жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
он жетінші қарасөз
Бөлім: |
І бөлім: Өлең – сөздің патшасы |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
|
|
Күні: |
|
|
Сынып: 10
|
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Он жетінші қарасөз |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру; 10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау; |
|
Сабақтың мақсаты |
Шығармадан алынған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыруа алады. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындай алады. |
|
Құндылықтарға баулу
|
-ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;
-әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу; -тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау. |
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Білім алушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басталуы 5 минут
Сабақтың ортасы 5 минут
8 минут
7 минут
8 минут
7 минут
Сабақтың соңы 5 минут
|
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Сергіту сәті «Өкпені еріту» жаттығуы Ойтүрткі
Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар – сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естелік, мемуар да емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар – Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді. МұхтарӘуезов
1. «Ғақлия», қарасөз деген ұғымдарды қалай түсінесің? 2.Абайдың қарасөздерді жазуына не себеп болды екен? 3. Абайдың қарасөздерін неліктен адамзаттың рухани азығы дейміз? Тақырыптық ақпарат Он жетінші қара сөз Абайдың адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары «Он жетінші сөзінде» (1893 ж.) де айқын ашылады. «Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті». Осы қасиеттердің барлығын Абай пәлсапалық ой түйіндеу арқылы ғылымға төрелік айтқызады. «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаса», аяғына бас ұрып, табынатын қасиетті адам сол екенін ескертеді. Бірақ үшеуі ала болып, басы бірікпеген жағдайда тым болмаса жүрегіңді таза сақта, құдайшылық, яғни мейірбандық сонда деген түйін жасайды. Адам баласы өмірге келгенде әр түрлі мінезбен келеді. Егер тәрбиесі дұрыс болмай, теріс ақыл үйренсе, бойындағы қайратына ие бола алмай, жамандыққа бой алдырса, бір мезгіл жүректі тыңдау керек деген ой тастайды. Өйткені ақыл мен қайрат жүре пайда болады, қолмен ұстап, көзбен көруге келмейді, бұлар – абстрактілі ұғымдар. Ал жүректі сезіне аласың, дүрсілін естисің, суретін көресің. Жүрек – сенің жаратылыстағы қалпың.
Бейнекөрініс арқылы он жетінші қарасөзді тыңдау. https://youtu.be/gZH9Tihq1dY
1-тапсырма Топтық жұмыс Берілген қарасөздердің тәрбиелік мәні неде? Ойшыл Абай дүниенің кілті туралы не деген? Он жетінші қарасөздің мазмұнын баяндаңдар.
Ғылым
Ақыл Қайрат
Жүрек
Әділдік пен жауапкершілік құндылығы бірін бірі бағалайды. 2-тапсырма Қарасөздің мазмұны бойынша төмендегі кестені толтыр
Жұптық жұмыс А.Құнанбаевтың «Он жетінші қарасөзінен» алынған үзіндідегі өзекті мәселені ғаламдық тақырыппен байланыстыр.
...Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті. -Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. - Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. - Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті КОМИКСПЕН ЖҰМЫС
Бірлік және ынтымақ құндылығы Бірге жұмыс жасайды.
3-тапсырма(оқулықтан) Қарасөздің мәнін ашатын білім, өнер туралы бес мақал-мәтел жазыңдар. Үлгі: 1.Өнер — қанат, білім — санат. 2. Өнерлі ел налымас, өнерсіз ел жарымас.
САБАҚТЫ ҚОРЫТУ Сәйкестендір вордвол Мағжан Жұмабаев сөзімен қорыту
Рефлексия |
«Өкпені
еріту» жаттығуы ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз. Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз.
Әр топ өзіне берілген үзінділердің мазмұнын баяндап, тәрбиелік мәніне талдау жасайды.
1. Қайраттың айтқаны 2. Ақылдың сөзі 3.Жүректің айтқаны 4. Ғылымның төрелігі
Қарасөздің мазмұны бойынша берілген кестені толтырады.
А.Құнанбаевтың «Он жетінші қарасөзінен» алынған үзіндідегі өзекті мәселені ғаламдық тақырыппен байланыстырады. Мысал келтіреді.
Қарасөздің мәнін, мазмұнын ашатын мақал-мәтелдерді жазады.
Рефлексияда сабақтың әсерлі тұстарын айта отырып, нені меңгергенін сараптайды. Қиналған тұстарын, меңгере алмаған тұстарын жеткізеді.
|
Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Асық арқылы бағалау Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. (9-10 балл) Тәйке (тауа) – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. (7-8 балл) Бүге (бүк) – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. (4-6 балл) Шіге (шік) – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие. (1-4 балл)
Дескриптор Білім алушы -шығарманың мазмұнын баяндайды, -тәрбиелік мәнін сипаттайды. -мысал келтіреді.
Дескриптор Білім алушы -кестені толтырады, -шығарманың мазмұнын негізге алады.
Дескриптор Білім алушы -үзіндідегі өзекті мәселені анықтайды; - ғаламдық тақырыпты көрсетеді; - өзара байланыстырады
Дескриптор Білім алушы -тақырыпқа қатысты білім,өнер туралы мақал-мәтелдер жазады, -мағынасын түсіндіреді.
|
Оқулық 10-сынып
ОҚЫТУДА ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫ НАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы 2019
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген