін ағамыз бүгінде де балаларға би үйретуді жалғастырып келеді.

  «Кәсіби биші емеспін, бірақ осы уақытқа дейін көптеген балаға би үйреттім. Отызға жуық шәкіртім бүгінде кәсіби білім алып, түрлі ансамбльдерде еңбек етіп жүр», — дейді Ерсін атамыз.

  Кәсіби биші болмаса да, бұл істі жүрек қалауымен таңдап, шынайы ықыласпен жалғастырып келе жатқан нағыз маман. Ол — көптеген гастрольдік сапарларға шығып, талай мәрте жүлделі орындарға ие болған, мақтануға тұрарлық тұлға.

  Ерсін Жүсіпов — әр адам өзіне ұнайтын, жан тыныштығын сыйлайтын іспен айналысу керектігін дәлелдейтін жарқын мысал. Өйткені сүйікті іс — адамды шын көңілмен еңбек етуге жетелейді. Ал бұл, өз кезегінде, табысқа жетуге жол ашады.

  Ақыл мен білімнің символына айналған, жастың тек сан екенін дәлелдеген тағы бір айрықша жан — Валентина Проскурина.

  Қазіргі таңда ол Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университеттің Заң факультетін бітіріп отыр. Алматылық зейнеткер екі жыл бойы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Екі қала арасында қатынаса жүріп, бірде-бір сабақтан қалмаған. Бұл — оның екінші жоғары білімі.

  Валентина Проскурина — өмірдің белгілі бір жаспен шектелмейтінін, ал білім алуға ешқашан кеш еместігін дәлелдеген тұлға.

   Оның айтуынша:

«Иә, менің мақсатым – білімді заңгер болу. Білім саласындағы жемқорлықпен күрескім келеді, өйткені бұл — елдің дамуына кедергі. Жас дегеніміз — тек сандар жиынтығы. Алдағы уақытта заң бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отырмын».

  Бұл сөздер — арманға жетудің ешқашан кеш емес екенін, ал мақсаттар еңбек арқылы орындалатынын нақты көрсетеді.

  Ендеше, жастық шағымызда өмір сүріп қана қоймай, келешекке мақсат қойып, армандай білейік. Сүйікті істерімізді жарты жолда тастамай, өзгенің сөзіне емес, өз жүрегіміздің үніне құлақ асып, алға қарай нық басайық.

   Өмірді шын жүрекпен жақсы көріп, әрбір сәтті мағыналы әрі естен кетпестей өткізейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 шілде
145
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі