400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Өмірзая 11-сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 11-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Заман шындығы

Мектеп:

Сынып : 11ЖМБ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы

«Өмірзая» романы және менің шығармашылығым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;

11.3.1.1 Шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты

«Өмірзая» романы бойынша алынған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану, шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолданады;

  • Тақырыбы ұқсас шығармалармен салыстырады;

  • Шығармаға тарихи және көркемдік ерекшелігі тұрғысынан баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

Б.Мұқай шығармашылығы

Сабақ барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі

(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау, топқа бөлу)

ІІ.Қызығыушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=Qatg1a0QET0&t=1754s

02: 05:00- ге дейін көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын/ негізгі мақсаттарын тұжырымдап дәптерге жазып алады.


Оқушылардың назарын сабаққа аудару



https://www.youtube.com/watch?v=Qatg1a0QET0&t=1754s



Сабақтың ортасы













ІІІ. Мағынаны тану

1 тапсырма Топтық жұмыс.

1 топ

Ұрпақтар алшақтығы: әке мен баланың мақсат-мүддесі, өмірлік ұстанымына байланысты туындаған келіспеушіліктер көрінетін эпизодтарды (Мұсахан, Алдияр, Қуат, Ес ақсақалдар мен балалары) мысалға келтіріп, заман көрінісіне баға беріңіздер.


2 топ

Мына эпизодты шығармадан тауып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңыз: бүгінде өзектілігі бар мәселе ме?

- Жетпіс жеті жыл ғұмыр кештім. Біздің ғұмыр құлдықпен өтті. Өмір – зая... Ұлыиіс деген жалғыз немерем бар. Қазақпын деуге намыстанады. Ол – менің болашағым. Бөтен. Мен де оған бөтенмін... Жатпын.


3 топ

«Соғыс: сөнген шоқ, өшкен арман»: қазақ ерлерінің басқа елдегі соғыстарға қатысуы туралы автордың көзқарасы қандай?


4 топ

Келесі үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Бұл мәселе бүгінгі таңда шешімін қалай тауып жатыр:

Əй, əділетсіз өмір-ай!– деп күйіне сөйледі жігіт пəтеріне қарай кетіп бара жатып. – Ата-бабамның қаны сіңген ұлан-ғайыр мекеннен алақандай жер тимеді-ау бізге. Əлі күнге көрінгеннің есігінде жүрміз.

Дескриптор:

  • эпизодтардағы заман көрінісін бүгінгі өмірмен байланыстырады;

  • шығармадағы заман көрінісіне баға береді;

  • пікірін мысалдармен дәйектейді.


Тапсырма. Тарихтың шындығы кез келген әлем әдебиетінде кездеседі. Шығарманың әлем әдебиеті үлгілерімен үндестігі осында. Бүгінгі сабақта біз «Өмірзая» шығармасының басқа шығармалармен ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталатын боламыз.

Сабақ «Блум таксономиясының» 6 сатысы бойынша жүргізіледі.

1.Білу сатысы. Шығарма тақырыбы мен мазмұнына шолу жасау:

Шығарма тақырыбы......

Шығармадағы тарихи кезең....

2. Түсіну.Автор идеясы....

3.Қолдану.Шығармашылық жұмыс

2-тапсырма.Ж/ЖЖ

Берілген шығарманы мазмұны ұқсас шығармамен салыстырыңыз.

3-тапсырма.Ж/ЖЖ

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы неде? Ойыңызды дәлелдермен көрсетіңіз.

4.Талдау.ТЖ Шығармадағы қоғамдық мәселелерді талқылаңыз

5.Жинақтау. Шығарманы қазіргі өмірмен байланыстырыңыз.

6.Бағалау.  Шығарманың көркемдік ерекшелігіне, заманмен үндестігіне өзіндік көзқарасыңызды білдіріп,баға беріңіз.

Дескриптор:

  • Шығарма мазмұнын түсінеді;

  • Автор идеясын талдайды;

  • Шығармадағы заман шындығын анықтайды;

  • Шығарманы ұқсас шығармамен салыстырады;

  • Көтерілген мәселені талдайды;

  • Өмірмен байланыстырады;

  • Шығармаға өзіндік көзқарасын білдіреді.

Ойтолғаныс

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына «ПОПС» формуласы арқылы баға береді.

П – (ұстаным) позиция;

Т – түсіндіру (дәлелдеу);

Ф – мысал (факті);

П – пікір.

Оқушылар топпен жұмыс жүргізеді.




Оқушылар шығарма үзінділерімен жұмыс жүргізеді.
























Оқушылар Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындайды.






























Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына «ПОПС» формуласы арқылы баға береді.























ҚБ





































ҚБ




«Өмірзая» романы

Сабақтың соңы


Кері байланыс «3-2-1»

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект


Үй тапсырмасы

Өмірзая (роман) - Баққожа Мұқайдың орыс-совет кезеңіндегі халқымыздың рухының жанышталуы, құлдық сана туралы жазылған романы.

Баққожа Мұқайдың романы XX ғасырдың 80-жылдардағы қазақ идеясы турасында. Шығарма кейіпкері егер қазіргі заманда өмір сүрсе қоғамдық пікірі өзгерер ме еді? Ойыңызды 180-200 сөз көлемінде эссе түрінде жазып келу



Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  4. Сабақ жоспарында қ

    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    38 ұстаз жүктеп алған
    14.11.2023
    1081
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі