Өмірді тану өзіңді тану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмірді тану өзіңді тану

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сныып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп_113_ Мерзiм_03.09.2019 ж_ №_1_

Тақырып_Өзіңді тану - өмірді тану_

Құндылық_Ақиқат __ Қасиеттер__Мазмұнды өмір, Бағалау_

Мұғалiм _C. Жақыпов_ Класс__9_ Оқушылар саны_______


Сабақ мақсаты:


  • Оқушылардың өмірді тану туралы түсініктерін қалыптастыру


Сабақтың міндеттері:


  • Өмірдің мәні туралы жан-жақты ашу

  • Өмірде мазмұнды өмір сүруіне ықпал жасау

  • Өмірді бағалауға тәрбиелеу


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

Оқушыларды түгендеу, тексеру


2.Тыныштық сәтi. (3 мин)

Тыныштандыру

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...


Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)


3.Үй тапсырмасын тексеру. (9 мин)

Өмірдің мәні


  • Өмірдің мәні неде?

  • Мәнді мағыналы өмір сүру үшін ең алдымен неден бастау керек?

  • Өмірді сіздер қалай бағалап жүрсіздер?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)


«Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,

Ең қиын нәрме - өзіңді-өзің тану»

ӘЛ-ФАРАБИ


  • Қалай түсінесіздер?

  • Өзіңді тану ең қиын нәрсе деп тұр не үшін?



5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Өмір жаңғырығы

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан “А-а-а-а! ” деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: “Сен кімсің?” деп дауыстағанда, Ғаниға:”Сен кімсің?” деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: ” Сен қорқақсың!” – деп  айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: “Сен қорқақсың!” деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: “Әке, бұл кім өзі?” деп сұрады. Әкесі: ” Ұлым, менің сөзіме құлақ сал”, – деді де тауға қарап тұрып: “Мен сені жақсы көремін!” деп айқайлады. Таудан: “Мен сені жақсы көремін!” деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: “Сен әдемісің!” деді. Жауап: “Сен әдемісің!” деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!”



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

Дәптермен жұмыс ұйымдастырылады. Дәптердегі шығармашылық жұмыс орындалады.



7.Топпен ән айту. (3 мин)

Жас өмір

А.Шамкенов

К.Күмісбеков



8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

Өмірдің мәні №2 сабақ оқып келу



9.Сабақтың соңғы сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.02.2019
512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі