Өмірімнің бір күні – шабытымның тәтті жыры.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өмірімнің бір күні – шабытымның тәтті жыры.

Материал туралы қысқаша түсінік
Күздің соңғы күндеріндерінің бірінде шабыт іздеген желі қолданушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Семей қаласы

М.О.Әуезов атындағы

педагогикалық колледжі

ІV курс студенті

Мулькбаева Ақерке



Өмірімнің бір күні – шабытымның тәтті жыры.

(эссе)

Күз. Сары алтыннан жасалған сарайда жүргендеймін. Күллі дала үлкен бір патшалық іспеттес. Өзімді патшалықтың ханшайымындай сезініп, сұлулығына көз тойғысыз, жанға рахат, көңілге тыныштық сыйлайтын бақта серуендеп жүрмін. Күздің ең ұнайтыны – салқын ауасы мен әр тамшысын періштелер алып түсетін жаңбыры. Далада ақырын ғана үзіліп жатқан хош иісті жапырақтардың балғын иісі, бұлттардың ерекше пішіндерімен көмкерілген аспан және қара суық өңменінен өтіп бара жатқан жұмыр басты пенделер. Жүрегім махаббатқа толып тұрғанда күздің суығы мені жаурата қоймас. Көкке көз тастасам, қанатты тіршілік иелері жылы жаққа бет алып, туған жерден жыраққа кетіп барады екен. Мен олармен іштей қоштасып, ақ жол, сәтті сапар, көктемде қайта аман қауышуымызды тілеп қала бердім.

Жылдың қай мезгілі болмасын сұлу, әрқайсысы өзінше ерекше, әсерлі, сырлы және құпия. Мен үшін ең тәтті шақтарға толы болған ай – қазан айы.

Айдың алғашқы күндері еді. Әдетімше ең ерекше сыйлық іздеу үстіндемін. Сыйлық алғанға қарағанда оны шынайы ілтипатпен жақыныма сыйлаған қаттырақ ұнайды. Шабытымның осы жолғы нәтижесін мейірімділік пен әділдіктің үлгісі деп білетін жанға арнадым. Дәл осы айда жарқын жүзді, періштедей пәк, аузын ашса жүрегі көрінетін, әрқайсымызға аналық қамқорлықпен қарайтын үлкен жүректің иесі дүниеге келді. Бойында осындай адами қасеттері тұнып тұрған жан – қымбатты ұстазым. Туылған күні жақындаған сайын қобалжып, не сыйларымды білмей сарсаңға түстім. Ұстазыма тек өзіне арналып жасалған зат лайық деп шештім. Сөйтіп құрметтіме арнайы өзі үшін жасаған бұйымымды сыйға тарттым. Анамдай болған жан қатты қуанды, ерекше бір сүйкімділікпен жымиып қана алғысын білдірді. Сол кезде көрген көрініс әлі күнге дейін көз алдымда, мәңгі жадымда сақталады. Басқа адамдардың ойы маған маңызды емес. Себебі, кино іспеттес өмірімнен басты рөл алатын жандардың қуанышынан артық, бақытынан қымбат ештеңе жоқ. Сол ардақты жанның мен үшін қаншалықты қымбат екенін өлең шумақтарымен жеткізейін:

Мейірімі мен жылы жүзі жаздай жылу береді,

Әлемде жоқ ондай адам, дара боп туған себебі.

Ол енгелі өміріме құлпыра түсті айналам,

Ұстаз болсам дәл сіздей, маған сол ғой керегі.

Рас-ау, мен өз ісінің нағыз шеберіне шәкірт болғалы бері қатты өзгердім. Өмірге жаңаша көзқараспен қарап, басқа қырынан сүре бастадым. Болашаққа жасаған алғашқы қадамым ойымдағыдай болмағандықтан өмірден түңіліп, жабырқап, жүрегім жұмысын тоқтатып бара жатқандай болды.Тасқа айналып бара жатқан жүрегімді мейірімнің титтей ғана ұшқыны жібітіп, бойымда өзгеше бір сезім, қабілет және күш пайда болды. Сезімім – барлық адамды, тіпті маған қырын қарайтындарын да жақсы көретінім, қабілетім – жанымның бөлшегіне айналған жандарға ерекше үлгіде сыйлық тарту ете алатыным, ал күшім – екі кеменің басын ұстап жүре алуым. Екі кеме деп отырғаным – ақылымның жетістігі мен жүрегімнің қалауы, яғни білім алу мен шығармашылық. Ал менің мотивация алатыным – ұстазымның бір ауыз сөзі. Адамға тау қопаратындай күш беретін де, өмірден түңілдіретін де – бір ауыз сөз. Қадірлі ұстазымды әділ болғаны үшін, жаңашыл болғаны үшін, ештеңеге қарамастан сергек, күлімдеп жүретіні үшін, білім теңізінен адастырмай, дұрыс жол көрсетіп келе жатқаны үшін, мені жаңа қырымнан ашқаны үшін және өмірімде бар болғаны үшін қатты жақсы көремін, сыйлаймын, үлгі аламын, анаммен тең көремін.

Биылғы күз ұмытылмас сәттер мен өзгерістердің айы болды. Санамнан өшпес, ойымнан кетпес, тәтті естеліктердің мекеніне айналған өмірімнің он тоғызыншы күзі – жылылық пен сүйіспеншілікке толы кезең болды.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі