"Өмірі өнегемен өрілген Аққұмдық ардагер"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өмірі өнегемен өрілген Аққұмдық ардагер"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өмірі өнегемен өрілген АҚҚҰМДЫҚ АРДАГЕР" Қызылорда қалалық "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері 28 сәуір күні Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінде ақын, жазушы, қажы "Ұлмекен", Атадан қалған асыл сөз", "Перзент парызы", "Жүрек сезімі", Өмір белестері" кітаптарының авторы Ұлбала Меңліқарақызымен "Ақылды бейсенбі" өткізді. Сексенге келген шағында заманауи технологияларды меңгеріп, ІТ әже атанған жас ұланның жанашыры: "Тәрбиенің тірегі-кітап" екенін баса айтып, үлгілі ата-ана болудың бірден-бірі жолы ол "өзіңді тәрбиелеу" балаңды емес өзіңді тәрбиеле, бала естігенін емес, көргенін жасайтынын еске салып, ең маңызды дүние, ата-ана алдындағы ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗДЫ ұмытпау деді. ЖАС ҰЛАНДАР өмірі өнеге мен өсиетке толы әжеміздің есті әңгімесі мен парасатты пайымын тыңдап, рухани азық алып, әжеміздің ақ батасын арқалап қайтты.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қызылорда қалалық «Жас Ұлан» ұйымы

Ақын, жазушы, қажы Ұлбала Меңліқарақызымен өтетін

«Өмірі өнегемен өрілген АҚҚҰМДЫҚ АРДАГЕР» атты

«Ақылды бейсенбі» жобасының жүргізілу бағдарламасы


  1. Сағат: 9.00-9.30 Қатысушыларды тіркеу

  2. Сағат: 9.30-10.00 Ұлбала Меңліқарақызын күтіп алу

  3. Сағат: 10.00-11.00 Ұлбала Меңліқарақызының өмірбаянымен танысу, шығармашылық жолы, ата- ана, отбасы турасындағы әңгімелесу, пікір алмасу

  4. Сағат: 11.00-11.15 «Жас Ұлан» ТІМЕ қонағымызға арналған сұрақтар

  5. Сағат: 11.15-11.30 «Өмірі өнегемен өрілген АҚҚҰМДЫҚ АРДАГЕР» апамызға арнау

  6. Сағат 11.30-11.40 Қорытынды

  7. Сағат: 11.40-11.50 Естелік суретке түсу




Ұлбала апамызға қойылатын сұрақтар



  1. Өзіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіз

  2. Кітап жазу, жазушылық қырыңыз қай кезден бастап байқала бастады?

  3. Кітап жазудағы негізгі ой мен мақсатыңыз?

  4. Ата- ананың тағылымды тәрбиесі бала болашағының берік іргетасы, ата- ана тәрбиесі туралы ойыңыз?

  5. Бала тәрбиесіндегі отбасы институтының маңызы қандай?

  6. Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта алатын ұрпақтарды тәрбиелеуде қандай жұмыстар жасалу керек?

  7. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуына ілесе алу үшін, неден бастауымыз керек?

  8. Сіздің жас ұрпаққа айтар өсиетіңіз?



























Ұлбала Меңліқарақызына «Жас Ұландық» арнау



Ізгілікке серік етіп еңбекті,

Өнегенің жолын апа өрлеттің.

Асыл сөзін аталардың ардақтап,

Ұлағатпен ұрпақтарды тербеттің.



Жасыңыздан жақсылыққа құмартып,

Өміріңіз келеді мол жүк артып.

«Өмір белестері», «Жүрек сезімі»,

Жайды ұғынтқан мағыналы мың артық.



«Перзент парызы» кітабыңыз келісті,

Тыңдаушыға сыйлады үлгі өрісті.

Әже «Ұлмекен» қиын шақтар сәтінен,

Тарих етіп таныстырды көп істі.



Асыл апа Сіз данасыз жаны-құт,

Келе жатқан көпке өнеге танытып.

ІТ әже атанумен қамқор боп,

Жүрсіз көпке демеушілік танытып.



Көкжиденің қуат ап құм, тасынан,

Қабылданып қатарына Жас Ұлан

Атан-ананы ұлықтауды үйретіп,

Табылдыңыз тектілердің қасынан.



Сыйлап сәуле мейірімді жүзіңіз,

Жол ұсынған көпке көркем ізіңіз.

Данамыз деп, дарамыз деп сыйлайды,

Сізді апа әрбір ұл мен қызыңыз!













Құрметпен Қызылорда қалалық «Жас Ұлан» ұйымы

Арнаудың авторы: Рахметулла Жолтаев

28.04.2022 жыл







Ой түрткі

  1. Кітаптары туралы сұрау;

  2. Өзі сексеннің сеңгіріне шықсадағы Ата- ананы ұлықтап жүрген сүйіспеншілік, мейірімділік, перзенттік парызы ;

  3. Барлық кітаптарына ортақ дүние адами құндылықтар, туыстық қарым- қатынастар, та- анаға баланың қызметі, өнегесі;

  4. Апаның өмір тәжірибесінен келер ұрпаққа жол көрсетуші бағдаршам секілді, жас ұландарға жол көрсетуші тұлға;

  5. Сіз Жазушыданда, ақыннан да өтіп Ел анасына айнала білдіңіз

  6. Жомарттық бар жоққа қарамайды, байқауларға демеушілік жасай білетін жүргеі кең, жанашыр жан;

  7. 80- ге келсе де заман ағымына ілескен креативті ІТ әже, 80 ге келген шағында компьютерді меңгерген, кітаптың мұқабасына мазмұнына тікелей басшылық жасайды;

  8. Құндылыққа бағытталған тәрбиені насихаттап, таза адамгершілік, ұлттық құндылығымыздың бастауы, ұландарға жаны ашитын жол бастаушы

Әкесі жайлы

Әкесі Нұрқожаев Меңліқара 1898 жылы Көкиде ауылында дүниеге келген. 1917 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына қосылып, Түркістандағы Совет үкіметін құруға белсене атсалысқан. 1922 жылы елге келіп, төрт ауылды қосып, «Көкжиде колхозын» құрған. Осы колхоздың алғашқы басшысы «Преседатель» болып қызмет атқарған. Осы колхоздың дамуына аянбай тер төккен. 1928 жылы асқан бай Бедердің қызына үйленген, Әкесін байбұлақтың қызын алдың деп басшылықтан түсіріп тастаған. Одан кейінгі өмірінде осы колхоздың әртүрлі саласында қызмет атқарған. 1942 жылдың 14 қаңтарында Тереңөзек әскері округі бойынша соғысқа алынған. Соғыста Ленинград майданында жаяу әскер атқыштар батальонында №348 атқыштар дивизиясы 1172 атқыштар полкінде соғысқа қатысқан. Көкжиде колхозының тұрғыны Меңліқараға ағайындас туыс болып келетін Ералы Түменбаев және Құрбан деген кісілермен бірге соғыста болған. Ол кісілердің айтуынша взвод командирі болған екен. Соғыста атака кезінде бізден оқ бойы алда келе жатқан болатын еді. Бір кезде оқ тиді де, артына қарай берді де шалқалап құлап түсті. Біз жүгіріп келе жатып өз бас киімімен бетін жаптық. Басқа қарайлауға бізде уақыт жоқ болатын деді. Мені соғыстан көргенде 1943 жылы 28 ақпанында қаза болған. Денесі Ленинград облысы, Залчук ауданы, Ходынья деревнясы мен Ловант өзенінің аралығында жерленген. Боздақтар кітабынан 1994 жылғы 300- бетінде Ұлбаланың өз әкесіне арнап шығарған «Көкеме» өлеңі жарияланған.














Жүнісова Ұлбала Меңліқарақызы

Өмірбаяны



Жүнісова Ұлбала Меңліқарақызы 1942 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. «Бұрынғы Тереңөзек ауданы Көкжиде ауылында» қазіргі Жалағаш ауданы Аққұм ауылы.

Ұлбала осы Аққұм ауылында орта мектепті бітіріп, Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылық техникумын есепші маманы бойынша оқып, ойдағыдай бітіріп шыққан.

Еңбек жолын хозмат-1 облосной ДОСАФФ-та, обл исполкомда және обл книгаторгта есепші болып қызмет атқарып, осы мекемеден зейнетке шыққан. Оралбай Жүнісов пен тұрмыс құрған. 6 перзент сүйген. Балаларының барлығы жоғары білімді, әр салада қызмет атқарып жатыр. Ұлбаланың өзі балалары мен немере шөберелерінің ортасында ақ әже болып отыр.

Ұлбала жасынан әуесқой өлең жазып газеттерге мақала беріп жүрген, бірақ арнаулы кітап шығарылмаған. Ұлбаланың алғаш кітап жазуына, себепші анасы болған. Анасы Ұлмекен төркіндерімнен ешкім қалмады, бар арманы солар жайлы естелік жаздырсам деген арманы болған екен. Бұл өтінішті анасы тірі кезінде орындауға мүмкіндігі болмаған, Ұлбала ол кісі дүние салған соң алғашқы кітабы «Ұлмекен» атты кітапты жазған. Бұл кітап «Арыс баспасынан» 2009 жылы шыққан. Бұл кітапта Ұлмекеннің бастан кешкен қайғы қасіреті, қиын тағдыры, суреттеледі. Осы кітапты жазып отқанда кішкентайынан бағып, асыраған әжесінің рухына арнап «Сырдың сазы Салихасы» атты өлең жыр жазып кірістірген. Ондағысы әжесінің рухын еске алу екен. Әжесі Салиха түсіне кіріп, кеудесі ғана көрініп аяқ жағы көрінбеген. Бұл түсті Ұлбала бір өлеңмен шектелдің бе дегендей болып әжем ренжіген болар деп ойлаған.

Сонымен екінші «Перзент парызы» атты кітабын шығарған. Бұл кітапта әжесі Салиха мезгілінде суырып салма ақын, әнші және күйші де болған тума талантты кісі екен. Бар арманы ішінде кеткен тума талант қазақтың қызының алдында бас иген. Кітап Астана қаласы қазіргі Нұр-сұлтан қаласы «Астанабланк» издательствасынан шыққан.

Үшінші кітабы «Атадан қалған нақыл сөз» атты кітабы 2011 жылы Қызылорда «Полиграфия» баспа үйінен шыққан. Бұл кітапта Ұлбаланың жолдасы Оралбайдың әкесі Желдірбайұлы Жүніс жайлы бұл кісі 1876 жылы туылып, 1976 жылы 100 жасқа келіп дүние салған. Бұл кісі өмірінде бұрынғы бай-болыстардың атқосшысы болып, солардан тәлім-тәрбие алған. Көргені көп көсем кісі болатын, ақыл парасаты, ұстамдылығы, кішіпейіл адамгершілігі, елге сөзін тыңдата алатын қадірлі кісі болған. Ол кісінің айтқан нақыл сөздері, түгел болмаса да арасында еске түсіретін Ұлбала осы кітапқа түсірген. Атасына деген құрметі ерекше болған.

Төртінші кітабы «Өмір белестері» атты кітабы Қызылорда «Полиграфия» баспа үйінен шықты. Бұл кітапты Қазақстан бойынша кітапханаларға тегін таратылған. Бұл шығармасында Ұлбаланың барлық өмірі сөз етіледі.

Ұлбаланың бесінші кітабы «Жүрек сезімі» кітабында Ұлбаланың бала күнгі арманы әке туралы жыр жазу болған екен. Ұлбаланың әкесі соғысқа кеткеннен кейін ұл туды деп әкесіне хабар берген. Әкесі соғыста жүріп ұлының есімін Бекзадабек деп қойған. Арманы ұлын бір көру болып өткен. Оны ол кісімен бірге соғыста болған ағайын жерлесі Ералы мен Құрман әкеме оқ тигенде бетін жапқанын және қасында қатар жүргенде арманын айтқан.

Мен соғыстан кейін сол кісілерден есіттім дейді. Ұлбала әкесінің рухына мәңгілік бас иіп өту перзенттік парызым деп біледі. Ұлбала жайлы бірнеше мақала газеттерге жарияланған. «Ақмешіт ақшамы» газетінің №6 10 ақпан 2011 жылы «Сырдың қаламгер бір қызы» атты мақала шыққан. «Ұстаз мәртебесі» газетінің 9 сәуір 2013 жылы «Ұстазды ұлық деп айтса артық болмас» деген мақалада Ұлбаланың жүрекжарды ықыласы ұстазға деген алғысы айтылады. 2018 жылдың 16 маусымында «Ақмешіт ақиқаты» газетінің №11 «Жаңа кітап – жан азығы» атты мақалада Ұлбаланың «Өмір белестері» атты кітабы жайлы мақала жарияланды. «Ақмешіт ақиқаты» газетінің №12 30 маусымында 2018 жылы «Ұлпанның ұлағаты» атты көлемді мақала жарияланды. Бұл Ұлбаланың отбасы ағайындары, туыс- туғандары Ұлпан деп айтатындығы. Ұлбаланың кітаптарында туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік, отан сүйгіштік ұрпағына өсиет өнеге шынайы сезімін көрсете білген.

Ата-анасының басынан кешірген қиын- қыстау кездері қайғы- мұңын өз жүрегінен өткізгендей.

Әкеге деген сағыныш, әр шығармасында кездесіп отырады.



Кітаптары:

  1. «Ұлмекен» Алматы 2009 жыл

  2. «Перзент парызы» Астана қаласы қазіргі Нұр-сұлтан қаласы «Астанабланк» издательствасы

  3. «Атадан қалған асыл сөз» Қызылорда 2011 жыл

  4. «Өмір белестері» Қызылорда 2018 жыл

  5. «Жүрек сезімі» Қызылорда 2021 жыл

Атадан қалған нақыл сөз

Бұл шағын кітаптың авторы Ұлбала Меңліқарақызы: «Мен марқұм ата-бабаларымыздың әруақтары алдындағы перзенттік парызымды орындап, өзіме сездірілген аян-нышанмен олардың рухына қызмет жасап жүрмін. Мынау еңбек сол тылсым күштің құдіретінің жемісі», - дейді ағынан жарылып. Ия, осынау шексіз-шетсіз байтақ әлемнің бір білмейтін құпиясы көп-ау. Десекте, төл кәсібі жазу-сызудан тым алшақ кешегі келіннің бұл игі шығармашылық қадамы өзіне тән асыл адамгершілік қасиетімен бірге ата-анаға деген терең құрмет, ал ұрпағына деген шынайы сүйіспеншілік сезімінен туындап жатқандай...

Өмір белестері

Асылында, осы қолдарыңызға тиген кітаптың авторы мамандығы бойынша есеп-қисаптың адамы, яғни, төл кәсібі қаламгердің ауылынан аулақ. Әйткенмен, алмас кездік қап түбінде жатпас дегендей , Ұлбала апаның тал бойына әу бастан тәңір сыйлаған талант ақыр соңында бүр жарды. Бүгінде ол үшін бірдейй жыр кітабын баспадан шығарып үлгерген.

Ал мынау еңбектегі өлеңдері сезімтал жанның сезім иірімдерінен өріліп, көңілдің нәзік пернелерін тербейді. Түрлі тақырыпты қамтиды. Оның ішінде өмірдің өзіне айналған әзиз ана махаббаты ерекше дараланып тұрса, адами қарым-қатынастар, туған жерге деген сүйіспеншілік айырықша сөз болады. Өйткені оның өзі де Ана. Сонымен қоса кітапта өз ортасында Ұлпан аталып кеткен ұлағатты апамыздың өткен қиындығы мен қуанышы қатар жүрген өмір жолы, анасы, әжесі және аталарынан алған өнегесі жайлы өрелі ойларға толы жазбалары кестеленген.

Ұлмекен

Бұл кітапта репрессияға ұшыраған Бедер және оның отбасынан өрбіген 18 қыздан қалған Ұлмекеннің тағдыры баяндалады. Кітаптың аты сондықтан «Ұлмекен» деп аталады. Кітап желісі Ұлмекеннің өмірімен өріліп отырады. Шығарма тілі оқуға жеңіл және хикаяларға толы.

Жүрек сезімі

Бұл кітап Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылының тұрғыны болған «бұрынғы Көкжиде» азамат соғысының ардагері, Отан соғысының құрбаны бұрынғы Көкжиде колхозын құрып, сонда алғашқы преседателі болып қызмет атқарған әкесі Нұрқожаев Меңліқараның рухына арналған.

«Жүрек сезімі» аттты кітабында кешегі Ұлы Отан соғысынан қайтпаған әкеге деген перзентінің сағынышы және жыл, ғасыр өтсе де олардың бейнесі биіктей беруі айқын және ұрпақтар есінде мәңгі сақталады.

Ұлбаланың бұдан бұрнғы шығармалары «Ұлмекен», «Перзент парызы», «Атадан қалған сөз», «Өмір белестері» атты кітаптарында кешегі өткен дәуірде өмір сүрген қазақ халқының тыныс-тірлігі бастан кешкен қиындықтары сол заманда өмір сүрген әйел тағдыры еш өзгертусіз өз өмір сүрген қалпында бейнеленген. Бұндағы мақсаты қазіргі және келер ұрпақтың өткенін ұмытпай Ата-Тектің рухына тағзым етіп бс ие білсін деген.

Бүгінгі мынау бейбіт өмірдің құнын білсе екен деген тілек. Кітап тілге жеңіл, кітап оқырман қауымға арналған.



















«Жас ұландық жанашыр» Сыр ұландарымен кездесті.

#ЖАСҰЛАННЫҢЖҰЛДЫЗДЫЖЫЛЫ

#АҚЫЛДЫБЕЙСЕНБІ



"Өмірі өнегемен өрілген АҚҚҰМДЫҚ АРДАГЕР"



Қызылорда қалалық "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері 28 сәуір күні Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінде ақын, жазушы, қажы "Ұлмекен", Атадан қалған асыл сөз", "Перзент парызы", "Жүрек сезімі", Өмір белестері" кітаптарының авторы Ұлбала Меңліқарақызымен "Ақылды бейсенбі" өткізді.

Сексенге келген шағында заманауи технологияларды меңгеріп, ІТ әже атанған жас ұланның жанашыры:

"Тәрбиенің тірегі-кітап" екенін баса айтып, үлгілі ата-ана болудың бірден-бірі жолы ол "өзіңді тәрбиелеу" балаңды емес өзіңді тәрбиеле, бала естігенін емес, көргенін жасайтынын еске салып, ең маңызды дүние, ата-ана алдындағы ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗДЫ ұмытпау деді.



ЖАС ҰЛАНДАР өмірі өнеге мен өсиетке толы әжеміздің есті әңгімесі мен парасатты пайымын тыңдап, рухани азық алып, әжеміздің ақ батасын арқалап қайтты.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2025
126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі