Материалдар / «ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТІЛІГІ: ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТІЛІГІ: ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістік оқыту шеберінің педагоикалық құзыреттілігін дамыту және жетілдіру, басқару мен модуль арқылы өзгеріске қол жеткізу мән-мәтінінде, колледж білім алушыларының нәтижелеріне ықпал етуі халықаралық педагогикалық қоғамда айтарлықтай қызығушылық тудырып отырғанын, білім беру саласындағы саясатты қалыптастырушылардың, халықаралық көрсеткіштер негізінде білім алушылардың нәтижелеріндегі алшақтықты азайтуға арналған амал-шаралары, сондай-ақ білім алушылар нәтижелерін жақсартуда колледж басты рөл атқарады деген пікір қалыптасып отыр осы курс барысында. «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреті: дамыту және жетілдіру» курстың ең басты мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтау, стратегиялық ресурстармен қамтамасыз ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2021
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТІЛІГІ: ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ»


Лайық Айдана Әміржанқызы

Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі, өндірістік оқыту шебері




Өндірістік оқыту шеберінің педагоикалық құзыреттілігін дамыту және жетілдіру, басқару мен модуль арқылы өзгеріске қол жеткізу мән-мәтінінде, колледж білім алушыларының нәтижелеріне ықпал етуі халықаралық педагогикалық қоғамда айтарлықтай қызығушылық тудырып отырғанын, білім беру саласындағы саясатты қалыптастырушылардың, халықаралық көрсеткіштер негізінде білім алушылардың нәтижелеріндегі алшақтықты азайтуға арналған амал-шаралары, сондай-ақ білім алушылар нәтижелерін жақсартуда колледж басты рөл атқарады деген пікір қалыптасып отыр осы курс барысында. «Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық құзыреті: дамыту және жетілдіру» курстың ең басты мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтау, стратегиялық ресурстармен қамтамасыз ету.

Студенттердің өндірістік оқуда қабілеттерін арттыруға әртурлі әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдарды пайдалану жолдарын іздестіріп, сабақ жоспарына шығармашылық түрғыдан қарау – бұл сапалы білім берудің жолдары болып табылады. Дегенмен де, әр шебердің өзінің сабақ өткізу барысында жеке-тәсілдері болады. Өндірістік оқыту сабақтарында дамыта оқыту технологиясын пайдалану – бұл баланың табандылығын, мәселені шешу құзіреттілігін, өз күшіне сенімділігін, өз бетімен жұмыс істеуге құштарлығын дамытады. Осы орайда ең алдымен сабақты бастамастан бұрын студентпен жағымды ахуал туғызу, яғни, қандай да бір әдіс, ойын арқылы назар аударын қамтиды. Бұдан студенттің ынтасы мен ойлау қабілеті жетіледі. Өндірістік оқыту сабағы дегеніміз – теориядан алған білімдерін өндірістік оқуда пайдалану арқылы тәжірибе жинақтау. Егер өндірістік оқу шебері өзінің тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісуге тырысқанымен, студенттің қызығушылығы болмаса, оқу сапасы туралы сөз болуы мүмкін емес. Өндірістік оқу шеберінің өндірістік оқыту сабағындағы негізгі мақсаты – қызығушылығы мен ізденісін ояту арқылы және ойлау, дамыту қабілеттерін ашу, өз бетінше шешім қабылдай білуіне, орындай білу мүмкіндігін ашу. Ол үшін өндірістік оқыту шебері сабаққа алдын-ала тақырыпқа байланысты қажетті материалдар мен құрал-сайманды дайындап, жаңа технологиялық жетістікпен байланыстыру үшін іздену қажет. Өндірістік оқыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды кезеңдерден тұрады.

Модульдік бағдарламада оқыту мен оқу жоспарын жоспарлау, үйлестіру және бағалау, шеберлердің білім алып, дамуына ықпал ету және тікелей қатысу, қолайлы орта құру керектігі айтылған. Ал өндірістік оқыту шеберінің негізгі міндеті әріптестеріне жаңа идеяларды сынақтан өткізуге және өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталындыруға көмектесу. Өндірістік оқыту шеберінің білімін шыңдауға негізделеді. Шеберлер арасындағы ынтымақтастық, жетілдіру мен өзгерудің қажетті серігі және оның тиімділгін арттырушы фактор екені анықталған. Шеберлер топтағы бірлескен жұмыста өзара ынтымақтастықпен, сенімділікте «Қалай оқыту керек? Нені оқыту керек?» жайлы маңызды мәселелерін және қандай кедергілер кездесетіні, оларды қалай жою керектігі туралы білдік.

Қазіргі уақытта барлық колледждерде модульдік оқу үрдусіне тәжірбие жүріп жатыр. Шеберге ықпал ететін негізгі салалар:

  • шебердің кәсіби өсуіне ықпал ету;

  • барлық шеберлер үшін тәлімгерлік пен коучинг өткізу және ұйымдастыру;

  • шебердің кәсіби дамуын жоспарлау;

  • командалық жұмыс пен бірлескен оқуды ұйымдастыру.


Модульдік технологиямен оқытуға тән ерекшелік – модульдегі басқару қызметі өзін-өзі басқару қызметі және өзін-өзі бағалау қызметімен алмасады. Оқыту процесінің дамуына қарай оқтушы оқытуды тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кеңесші және координатор рөлін көбірек атқаратын болады. Оқытуды басқару біртіндеп көзге білінбейтін, жабық түрдегі басқаруға айналады.

Модульдік оқытуға мынадай тәуелділік тән: оқытудың ақсатына – жеке тұлғаның шығармашылық дербестігін қалыптастыруға – теориялық жалпылау деңгейінде оқытудың мазмұны арқылы білім алушылардың репродуктивті, продуктивті іс әрекетін іске асыратын әдістердің көмегімен қол жеткізеді.

Енді, алдағы практикада осы үйренген әдіс-тәсілдерді колледждің даму жоспарын құру және нәтижелі қолдану, шебердің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізумен қатар әріптестеріміздің жаңаша оқыту бойынша көзқарастарын қалыптастыра отырып, кәсіби біліктіліктерін дамытуға ықпал ету жауапкершілігін тиімді жүзеге асыру басты міндет болып табылады.

Өндірістік оқыту сабақтарында өздігінен жұмыс жасауды ұйымдастыру үшін мына факторлар болу қажет : оң мотивацияны құру, білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауын ұйымдастыру кезінде алгоритмдерді қолдану, тапсырмаларды іріктеу кезінде жеке көзқарасы, жұмыстың әртүрлі кезеңінде кеңес беру, ақпараттық технологияларды қолдану.

Өзіндік жұмыстың мәні мынада: шебердің тікелей қатысуынсыз студенттің өзі орындайды, бірақ шебердің тапсырмасымен, басқаруымен және бақылауымен жүргізіледі.

Осылайша өндірістік оқыту сабақтарында жауапкершілік сезімін дамыта отырып, студенттерге өмірлік маңызды құзіреттіліктерді, мамандыққа деген сүйіспеншілікті дарыту қажет.

Жастарды оқытатын шебердің үлгілі жұмысы, өзінің білімін және тәжірибесін үйретуі, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруы оларға үлкен әсерін тигізеді. Педагогтың жас маман жұмысшыларды тәрбиелеудегі еңбегі адамдардың іс-қимылындағы негізгі жауапкершілік болып табылады.

Сондықтанда өндірістік оқыту шеберіне көптеген талаптар қойылады:

Идеялық-саяси дайындығы. Қазіргі заман талабына сай маманды қалыптастыру, шебердің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі жоғары болады. Оның барлық жұмысы жастарды өз Отанын сүюге, достықты сезінуге, жолдастыққа, ұжымдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеуге, мақсатына берілуге, еңбекке саналы қатысуға бағытталады.

Барлық іс-қимыл кезеңінде шебер бірбеткей, таза өз ісіне берілуі тиіс. Ол ғылыми және кәсіби білімін үздіксіз толықтырып отырады. Ол үшін өз бетімен оқып-үйренуі қажет.

Өз ісін терең білуі және мамандыққа сүйіспеншілігі. Шебер өз пәнін толық білмесе, өз ісіне сүйіспеншілігі болмаса, оқушылар арасында беделге және сыйластыққа ие бола алмайды.

Шебер әртүрлі тиімді оқыту әдістерін меңгеріп пайдалануы, өз пәні жөнінде шеберлігін көрсете білуі керек.

Өндірістік оқыту шебері оқушылардың үлгерімін және сабақтарға қатысуын үнемі бақылап отыруы (оқу жұмыстарының орындалуы, ұқыптылығы, өз бетімен үй тапсырмаларын орындауы), оқушылардың жалпы дамуын, тәртіп ережелерінің орындалуын, оқушыларды қоғамдық оқиғаларға бей-жай қарамауын, міндеті мен жауапкершілігін сезінуін, тазалыққа, қарапайымдылыққа еркіндікке тәрбиелеу (шешімді болуы, батылдығы, ынталылығы, табандылығы, т.б.), оқушылардың материалдық – тұрмыстық жағдайын біліп отыруы қажет. Шебер осы байқауларды есепке алады, оқушы істерінің жақсы және кемшелік жақтарын белгілейді, кемшіліктерінің себебін анықтап, әрбір оқушының оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жақсарту шараларын жүргізеді. Әрбір оқушыға педагогикалық мінездеме жүргізу шеберге оқу-тәрбие процесін саралап отыруға мүмкіндік береді және жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасайды.


Өндірістік оқыту шебері – оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу сабақтарында шебер оқушыларға жаңа технологияларды меңгертуде, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!