400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Бөлім:

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Бекжанова Камшат

Күні:


Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.5.2.4ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;

Сабақтың мақсаты:

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндейді

Құндылыққа баулу

Құндылық: Заң және Тәртіп

Заң: оқушылар мектеп ережелерін, сабақ мақсаттары мен талаптарын орындай отырып, әділдікке, жауапкершілікке және өз әрекеттерінің салдарын түсінуге ұмтылады.

Тәртіп: оқу барысында өзін-өзі бақылап, тәртіп сақтайды, өзгелердің құқығын құрметтейді, сыныпта қауіпсіз және мәдени орта қалыптастыруға үлес қосады.

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


7мин

Амандасып, бүгінгі күніне сәттілік тілеймін.

Құндылыққа баулу: «Заң және тәртіп»

Интерактивті тақтадан видео көрсетемін.









Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

  1. Ондық бөлшек дегеніміз не?

  2. Ондық бөлшек қалай жазылады?

  3. Үтір нені білдіреді?

  4. 0,4 саны нені көрсетеді?

  5. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?

  6. 0,5 пен 0,50 тең бе?

  7. 3,27 санында 2 цифры нені білдіреді?

  8. Ондық бөлшектер өмірде қайда қолданылады?












Үй жұмысын тексеру №614

23,25 және 23,125 ондық жай бөлшек түрінде жазыңдар.Шыққан жай бөлшектерді кему ретімен орналастырыңдар.


Дискриптор:

-Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады;

-Шыққан сандардың қосындысы мен айырымын табады;


Оқушылар амандасады


Видео түсірілімді көреді











Әр сұраққа жауап береді

1.Бөлімі 10, 100, 1000 және т.б. болатын бөлшек ондық бөлшек деп аталады.

2. Бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігі үтір арқылы ажыратылады.

3. Бүтін бөлікті бөлшек бөліктен бөледі.

4. Бірліктің 4/10 бөлігін көрсетеді.

5. Алымын бөлімге бөлеміз

6. Иә, тең, нөлдер санның мәнін өзгертпейді.

7. Ондық үлесті (2/10) білдіреді.

8. Ұзындық, масса, уақыт, ақша өлшеуде қолданылады.



Амалдарды рет –ретімен орындайды



4)


















Әрбір дұрыс жауап үшін

1балл






















2балл


ЖИ жасалын ған видео











Презентация

Сабақтың

басы


10 минут

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіреді

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу

Координаталық сәуле деп сандық басы, берілген бірлік кесіндісі бар және бағыты көрсетілген сәулені айтамыз.

Координаталық сәуледе ондық бөлшекті кескіндеу:

-Координаталық сәуле сызып, оның басын (0) және ьірлік кесіндіні белгілеу;

-Егер бөлшек ондық болса (мысалы 0,7),

бірлік кесіндіні 10-ға бөліп, әр бөлік 0,1

ге тең болады.Егер жүздік болса (0,25)

бірлік кесіндіні 100-ге бөлу керек

-Координаталық сәуледе кескіндеу үшін бөлшектің үтірден кейін қанша цифр барын білу қажет.

1-Мысалы: 0,3 санын сәуледе белгілеу

0 мен 1 аралығын 10 бөлікке бөлеміз, себебі 0,3 — ондықтың 3 бөлігі.

2-Мысал: 3,2 санын белгілеу

3,2дегеніміз:

  • 3 бүтін

  • 0,2 бөлшек бөлігі

3 бүтінді қалдырамыз, 3 пен 4 аралығын 10 бөлікке бөлеміз де соның екіншісіне белгілейміз




Оқушылар тақтаға және презентацияға қарап, мысалдарды түсінеді, түсініксіз тұстары болса мұғалімге сұрақтар қояды





Мактау мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!



Презентация


Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық Мектеп баспасы, авторы Әбілқасымова

Сабақтың

ортасы


25

минут

Бекіту тапсырмалары:


Топтық жұмыс

Координаталық сәуледе 1 мен 8 аралығы өзара тең 8 бөлікке сызылған және соның ішінен төмендегі нүктелердің координаттарын табыңдар.

· A(3) нүктесін координаталық сәуледе белгіле.

· B(5,7) нүктесін координаталық сәуледе белгіле.

· С нүктесінің координатасы 6-дан артық, 8-ден кіші. С нүктесін С(…) түрінде жаз.

· D(2,5) және E(3,5) нүктелерінің қайсысы оң жақта орналасқан?

· F(1) нүктесінен оңға қарай 3 бірлік жылжыт. Жаңа нүктенің координатасын жаз.G….

· H(8) нүктесінен солға қарай 6 бірлік жылжыса,I нүктесі қай координатаға келеді?


Дискрипторлар:

-Координаталық сәуледегі бірлік бөлігін дұрыс анықтайды.

-Нүктелердің орналасқан орнын дәл табады.







Оқушылар топтаса отырып, тапсырманы орындайды








2 балл







Презентация,үлестірме парақтар,миллиметровка, сызығыш

Жұптық жұмыс

№618

55-суретте координаталық сәуленің бөлігі кескінделген. A, D, C, D, E, F нүктелерінің координаталарын табыңдар:

Дискриптор:

-Координаталық сәуледегі бірлік бөлігін дұрыс анықтайды.

-Нүктелердің орналасқан орнын дәл табады.



Оқушылар жұптаса отырып, тапсырманы орындайды

1

2

3

4

А(7,2)

А(0.66)

A(5.12)

A(9,764)

В(7,7)

В(0.72)

В(5,19)

В(9,766)

С(8,4)

С(0.75)

С(5,24)

С9,778)

D(8.9)

D(0.77)

D(5,26)

D(9,781)

E(9.1)

E(0.84)

E(5,31)

E(9,784)

F99.6)

F(0.87)

F(5,35)

F(9,787)










2балл





Презентация,үлестірме парақтар,

миллиметровка, сызығыш


Жеке тапсырма


1 .Координаталық сәуле кескінделген. Берілген күктелердің координатасын анықта.






2 . Ондық бөлшектерді өсу ретінмен жаз




Ондық бөлшектерді кему ретімен жаз





3. Дәптермен жұмыс

Бірлік кесіндісі 5 см-ге тең санды сәуле сал және оның бойында келесі нүктелерді белгіле. А(0,5), В(0,7), С(1,2), D(1,8), E(2,2), F(2,5)






Координаталық сәулені кескіндейді, ондық бөлшектерді өсу және кему ретімен жазады



Дискрипторлар:

-Координаталық сәулеге кескіндейді;

-Ондық бөлшектерді өсу жіне кему ретімен жазады;

-Координаталық нүктелерді белгілейді;









3 балл




Жеке парақ, тақта, презентация, сызығыш



Қосымша тапсырма



Берілген координаталық түзуге төмендегі ондық бөлшектерді белгіле.










Берілген тапсырманы орындайды



Мактау мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

Презентация.

Сабақтың

соңы

3

минут


Кері байланыс алады.

Үй тапсырмасын беремін

Бүгінгі сабақта алған бағаларын айтады

Бағалау парағы арқылы оқушылар кері байланыс береді.

-Түсіндім

-Сұрақтарым бар

-Түсінбедім

Үй тапсырмаларын азып алады

Үйге тапсырма:№619

Бағалау парақтары бойынша жинаған ұпайларына қарай мұғалім 1-10 баллмен бағалайды

https://www.bilimclass.kz/












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 сәуір
15
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі