Өмірдің мәні неде? Тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмірдің мәні неде? Тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өмір жолы, өмір мәні туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

28.04.2025ж

Бекітемін:

Сыныбы: 10

Уақыты:16.00

Сынып тәрбиешісі: Темирбаева.Г

Тақырыбы:

Өмірдің мәні неде?

Мақсаты:

Оқушы бойына өмірге деген бейімділікті,табандылықты қалыптастыру, қарым -қатынастың маңыздылығын, өмірдің құндылығын сезіндіру. Өмірдің мәні туралы ойлануға мүмкіндік беру. Өзіндік мақсаттар мен құндылықтарды анықтауға көмектесу.

Міндеті:

Рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту

Сынып сағатының түрі:

Тренинг сабақ

Игерілетін дағды:

Айтылым

Ресурстар:

Интерактивті тақта. т,б керекті реквизиттер

Жүру барысы























































































































10 мин







































Соңы (бекіту)



























Соңы (бекіту)














-Баршаңызға сәлем! Бүгін біз ерекше, әрқайсымыздың өмірімізге тікелей қатысы бар маңызды тақырыпты талқылаймыз. «Өмірдің мәні неде?» Алдымен бір – бірімізге күлімсірей қарап, жақсы көңіл – күй сыйлап, сәлем сөздің анасы дегендей амандасып алайық.

І. Бөлім: «Сәлем – сөздің анасы, жылы тілек» деп аталады. ( Әр елдің амандасу салтымен оқушылар амандасып шығады.)

Бүгінгі тренингте әрқайсыңыз өз жүрегіңізге, арманыңызға үңіліп көресіз.

-Ең алдымен тренингтің ережелерімен танысыып алайық.

Тренингімізді бастамас бұрын ережелермен танысып алайық.

? 1. Бір-бірімізді тыңдаймыз
Әр адамның ойы құнды. Біреу сөйлегенде — сөзін бөлмей, зейін қойып тыңдаймыз.

? 2. Пікірлерге құрметпен қараймыз
Біз әртүрлі ойлаймыз — бұл қалыпты жағдай. Сын айтпаймыз, түсінуге тырысамыз.

? 3. Белсенділік — нәтиженің кілті
Қатысу ерікті, бірақ пікір білдіріп, тапсырмаларға араласу – өзің үшін пайдалы.

? 4. Өз ойыңмен ашық бөліс
Дұрыс-бұрысы жоқ. Сенің шынайы пікірің – тренингтің жүрегі.

? 5. Айтылған ой — осы жерде қалады
Жеке пікірлер мен тәжірибелер құпия сақталады. Бұл — сенімді орта.

? 6. Телефон үнсіз күйде
Толық назар — өзіңе және бүгінгі тренингке!

? 7. Көңіл күйіміз – көтеріңкі!
Жылы сөз, күлімдеу, қолдау – бәрімізге әсер етеді

-Егер дайын болсаңыздар бастайық!

ІІ. Бөлім: «Маған не маңыызды?» жылыну жаттығуы

Әр адам өмірде мақсат қоя білу керек. Сол мақсаттарға жету жолында қиындықтар кездеседі, оны жеңу үшін әрекет ете білу керек. Құндылықтар біздің әрекеттерімізді бағыттайды. Адалдық, мейірімділік және әділдік маңызды.

Қазір шағын ойын өткіземіз. Әрқайсыңыз «Мен үшін маңызды ...» деп жалғастырып, өзіңіз үшін ең қымбат нәрсені айтасыз.

(Мысалы: «Мен үшін маңызды - отбасы», «Мен үшін маңызды - денсаулық»)

Барлық қатысушылар жауап берген соң тренер қорытындылайды.

Тренер:

  • Керемет ! Көріп отырғанымыздай, әр адамның өзіне тән құндылықтары бар. Бұл өмірдің мәнін түсінудегі алғашқы қадам.



ІІІ. Бөлім. Ми шабуылы. «Өмірдің мәні неде?»

Тренер.

-Енді бәріміз бірігіп ойланайық. «Өмірдің мәні неде?» деген сұраққа әркім қандай жауап береді.

(Тақтаға қатысушылардың жауаптары жазылады. Тренер бағыттап сұрақтар қояды:

  • Өмірдің мәні бақытта ма?

  • Өмірдің мәні табыста ма?

  • Өмірдің мәні қызмет етуде ме?) т.б.

Барлық жауаптар жиналған соң тренер қорытындылайды.

Тренер:

  • Керемет! Әрқайсыңыздың пікіріңіз, көзқарастарыңыз өте ерекше әрі құнды.

Сергіту сәті.

IV. Бөлім. «Менің арманым» армандар картасын құрастыру.

(Әр қатысушыға армандар картасы парағы беріледі. Сол картаға өз фотоларын жапсыру арқылы армандаган суреттерін алып жабыстырып өз арман карталарын құрады.)

V. Бөлім. «Өмір жайлы 7 ақиқат»

Тренер: бейнероликті тамашалап болған соң, өз ойымызбен бөлісейік.

  • Не ұнады?

  • Бұл бейнеролик сізге не ой салды? – деп сұралады.

VI. «100 жастағы мен» жаттығуы

(Қатысушылар көздерін жұмып, тренердің бағыттаымен қиялға беріледі. «Сіз 100 жасқа келдіңіз. Өміріңізге қарап отырсыз. Нені мақтан тұтасыз?, неден өкінесіз?, кімге көмектестіңіз? Не нәрсе сізге өмірдің мәні болды?» Кейін 3-4 минут ой бөлісіп, 1-2 адам өз ойымен бөліседі.)

VII. «Өмір туралы дәйексөздер» жаттығуы

(Әр қатысушыға өмір жайлы дәйексөз жазылған қағаз беріледі. Мысалы:«Өмір – велосипед тәрізді: тепе – теңдікті сақтау үшін алға жүру керек». – А.Эйнштейн)

  1. «Өмірдің шын мәні – күресте, мақсатта, тәртіпте.» М.Момышұлы

  2. «Өмір – өзен сияқты: бір орында тұрмайды, үнемі ағады.»

Халық мақалы

  1. «Өмір дегеніміз – күрес. Күрес болмаса, өмірдің мәні жоқ» М.Әуезов

  2. «Өмір деген – сынақ, әрбір сәтің үшін жауаптысың.»

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

  1. «Өмірдің қызығы – бірлік пен татулықта» Қазыбек би

  2. «Өмірді санамен сүрсең – ғұмырың мәнді өтеді» А.Құнанбаев

  3. «Өмірдің мәні- елге пайда келтіруде» А.Байтұрсынұлы

  • Бұл дәйексөзбен келісесіз бе?

  • Өз өміріңізге қалай байланыстырасыз?

Қорытынды.

1.Рефлексия: «Қызықты болды....», «Ұнады....», «Сұрақтарым бар .....»

Тренер: «Өмірдің мәні – әркімнің өз жүрегінде. Біреу үшін ол – отбасы, біреу үшін ол – арман, біреу үшін – игілік жасау»

- Бүгінгі тренингтен қандай ой түйдіңіздер? Бір сөйлеммен немесе бір сөзбен айтып өтейік.

Тренер қатысушылар пікірлеріне қысқаша тоқталып, тренингті қорытындылайды.

2.Қоштасу: (Музыкамен бірге жылы қоштасу)

- Бүгін әрқайсыңыз өз өміріңіз туралы тереңірек ойланып көрдіңіздер. Есіңізде болсын: Өмірдің мәні әркімнің жүрегінде жасалады. Әр күннің қадірін біліп, өз армандарыңыз үшін әрекет етіңіздер!

- Өмір – бұл сұрақ емес, бір жол. Бүгін сіз сол жолға бір қадам жасадыңыз. Рақмет!














































  1. «Өмірдің шын мәні – күресте, мақсатта, тәртіпте.» М.Момышұлы







  1. «Өмір – өзен сияқты: бір орында тұрмайды, үнемі ағады.»

Халық мақалы











  1. «Өмір дегеніміз – күрес. Күрес болмаса, өмірдің мәні жоқ» М.Әуезов





  1. «Өмір деген – сынақ, әрбір сәтің үшін жауаптысың.»

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы











  1. «Өмірдің қызығы – бірлік пен татулықта» Қазыбек би





  1. «Өмірді санамен сүрсең – ғұмырың мәнді өтеді» А.Құнанбаев





  1. «Өмірдің мәні- елге пайда келтіруде» А.Байтұрсынұлы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2025
180
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі