Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру" тақырыбындағы мектеп мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп

Қысқа мерзімді сабақ жоспары №9

Бөлім:

5.3A Мәтінді есептер

Педагогтің аты-жөні:

Курмангалиева Л.С

Күні:

18.01.23

Сыныбы: 5 а

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.5 ондық бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақтың мақсаты:

ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

ондық бөлшектерді оқу және жазуды үйрену, оларға берілген есептерді шығару


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

2 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

8 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1. Қандай сан жай бөлшек деп аталады? Мысал келтір.

2.Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:

4. Мына сандардың арасынан бөлімі 10; 100; 1000 болатын сандарды теріп алыңыз. Бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

8 мин.




Тақырыпқа байланысты мысалдармен танысады.

Жеке жұмыс

7 мин

Математикалық диктант

1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:

а) жиырма бес бүтін оннан үш;

ә) үш бүтін жүзден он алты;

б) нөл бүтін мыңнан он үш;

в) нөл бүтін мыңнан бес

2. Ондық бөлшекті жазыңдар:

а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз;

ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті.

Оларды аралас сан түрінде жаз.

3. Сандардың оқылуын жазыңдар:

а) 0,4; ә) 2,04; б) 0,41; в) 2,004



Дескриптор:

- Ондық бөлшектерді жазады

-Оларды аралас сан түрінде жазады

- Сандардың оқылуын жазады

Жалпы - 12 балл


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Жұппен жұмыс

8 мин

Оқулықтан есептер шығарады.

716.

І. 1) 0,7 2) 0,19 3) 0,317 4) 0,501

ІІ. 1) 1,1 2) 7,18 3) 24,09 4) 9,813

ІІІ. 1) 2,3 2) 5,7 3) 6,49 4) 3,419

ІV. 1) 5,07 2) 3,07 3) 4,174 4) 5,013

724.

І. 1) 0,06 2) 0,17 3) 0, 303

4) 7,007 5) 0,099 6) 0,008 7) 0,0705

ІІ. ) 40,4 2) 5,05 3) 9, 806 4) 6,006 5) 2,3709

ІІІ. 1) 3,07 2) 9,001 3) 16, 302

4) 27,018 5) 42,006 6) 77,0315

Дескриптор:

- ондық бөлшек түрінде жазады.

Жалпы - 34 балл


ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Жеке жұмыс

5 мин

Тест жұмысы

1. Ондық бөлшекті анықта

а) 12,05 в) с)

2. 420,12 санының бүтін бөлігін тап

а) 12 в) 42 с) 420

3. 23,53 санының бөлшек бөлігін тап

а) 23 в) 53 с)100

4. ондық бөлшек түрінде жаз

а) 0,421 в) 4,121 с) 4,21

5. 10,17 бөлшегіне тең бөлшекті анықта

а) 10,017 в) 10,170 с) 1,17


Дескриптор:

- ондық бөлшек түрінде жазады.

Жалпы - 5 балл


Жауабы:

1. А

2. С

3. В

4. С

5. В


ДК экраны

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

2 мин

Бекіту сұрақтары:

  1. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?

  2. Бөлімі 10; 100; 1000; ... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?

  3. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?

  4. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?

  5. Үш бүтін мыңнан он жеті саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.

  6. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 10,23 санына тең бөлшекке мысал келтір.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Барлығы:51 балл

33-тен төмен балл-5

33-42 балл-6-7

43-51 балл-8-9-10


Үйге тапсырма:

717 және №718 есептер




Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2025
67
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі