жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы.
Сабақ жоспары №90
|
5.3В - бөлім Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану.
|
Қ.Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 22.01.2020 жыл |
Темірғали Зарина Ержанқызы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 «Б» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы мен жазылуы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру; 5.5.2.5 ондық бөлшектерді оқу және жазу; 5.1.1.14 ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну. Мысалы, 1,3 және 1,30. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге үйрету. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
- ондық санау жүйесінің көптеген математикалық санау жүйелерінің бір баламасы екенін түсінеді; - үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер ұғымын біледі. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Пәнге қатысты лексика мен терминология: - бүтін бөлік, бөлшек бөлік; - ондық бөлшек; - үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; - үтірден кейінгі таңбалар саны; - ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Сіз бұны қайта түсіндіре аласыз ба? Маған тағы да көрсетіңізші? Неге осылай жасап жатырсыз/жасадыңыз? Қалай / жасап жатырсыз/жасадыңыз? Бұл жауап қалай шықты? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Танымдық қызығушылыққа, ұқыптылық, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Фильм көрсету арқылы тақырыптың өмірмен байланысы көрсетіледі. Тапсырма мазмұны арқылы география пәнімен байланыс жүзеге асырылады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Басы |
І. Ұйымдастыру «Өмірмен байланыс»
Мақсаты: Ондық санау жүйесінің көптеген математикалық санау жүйелерінің бір баламасы екенін түсіну. Сипаттама: Бұл фильмде ондық сандарға кіріспе беріледі және қолдануға анағұрлым қолайлы келетін басқа негіздер тұрғанда, неліктен біздің 10 негізін қолданатынымыз туралы айтылады. Оқушы қызметі: фильмді тыңдап «Біз неге ондықтармен санаймыз?» сұрағына жауап беру. Бағалау: Фронтальды сұрау арқылы оқушылардың жауаптарының дұрыстығына көз жеткізу. |
h |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
«Сақина ойыны» Мақсаты: бөлімдері 10,100,100 болатын бөлшектерді ажырату Сипаттама: Мұғалім қызметі:оқушыларға бөлімдері 10,100,1000 болатын жай бөлшектер мен аралас сандар жазылған кестелер таратады.
Мысалы:
Оқушы қызметі: қос-қостан ортаға шығып, жұп құрайды. Бағалау: мұғалім оқушылардың бөлімдері 10,100,1000 болатын сандарды ажыратуын қадағалайды. Қате жауаптар талданып, түзетіледі. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы |
«Проблемалық ахуал тудыру» Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшек ұғымын өз беттерімен фронтальды жұмыс арқылы қалыптастыруларына проблемалық жағдай туғызу арқылы жағдай туғызу Сипаттама: Разрядтар кестесін қарастырып, бірнеше сұрақтарға жауап берейік:
Сұрақтар:
Қорытынды: бірлікті бір разрядқа оңға жылжыта отырып біз әр жолдағы сәйкес санды 10 есе кеміттік және біз осы амалды соңғы бірліктер разрядына жеткенге дейін жүргіздік. Сұрақ: Ал бірді 10 есе кемітуге бола ма? Жауап : Әрине!
Проблема: Бірақ біздің разрядтар
кестесінде ол сан үшін әзірге орын жоқ.
Ойланыңдар:
Иә, бірлікті тағы бір орынға
оңға жылжытуға болады. Дәл солай, келесі жолда да
орындаймыз: Енді разрядтарға атаулар енгізейік: ондық, жүздік, мыңдық үлестер, т.с.с., бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі. Мұғалім қызметі: сұрақтар қою арқылы оқушылардың алдына проблема қойып, оны шешуге бағыттау. Оқушы қызметі: сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру Бағалау: мұғалім белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтайды, қате жауаптарды өзге оқушылардан сұрау арқылы түзейді. |
презентация |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
«Ондық бөлшектерді кесте арқылы оқу» Мақсаты: Оқушылардың ондық бөлшектерді кестені пайдаланып оқуға жағдай туғызу,ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін ажырату, ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. үлестер ұғымдарын ажырату; ондық бөлшектерді оқу дағдысының қалыптасуына жағдай жасау. Сипаттама:
Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады. Мысалы: 5,128, мұндағы 1, 2, 8 цифрлары –ондық таңбалары Оқылуы: бес бүтін мыңнан бір жүз жиырма сегіз. Мұғалім қызметі: Кесте бойынша оқушыларды ондық бөлшектің бүтін және бөлшек бөлігі, ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. үлестер ұғымымен таныстырады; ондық бөлшектерді оқуға бірнеше мысал келтіреді. Оқушы қызметі: Кесте бойынша жұмыстанады және бірнеше ондық бөлшектерді жұпта оқиды. Бағалау: Жұпта бір-бірін дайын жауаптар бойынша тексереді.
«Ондық бөлшектерді жазу» Сандарды кестені пайдаланбай қалай жазуға болады? Ол үшін бізге оның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлуіміз керек болады. Оларды бөлу үшін үтір немесе нүктені қолдану келісілген. Біздің елімізде үтірді пайдаланады, ал АҚШ тағы басқа елдерде нүктені пайдаланады. Сонымен ондық бөлшектер былай жазылып оқылады: 2,3 немесе 2.3 Оқылуы: екі бүтін оннан үш Жазылуы: екі, үтір, үш немесе
екі, нүкте, үш Ереже: Егер санды жазуда үтір не нүкте қолданылса оны біз ондық бөлшек түрінде жазылған дейміз. Қысқаша ол сандарды ондық бөлшектер дейді. Ескерту: Ондық бөлшектер сандардың жаңа түрі емес, сандарды жазудың жаңа әдісі ғана. Мұғалім қызметі: Кестені пайдаланбай оқушыларды ондық бөлшектерді жазуға дағдыландыру үшін бірнеше мысал келтіреді. Оқушы қызметі: Мұғалім нұсқауы бойынша жұмыстанады және бірнеше ондық бөлшектерді жазады. Бағалау: Жұпта бір-бірін дайын жауаптар бойынша тексереді. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
«Еліміздегі ең ...?» тапсырмасы. Сипаттама: Оқушыларға әртүрлі сандар топшалары таратылады:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ttps://www.twig-bilim.kz/film/why-do-we-count-in-tens-5870/




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген