400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа дайын қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Күні,айы: 06. 02. 2018

Мұғалімнің аты-жөні: Дюсалиева Индира Датовна

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқушыларда ондық бөлшекті натурал санға көбейту дағдысын қалыптастыру.

Оқушылардың басым бөлігі:

  1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін тұжырымдай алады.

  2. Есеп шығаруда ережені қолдана біледі.

Кейбір оқушылар:

Теңдеу түбірін табу немесе оның бірде бір түбірі болмайтындығына көз жеткізеді;

Теңдеу құрауыштарын ажырата алатын болады.

Пән аралық байланыс

Биология, экономика, салт – дәстүрмен байланыс, өмірмен байланыс

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(1-9минут)

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығы

  • Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру

  • Үй жұмысын тексеру (жер)

№ 801 (жауапты интерактивті тақтамен тексеру)

  • Өткен сабақты еске түсіру

    1. Ондық бөлшектерді оқылуы

    2. Ондық бөлшектерді қосу және азайту алгоритмі

  • Оқушылар білімін өзектендіру

    1. Көбейтуді баған түрінде орындаңдар:

542*2;

  1. Қосуды көбейтумен алмастырыңдар:

5,3+5,3+5,3

Bilimland.kz

Интерактивті тақта

Үй

Ағаш

Қоршау

Тазы ит

Жарық

Жер

Карточкалар


Сабақтың ортасы (10-38 минут)

(МК,Ұ)

Алдымен оқушыларға Bilimland.kz сайтынан видео – үзінді көрсетемін (1,11мин). Балалардан ондық бөлшектреді натурал санға қалай көбейтуге болатындығын сұраймын.

Ереже: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

  1. Үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек.

  2. Ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр тұрса, шыққан нәтижеде сонша цифрды оң жақтан үтірмен айырып бөлу керек.



1 - мысал
Picture 3

Үтірден соң үш сан бар, демек шыққан көбейтіндіден оң жақтан бастап үш цифрдан кейін үтір айырамыз.
3. Қасиеттері.
Ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.

2, 81 ∙ 3 = 3 ∙ 2, 81

( 3 ∙ 2, 5 ) ∙ 4 = 3 ∙ ( 2, 5 ∙ 4 )
( 6, 3 + 2 ) ∙ 5 = 6, 3 ∙ 5 + 2 ∙ 5

Жаңа сабақты түсіндірілгеннен кейін Bilimland.kz сайтындағы «Ондық бөлшекті бүтін санға көбейту» тақырыбына берілген 13, 14 – жаттығуларды орындатамын. (тапсырмаға қоршау беріледі)


Сыныппен жұмыс

№813 (тақтада+үй)

1 – топ (1, 4, 7)

2 – топ (2, 5, 8)

3 – топ (3, 6, 9)

«Кім жылдам?» ойыны


№ 816, 817, 818 (топпен жұмыс+ағаш)

1 – топ (№816)

2 – топ (№817)

3 – топ (№818)


№ 820 (жеке жұмыс+ит)


Сергіту



Сабақтың соңы( 39-40мин)

(Қ)

  • Ондық бөлшекті натурал санға қалай көбейтеді?

  • Егер натурал санды 0,36 ондық бөлшегіне көбейтсек, көбейтіндіде үтірден кейін неше цифр болады? (жарық)



Үйге тапсырма

№812


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі