400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

"Өмірге салауатты қадам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі




«Бекітемін»

директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары _______ Г.Әмірбекова

«__» ________ 2024ж.










Өмірге салауатты қадам

(топ сағаты)





Тобы:3МДТ-21б\б

Топ жетекшісі:Таумурунова Г.Е.




















2024-2025 оқу жылы

«Өмірге салауатты қадам»

Уақыты: 18.11.2024ж.

Куратордың аты-жөні:Таумурунова Г.Е.

Тобы: 3УНО-22 Қатысқандар саны:15 Қатыспағандар:1

Мақсаты :«Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру; 
 студенттердің бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
 
Сабақтың көрнекілігі
: оқушылардың газеттері, түрлі -түсті қағаздар, жіп және т.б.

Сабақ түрі:  топ сағаты.

Сабақ әдісі: Интерактивті,баяндау,сұрақтар арқылы.

Ресурстар:Интербелсенді тақта, бейнебаян, презентация, т.б.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жиынның басы 8 минут

Ортасы 27 минут

Сабақтың жүрісі


І.Ұйымдастыру кезеңі.

1Студенттермен сәлемдесу;

2. Студенттерді түгендеу;

Сәлеметсіздер ме! Сіздерді топ сағатында көргеніме қуаныштымын. Сіздердің көмегіңізбен бүгінгі сабағымыз жақсы өтетініне сенімдімін

Біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
 Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
 Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

-Енді біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 

ІІ. Топ студенттерін екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
 
1- топ «Денсаулық». Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
 2- топ «Салауат».
 Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
 2. Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 

ІІІ. Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:


І -Мақал-мәтелдер жарысы. ІІ-Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. 

ІІІ -Мимикалық ойын (Крокодил)

ІV -Сұрақ-жауап


І. Мақал-мәтелдер жарысы.«Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен 5 мақал-мәтел айтады денсаулық, ас-дәм, сергектік,тазалық туралы


1.Денсаулық зор байлық.

2.Тазалық — саулық негізі.

3.Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық

4.Аурудың алдын ал.

5.Демі бардың емі бар.

6.Көзің ауырса, қолынды тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

7.Көкірек ауру күле кетер.

8.Ауру аздырады,

Суық тондырады.

9.Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

10.Ауру батпандап кіріп,

Мысқалдап шығады.

Мақал-мәтелдің жалғасын тап:

1.Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.

3.Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

5.Ауру желмен келіп, термен шығады.

6.Сырқат - тән жарасы,

Қайғы - жан жарасы.

7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

8.Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

9.Демі бардың емі бар.

ІІ. Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды 1-ші топ: Денсаулықты нығайту жолдары. (спорт,шынығу,таза ауада серуендеу жақсы тамақтану т.б.)

2-ші топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. (Темекі,нашақор,арақ, және т.б.)


ІІІ. Мимикалық ойын:

  1. Темекі зиян екенін көрсету.

  2. Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.

  3. Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.

  4. Таза ауада серуендеу.

ІV. Сұрақ-жауап:

I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?
 
II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?
 
Ортақ сұрақ қою: Сенің жан досың бар. Бірақ оның араласатын достары есіркі,арақ,темекі шегетін ортамен араласады, сенің ойын қандай және сен ол досыңмен ара қарай араласасыңба әлде сен оған кеңес бересіңбе.

Ойларыңызға рахмет . Дұрыс шешімдер қабылдап шықтыңдар деп ойлаймын.
ІV Бекіту:
 Тренинг «Денің сау болсын десең...» 
 Бір оқушы «Денің сау болсын десең...» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды. 
 
V. Жиынның соңы 5 минут

1.Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.


2.Оқушыларды денсаулығына ұқыпты қарауға, дұрыс өмір салтын ұстануға шақыру.

Қорытынды:

  • Денсаулық – әр адамның ең басты байлығы.

  • Салауатты өмір салтын сақтау – өз қолымызда!

  • Студенттерді денсаулығына ұқыпты қарауға, дұрыс өмір салтын ұстануға шақыру.

✅ Өмірге салауатты қадам – бақытты болашақ кепілі!


Келесі сабақта кездескенше, сау-саламат болыңыздар!


Рефлексия

Кері байланыс

«Мен бүгін не үйрендім?» әдісі арқылы студенттердің ойын білу.

«Салауатты өмір салтын сақтау үшін 3 негізгі ережем» жазу.


Хаттама

Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі

Отырысы: 408 кабинет

Тобы: 3МДТ-22-б/б

Барлығы: 16 студент

Қатысқандар: 15 студент


Күн тәртібінде:

1 «Өмірге салауатты қадам»(топ сағаты)


Тыңдалды:

1.« Өмірге салауатты қадам »( топ сағаты)

2.Студенттер өз ойлары мен пікірлерін ортаға салып, талқылады.



Шешім:


1. «Өмірге салауатты қадам »атты топ сағаты «жақсы» деп табылсын.




Жиналыс төрайымы: Таумурунова Г.Е.

Жиналыс хатшысы: Нұрымхан Т.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі