жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы |
Ондық бөлшектер |
|
Мектеп атауы |
|
|
Пән мұғалімі |
|
|
Сынып |
5 |
|
Қатысқандар саны |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.1.1.13 Ондық бөлшек ұғымын меңгеру; 5.5.2.5. Ондық бөлшекті оқу және жазу. |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Ондық бөлшек ұғымын меңгереді. Басым көпшілігі: Ондық бөлшектерді оқи алады. Ондық бөлшекттерді жаза алады. Кейбір оқушылар: Шамалардың мәндерін ондық бөлшек түрінде жазады. |
|
Оқу дағдыларының деңгейлері |
Білу. Түсіну. Қолдану |
|
Бағалау критерийі |
Ондық бөлшектің оқылуын және жазылуын біледі. Бөлшектерді ажырата алады,түсінеді. Есеп шығаруда қолданады. |
|
Тілдік мақсаттар |
1. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атауларын ауызша айтады; 2. Ондық бөлшектердегі оқу және жазудағы маңыздылығын түсіндіреді; 3. Практикада және ауызша түрде ондық бөлшекті сипаттай алады. Пәндік лексика және терминология: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, үлестер, разрядтар |
|
Құндылықтарға баулу |
1.Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру; 2. Өз ойларын сауатты түрде жеткізе білуге баулу. |
|
Пәнаралық байланыс |
Жаратылыстану ғылымдары , экономика |
|
Алдыңғы білім |
1. Жалпы бөлшек ұғымын біледі. 2. Жай бөлшектерге амалдар қолданады. 3. Жай бөлшекттерді ондық бөлшекке айналдыра алады. 4. Жай бөлшек пен ондық бөлшектердің айырмашылығын біледі. |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі :«Мозаика» қиындылары бойынша оқушыларды 3- топқа бөлу. Мақсатқа бағытталған топ, деңгейлік топ. Оқушылар математикалық терминдер арқылы өздері ат қояды. Мысалы: дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан |
Үлестірмелі Карточкалар, стикерлер |
||||||||||
|
Психологиялық жағымды ахуал тудыру: оқушылар бір-біріне тілек айтады |
|
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Өткен материалдарды қайталау және жүйелеу. Үй тапсырмасын тексеру |
|
||||||||||
|
|
1.тапсырма: «Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша сұрақтар қою: 1. Ондық бөлшектің дегеніміз не? 2. Ондық бөлшектің ашылу тарихы туралы не білесіңдер? 3.Ондық бөлшек қалай жазылады? 4. Бірліктен де кіші разрядтардың атауларын атаңдар? Қалыптастырушы бағалау түрі: «Мадақтау» Сен жарайсың! Қанағаттандым, Сенің мүмкіндігің алда. 2. тапсырма: 1- топқа Оқылуы мен жазылуына байланысты қиынды әкелу. «Математикалық диктант» 1. Нөл бүтін жүзден он жеті; екі бүтін мыңнан үш жүз он бес; тоғыз бүтін мыңнан екі жүз жеті; 2. Бөлінділерді ондық бөлшек түрінде жаз: 21:10; 119:100; 893:10; 4911:1000; 627:100; 517:10; 891:100. 2-топқа: Разрядтары бойынша қосылғыштарға жіктеу: Мыс: 2,817; 8,3617; 25,84259 3-топқа: Бөлімдері 10, 100, 1000 т.с.с. болатын разряд бірліктерін ондық бөлшек түрінде жазу. 836,175284 ондық бөлшегіндегі 1/ ондық үлесті; 2/ жүздік үлесті; 3/мыңдық үлесті; 4/он мыңдық үлесті; 5/ жүз мыңдық үлесті; 6/ миллиондық үлесті атаңдар. «Джигсо» әдісімен оқушылар бір-біріне түсіндіреді. /15 мин/ 3. тапсырма: «Ойлан, жұптас, топтас, бөліс» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту А тобына: Дұрыс бөлшек түрінде жазыңдар: 0,3; 0,516; 0,88; 0,01; 0,402; 0,91; 0,5; 0,171; 0,803. В тобына: Аралас сан түрінде жаз: 7,3; 9,21; 14,79; 4,09; 15,038; 8,027; 25,401 С тобына: 1. Шамалардың мәндерін ондық бөлшек түрінде жаз: 1/ метрмен: 5м8дм; 4м31см; 8дм; 2/ кг есебімен: 14кг 5г; 8 кг 351г; 12 кг 29г; 15 кг 3г. 3/ доллармен: 5 дол.61 цент; 17 дол.35 цент; 4 дол.53 цент. 2.Сыныпта 10 ұл, 15 қыз оқиды. а/ ұлдар барлық оқушылардың қандай бөлігін құрайды? ә/ қыздар барлық оқушылардың қандай бөлігін құрайды? Бөлшекті қысқартыңдар және оны ондық бөлшек түрінде жазыңдар. Дескриптор: 1. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады; 2. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыра алады; 3. Ондық бөлшекті аралас сан түріне келтіре алады. 4. Есеп шығаруда қолдана алады.
|
Сұрақтар жазылған қағаз қиындылары
Слайдта жазылған диктант
Деңгейлік тапсырмалар
|
||||||||||
|
Сабақтың соңы
|
Сабақты бекіту. 4 тапсырма «Серпілген сауал» әдісі:
Бағалау «мадақтау» Сен кереметсің! Қанағаттандым Сенің мүмкіндігің алда
Кері байланыс : БББ кестесі /білемін, білгім келеді, білдім/
|



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген