Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшектерді көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшектерді көбейту" ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың тарауы

5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны: 0

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшектерді көбейту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.28. Ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейту әдісін біледі.

Басым бөлігі: ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындай алады.

Кейбіреулері: ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді күрделі есептер үшін дұрыс орындай алады.


Бағалау критерийлері


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Бағалау критерийлері

Білу

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді біледі.

Түсіну

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейту кезінде үтір жылжытуды түсінеді.

Қолдану

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындай алады.


Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат:

  • ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді ауызша түсіндіре алады.

  • ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейту жолдарын тұжырымдап айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

-ондық бөлшек, натурал сан, көбейту

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін...

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту үшін...


Құндылықтарға баулу

Оқушылардың білімін қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет көрсету құндылықтарын қалыптастыру. Алған білімін меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылықтарын қалыптастыру.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Пәнаралық байланыс

Физика, биология, геометрия, салауатты өмір салты

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация.

Алдыңғы білім

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы, жазылуы. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшекті көбейту амалдарын қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Үйымдастыру кезеңі





Топқа бөлу






Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу.

Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Бағдаршам» әдісі.

Жасыл түсті – қол алысып амандасады.

Сары түсті – иықтарынан қағады.

Қызыл түсті – құшақтасып амандасады.

«ондық бөлшек», «натурал сан», «көбейту» сөздері арқылы қағаз қиындыларын алады.

«ондық бөлшек» 1 топ, «натурал сан» 2 топ, «көбейту» 3 топ. Әр топтың топ басшысы, хатшысы, баяндамашысы бар. Оқушыларды бағалау парағымен таныстырамын және бағалау парағын әр топтың басшысына беремін.




жасыл түсті

сары түсті

қызық түсті бағдаршам


«ондық бөлшек», «натурал сан», «көбейту» сөздері жазылған қағаз қиындылары


Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл» әдісі. Берілген сұрақтарға оқушылар жедел жауап қайтарады.

Сұрақтар:

  1. Ондық бөлшек дегеніміз не?

  2. Ондық бөлшек қалай оқылады және жазылады?

  3. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?

  4. Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге мысал келтіріңдер?

  5. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке қалай көбейтеді?

  6. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуге мысал келтіріңдер?

  7. Үтірден кейін үш цифры бар ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде шыққан ондық бөлшектің үтірден кейін қанша цифры болады?

  8. Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, көбейтіндідегі үтірді қалай қояды?

  9. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейткенде көбейтіндіде ондық таңбалар үтірмен қалай ажыратылады?

  10. Егер көбейтіндідегі цифрлар саны үтірмен ажыратуға тиісті цифрлар санынан аз болса, не істеу керек?

Оқушыларды «Mадақтау» әдісі арқылы бағалау.

Жарайсың!

Бәрекелді!

Өте жақсы!

Слайдта жазылған сұрақтар

Сабақтың ортасы



































































«Джигсо» әдісі арқылы топтық жұмыс.

Әр топқа тапсырма беріледі.. Содан кейін топта тапсырманы бірге талқылайды, есепті шығарады. Тапсырманы орындап болған соң бір топ келесі топқа кезектесіп шығарған есебін талқылап, түсіндіреді.

1-тапсырма:

1 топқа:

  1. Көбейтуді орында: 3,46*150=

  2. Бөлменің ұзындығы 9,5 м, ал ені 11,75 м. Бөлменің ауданын табыңдар?

2 топқа:

  1. Көбейтуді орында: 31*4,8=

  2. Қараторғайдың ұшу жылдамдығы 19,5 м/с, ал сұр қарлығаштың жылдамдығы одан 1,4 есе артық.

3 топқа:

  1. Көбейтуді орында: 1,278*35=

  2. Әрқайсысының салмағы 25,5 кг болатын 27 жәшік алма машинаға тиелді. Машинаға барлығы қанша килограмм алма тиелді?

Дескриптор:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді біледі.

  2. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуді біледі.

  3. Ондық бөдшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуге есептер шығара алады.

Әрбір дескрипторға 1 баллдан қойылады.

Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы болады.


2-тапсырма:

Есептер шешу: «Ойлан-тап».

Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.

А тобының есебі:

  1. Есептеңдер:

а) 31*4,8= ә) 0,11*7=

В тобының есебі:

  1. Көбейтіндінің мәнін табыңдар:

а) (13,8+14,9)*11=

ә) Біздің жерімізде өмір сүрген ежелгі сақтар тайпасы жүрген жолды (1 садақ 90 қадам болған) өлшеген. Аң аулауға шыққан тайпа адамдары тұрған жерлерінен 120,5 садаққа алыстаған. Егер бір қадам 70 см болса, олар аң аулауға шыққанда қандай аралыққа алыстаған?

С тобының есебі:

  1. Есептеңдер:

а) 0,0113 =

ә) Велосипед жарысына қатысушы спортшылар 325 км жол жүруі тиіс. Бірінші күні олар барлық жолдың 0,4-ін, екінші күні барлық жолдың 0,2-ін жүріп өтті. Спортшылар тағы қанша жол жүруі керек?

Дескриптор:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейте алады.

  2. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейте алады.

  3. Көбейтудің мәнін табуда амалдардың орындау ретін сақтай алады.

  4. Мәтін есептердің мағынасын түсіне отырып, ондық бөлшектерді натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындай алады.

  5. Ондық бөлшектің кубын есептей алады.

Әрбір дескрипторға 1 баллдан қойылады.


3-тапсырма: «Серпімді сауал» әдісі.

Топ мүшелері бір-біріне сұрақтар лақтырады. Мысалы:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеміз?

  2. Ондық бөлшектерді қалай көбейтуге болады?

  3. Үтірден кейін үш цифры бар ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде шыққан ондық бөлшектің үтірден кейін қанша цифры болады?

Бағалау «мадақтау».


Қағазға жазылған тапсырмалар (есептер)

























Қағазға жазылған деңгейлік есептер



































Ауызша қойылған сұрақтар

Сабақтың соңы





























Сабақты бекіту «математикалық домино» әдісі.

Тапсырма:

Ондық бөлшектерді көбейту үшін...

Үтірге мән бермей, ондық бөлшектерді натурал сандар сияқты көбейту; шыққан нәтиженің оң жағынан екі көбейткіштің үтірден кейін қанша цифры болса, сонша орын үтірмен айыру қажет.

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін....

Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек; ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр тұрса, шыққан нәтижеде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу керек.

Ондық бөлшек дегеніміз не?

Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан.

20*6,8 мәні неге тең?

136

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8,8 см, ал ені 7 см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар?

S=61,6 см2

Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан қойылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.06.2021
504
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12