400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ ішіндегі тапсырмалардың бейнероликтерін алғыларыңыз келсе жеке номерге хабарласуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Математика 5 сынып

Бекітемін:

Бөлім:

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

04.02.2026

Сынып: 5 «а»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.2.27

ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау;

Сабақтың мақсаты:

ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін түсінеді;

разрядтарды дұрыс орналастырып, ондық бөлшектерді баған түрінде қосып, азайтады;

ондық бөлшектерді қосу және азайту нәтижесін тексере алады;

тұрмыстық және мәтіндік есептерде ондық бөлшектерді қосу/азайту дағдыларын қолданады.

Құндылыққа баулу

Құндылықтар: Жасампаздық және Жаңашылдық

Жасампаздық:
оқушылар тапсырмаларды орындау барысында шығармашылық көзқарас танытып, өз идеяларын ұсынады, жаңа шешімдер іздейді және мәселелерді түрлі тәсілмен шешуге тырысады.

Жаңашылдық:
оқушылар жаңа технологиялар мен тәсілдерді қолдана отырып, заманауи әдістерді меңгереді, өзгерістерге ашық болып, білім алуда жаңашыл ойлау мәдениетін дамытады.

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі


7 мин

Әдіс: Сергіту сәті жене психологиялық ахуалда қалыптастыру.

Оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауына жағдай жасап, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды ұйымдастырады. Жұлдыздарды басып бір-бірімізге тілек айтайық.

Тетрис ойнындағы кубиктерді толтырайық

-сабақтың мақсатымен таныстыр

Жұлдыздарды басып бір-біріміне тілек айтады.

Тетрис ойнындағы кубиктерді толтырады.


Оқушылар өздерін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Презентация

Сабақтың

басы


8 минут

Өткенді қайталау


Оқушыларға қайталау тақырыбы түсіндіреді

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Ондық бөлшектерді қосу мен азайту – жай бөлшектерді немесе натурал сандарды қосу сияқты, тек үтірді дұрыс қою керек.

Негізгі ереже

Ондық бөлшектерді қосқанда немесе азайтқанда:

✔ 1. Үтірлерді бірінің астына бірін дәл қою

✔ 2. Бірдей разрядтарды (ондық, жүздік, мыңдық) бір бағанда орналастыру

✔ 3. Қажет болса, соңына 0 қосу

(мысалы, 2,5 = 2,50)

✔ 4. Әдеттегідей қосу немесе азайту

✔ 5. Нәтижеде үтірді дәл сол орынға қою

Оқушылар өткен тақырыпты вордволл платформасындағы 20 сұраққа жауап беру арқылы қайталап шығады


Оқушылар тақтаға және презентацияға қарап, мысалдарды түсінеді, түсініксіз тұстары болса мұғалімге сұрақтар қояды

ҚБ: вордволл платформасы 0-20 балл арасында бағалап береді






Мактау мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!

Тақта

Слайд


Ворд волл тапсырмасы

https://wordwall.net/ru/resource/51924077


Тақта;

Слайд;


Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық Мектеп баспасы, авторы Әбілқасымова

Сабақтың

ортасы


20минут

Бекіту тапсырмаларын береді; түсіндіреді

№783 Фигураның периметрін табу.

Жұмыс түрі: жеке жұмыс

Дескриптор:

4.8-суреттегі фигураларды өлшеп, периметрін табады.

Оқушы әрекеті:

P=2,8+3,5+4,8

Р=11,1

P=5,5+3,5+2,3+2

Р=13,3

Ондық бөлшектерді дұрыс бағанға жазады (үтірді дәл астына қояды).

Сан разрядтарын (ондық, жүздік, мыңдық) дұрыс қосады.

Қосындыны дұрыс есептеп шығарады.

Нәтижеде үтірді дұрыс орынға қояды

ҚБ: Оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды





Оқулық, дәптер, презентация, тақта, бор


№784.

  1. 12,75=

  2. 1,618=

  3. 0,412=

  4. 25,803=

Дескриптор:

Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады.

Оқушы әрекеті:

10, 100, 1000… разрядтарды ажыратады және оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазады.

  1. 12,75=10+2+0,7+0,05

  2. 1,618=1+0,6+0,01+0,008

  3. 0,412=0+0,4+0,01+0,002

  4. 25,803=20+5+0,8+0,003

ҚБ: Оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды


№785

Жұмыс түрі: Жұппен жұмыс

Екі ондық бөлшектің қосындысы түрінде жазады.

а) 2 ә) 5 б) 7 в) 9

Натурал сан мен ондық бөлшектің айырмасы түрінде жазыңдар:

а) 1,7 ә) 3,85 б) 14,03 в) 6,25

Дескриптор: Екі ондық бөлшектің қосындысы түрінде жазады, натурал сан мен ондық бөлшектің айырмасы түрінде жазады.

Оқушы әрекеті:

Екі ондық бөлшектің қосындысы түрінде жазады, натурал сан мен ондық бөлшектің айырмасы түрінде жазады.

а) 1,7+0,3=2

ә) 2,5+2,5=5

б) 5,3+1,7=7

в) 3,4+5,6=9 т.с.с.


а) 2-0,3=1,7

ә) 5-1,15=3,85

б) 16-1,97=14,03

в) 10-3,75=6,25 т.с.с.

ҚБ: Топтар бірін-бірі тексеріп бағалайды


Жұмыс түрі: Топпен жұмыс

Ондық бөлшетерді қосу мен азайтуға арналған пазлдар таратылады.

Оқушы әрекеті:

Есепті баған түрінде орындап, шешуін тауып пазлдарды құрастырады.


Мактау мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!


№787 Мәтіндік есепке дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Дескриптор:

• Мәтіндік есептен қажетті мәліметті табады.

• Ондық бөлшектермен амалдар орындайды.

• Теңдеуді шешу алгоритмін қолданады.

Оқушы әрекеті:

• Есептің шартын талдайды.

• Қажетті арифметикалық амалдарды орындайды.

• Нәтижені дұрыс жазады.

Жасанды интеллект көмекшісі flow платформасында жасалған бейнеролик

№788 Мәтіндік есепке дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Дескриптор:

• Мәтіндік есептен қажетті мәліметті табады.

• Ондық бөлшектермен амалдар орындайды.

• Теңдеуді шешу алгоритмін қолданады.

Дескриптор:

Сандар тізбегінің заңдылығын тауып, оның келесі үш мүшесін жазыңдар.

Оқушы әрекеті:

Сандар тізбегінің заңдылығын тауып, оның келесі үш мүшесін жазады.

Оқулық, дәптер, презентация, тақта, бор


5мин

Қорытындылау тапсрмасы

Ворд волл платформасы арқылы қорытындылау

Тапсырманы телефондары арқылы вордволға кіріп орындайды

Платформа өзі бағалап береді

https://wordwall.net/ru/resource/28576926


Сабақтың

соңы

5

минут

IMG_7369 IMG_7368 IMG_7370

Кері байланыс алады.

Үй тапсырмасын береді

Бүгінгі сабақта алған бағаларын айтады

Жасанды көмекші арқылы оқушылар кері байланыс береді.

-Түсіндім

-Сұрақтарым бар

-Түсінбедім

Үй тапсырмаларын азып алады Үйге тапсырма: №792

Бағалау парақтары бойынша жинаған ұпайларына қарай мұғалім 1-10 баллмен бағалайды

ЖИ арқылы жасалған презентация


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
25
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі