400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
материалда толық жұмыстар қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін________________________________


Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дусекенова Самал Сүлейменқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу.

Осы сабақта күтілетін нәтижелер

Көпшілігі:

Жай бөлшектерді бөлудің ережелерін және аралас сандарды бөлуді біледі, қолдана алады

Кейбіреулері:

Бөлігі бойынша санды таба алады

Оқу бағдарламасына сілтеме

5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға бөлу ;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

- Ондық бөлшекті натурал санға бөлу әдісін біледі

Оқушылардың көпшілігі:

- Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындай алады

Кейбір оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Білу


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу әдісін біледі

Қолдану

Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындай алады



Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер


- ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін ... керек;

- ... неше цифр болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек;


Құндылықтар

Сабақ барысында академиялық шыншылдық пен сыйласымдылыққа басты көңіл бөлініп, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыруға, бағалауда сыни тұрғыдан қарауға бағытталады.

Пәнаралық байланыс

Информатика

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, ғаламтордан қолдану

Алдыңғы білім


Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы және оларға қосу, алу,көбейту амалдарын қолдану

Сабақ түрі

Жаңа сабақ


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Дереккөздер

Басы

6 мин

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасып, үй жұмысын тексереді. BILIMLAND сайтынан алынған жұмыс парағы бойынша, өткен тақырып тексеріледі.

  2. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады.

  3. Алдыңғы өткен материалдарды қайталау

  4. Оқушыларды 3 топқа бөлу

Компьютер;

Презентация;

Таймер;

Таратпалар

Ортасы

30 минут
































































Соңы

3 мин











2 мин





























Жаңа материалдарды баяндау

Жаңа сабақ ертегілер еліне саяхатқа шығу арқылы түсіндіріледі.

Мұғалім:

       - Балалар, сендерге ертегі оқыған ұнай ма? Ертегілерде қандай кейіпкерлер болады? Бүгінгі сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шыққыларың келе ма?

       Ендеше, мен мынандай бір жаңалық естідім:

       - Сонау «Ондық бөлшектер» елінде Натурал сан деген ханның Бөлу атты жалғыз қызы бар екен.

          Бір күні хан саяхатқа кеткен кезде, кішкентай ханшайымды алыс жерде мекендейтін айдаһар ұрлап әкетеді. Жалғыз қызын жоғалтып қатты қайғырған хан:

   “Жалғыз қызымды тауып әкелген адамға бар байлығымды беремін” деп еліне жар салып жатыр. Бірақ айдаһарды іздеп тауып, онымен айқасуға ешкімнің күші жетпей жатыр екен. Айдаһарды табу үшін көптеген қиындықтардан өтіп, көптеген тапсырмаларды орындау қажет болыпты. Бағын сынап көрген батырлардың барлығы «ондық бөлшектерді натурал санға бөлу» ережесін білмепті. Біз де осы ережені мұқият түсініп алып, бағымызды сынап көрейік:

          Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді, натурал сандарды бөлу сияқты бұрыштап бөлеміз.

Ондық бөлшекті натурал санға бөлудін, натурал санды натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 5 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз.

2Group 1 -мысал. 2,45 : 7 = 0,35








Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;

2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштін бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.

Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.

x-тің мәнін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

яғни, x = 1,9 кг

Әр қораптың салмағын табамыз

I қорап – 1,9 - 0,5 = 1,4 кг

II қорап – 1,9 кг

III қорап – (1,9 - 0,5) – 0,4 = 1 кг

Жауабы:

I қорап – 1,4 кг; II қорап – 1,9 кг; III қорап – 1 кг



Ережемен таныстық, енді жолға шығуымызға болады.

 ІІІ. Класс жұмысы. Есептер шығару.

  «Тасқа жазылған тапсырма»  Осы тапсырманы дұрыс орындай алсақ, айдаһардың қамалына апаратын дұрыс жолды табамыз:

12,6:3=4,2 4,8:2= 2,4 3,2:4=0,8

5:2 =2,5 7:2= 3,5 9:2=4,5

8,24:8 =1,03 3,09:3=1.03 6,939:9=0.771


Дескриптор: - ондық бөлшекті натурал санға бөледі

  • бөліндінің үтірін қояды

ҚБ: Жауабы дұрыс болған жағдайда жұп бір – бірімен қол алысады.


2) «Жол қысқарту». (Жеке жұмыс)

Ауызша көбейтіңдер:

13,7 : 10 =               8,071 :100 =                6,304 : 1000 =

6,5 : 10 =                 2,15:100 =                  12,7 :1000 =

1,23:10 =              18,07 :100 =                 0,91 : 1000 =

62,95: 10 =           48,316 : 100 =                4,8316 : 1000 =

0,7 : 10 =                 0,1 : 100 =                    0,001 : 1000 =

5,21:10= 78,4:100= 892,3:1000=

ҚБ: Мұғалім бағалайды.


Аңдармен кездесу.

Түлкінің тапсырмасы Мысықтың салмағы 4 кг, ал оның жаңа туған баласы соқырдың салмағы 0,08 кг. Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартады? 50 есе


Аюдың тапсырмасы

Тік бұрышты параллелепипедтің көлемі 302,4см3. Табанының ауданы 72 см2. Параллелепипедтің биіктігін табыңыз 4,2 см


Қасқырдың тапсырмасы Тік төртбұрыштың ауданы 13,2 дм, ені 2 дм. Тік төртбұрыштың ұзындығын табыңдар? 6,6 дм

ҚБ: топтар бірі- бір қол шапалақтау арқылы бағалайды.



«Көмектесіңдер» мен неден қателестім

Айдаһармен шайқас

«Кім мерген»

  1. 67,8 : 6 + 375 : 10 + 22,3 =26

  2. 2) 7,2 × 12 + 0,9 : 3 - 0,2 =0,7

  3. 3) 83 – (17,2 : 10 – 6,93 × 11) =81,91














Алдамұратова А.Т.

«Математика»

5 сынып

Алматы «Атамұра»

2015 ж















































Алдамұратова А.Т.

«Математика»

5 сынып

Алматы «Атамұра»

2015 ж


Сабақтың соңы


Р е ф л е к с и я “Ағаш"

Кызыл – сабақ өте қызықты. Маған барлығы ұнады .

Желтый - маған сабақ ұнады, бірақ мен толық игере алмадым.

Жасыл - қызықсыз болды, мен ештеме түсінбедім.


Үйге тапсырма. Қосымша 1



Қосымша ақпарат



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
9
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі