жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдануға есептер шығару
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3.В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: «Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
||||
Күні: 19.02.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Бабашова Бехруза Султанбекқызы |
||||
Сынып: 5 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдануға есептер шығару |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.1.2.27 ондық бөлшекті қосу және азайтуды орындау; 5.1.2.28 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау |
||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелерін біледі, есептерді шығара алады; Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді біледі, есептерді шығара алады. |
||||
Бағалау критерийлері |
Ондық бөлшектерді оқи алады, жаза алады; Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыра алады; Ондық бөлшектерді қосуды біледі; Ондық бөлшектерді азайтуды біледі; Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді біледі; Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуді біледі. |
||||
Тілдік мақсаттар |
- Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады; - Ондық бөлшек үтірмен ажыратылатын таңбалар саны, үтірден кейінгі таңбалар саны; - Оңдық, жүздік, мыңдық және т.с.с үлестер; - Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін ... керек; - ... Неше цифр болса көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек. |
||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» құндылықтары. Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Сызу, геометрия, тұрмыста қолдана алу. |
||||
Бастапқы білім |
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану, ондық бөлшектер, ондық бөлшекті жай бөлшекке/жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен сәлемдесу(үш тілде), оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау. «Жай бөлшек», «Ондық бөлшек», «Аралас сан» жазылған қима қағаздарды таңдап алу арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
|
Қоржын, қима қағаздар |
|||
Сабақтың ортасы 30 минут
|
«Он сұрақ» әдісі. Өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында 10 сұрақ қойылады. Оқушылар үш тілде терминдерді айту арқылы жауап береді. 1) Ондық бөлшекте үтір алдында жазылған сан нені білдіреді? (бүтін бөлігі, целая часть, quotient) 2) Ондық бөлшекте үтірден кейінгі жазылған сан нені білдіреді? (бөлшек бөлігі, дробный часть, fractional part) 3) Неше цифр бар? (он, десять, ten) 4) Кез-келген есептің несі болады? (шешімі, решение, solution) 5)
6)
7)
8)
9) Бөлшектерге қандай амалдарды қолданамыз? (қосу/сложение/add, азайту/вычитание/subtract, көбейту/умножение/multiple, бөлу/деление/divide) 10)
Смайликпен бағалау.
«Bilimland» әлеміне саяхат. Bilimland -тан тапсырмалар орындалады. 1-жаттығу Ондық бөлшектерді қысқармайтын жай бөлшекке немесе аралас санға айналдыр. 0,19 = 1,79 = 3,3 = 19,007 = 21,013 = Дескриптор: - Ондық бөлшекті жай бөлшекке немесе аралас санға айналдырады; - Жауапты жинақты түрде жазады.
2-жаттығу Тең сандарды сәйкестендір. Дескриптор: - Тең сандарды табады; - Тең сандарды сәйкестендіреді.
«Kahoot» тапсырмалары Kahoot тапсырмаларын орындау. Интернетті пайдалана отырып, тест тапсырмаларын орындау, үш топтың оқушылары ұялы телефонда жауаптарын белгілейді, соңында нәтижесі шығады. Бұл тапсырмаларады шапшаңдықты, тез есептеуді шыңдау үшін орындаймыз.
«DEAL» әдісі. (Практикалық тапсырма) D – describe - баяндау E – explane - түсіндіру A – anallyse - талдау L – linke – байланыс Үш топқа үш түрлі заттар беріледі. Бұл тапсырма бөлшекті өмірмен байланыстыруға болатындығын көрсету үшін орындалады. Дескриптор: - Оқушылар заттарды санайды, талдайды, ажыратады; - Жай бөлшек түрінде жазады; - Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады.
«Бесбармақ» әдісімен бағалау. Үш топ біріне-бірі орындалған тапсырма бойынша пікірлерін айтады.
Жеке жұмыс: «Математикалық диктант» Оқушылар жеке жұмыстарды орындайды. Қолдарындағы планшетке тез есептеп парағын жоғары көтереді. Қосуды орында: 1,8 + 2,2 =4 3,8 + 4,2 =8 Азайтуды орында: 62,25 – 2,03 =60 ,22 21,9 – 0,63 =21,27 Көбейтуді орында: 0,49 ∙ 100 =49 2,6 ⋅ 125 =325 Дескриптор: - Ондық бөлшектерді ережесіне сай қосуды орындайды; - Ондық бөлшектерді ережеге сай азайтуды орындайды; - Ондық бөлшектерді ережеге сай көбейтуді орындайды.
|
Слайд
Bilimland.kz
Түрлі-түсті кубиктер, құрастырмалы ойыншық
Слайд
|
|||
Сабақтың соңы 5 минут |
Оқушыларды бағалау. Жалпы орындалған тапсырмалар бойынша бағалау
Үйге тапсырма беру. Оқулық бойынша: №855,856
Кері байланыс: «Аяқталмаған сөйлемдер» Маған сабақ ұнады... Мен білдім … Маған қызықты болды… Менің қолымнан келеді... Маған қиындық тудырды… Мен тапсырманы орындадым… Мен енді…
|
Слайд, стикерлер |
|||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары. |
Топтық бағалау. Жеке оқушыны бағалау. Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау |
Партада дұрыс отыруын қадағалау, оқу құралдарын дұрыс пайдалану. |
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||
Тексерілді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген