400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаздарға көмек болады
Материалдың қысқаша нұсқасы






Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру











Мектеп: «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ

Мұғалім: Аханова Алтынай Аханқызы












2019-2020 оқу жылы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ

Күні: 24.01.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.25

бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру;

Сабақ мақсаты

Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде және жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуды үйрену.

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгеру

Бағалау критерийлері

Оқушылар

  • Разрядтық жіктелуді біледі

  • ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жаза алады;

  • жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен ондық бөлшекті, оның қалай жазылуын ұғынады және түсінеді, ондық бөлшектің разрядтарын атайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

бүтін бөлік, бөлшек бөлік; ондық бөлшек; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

үтірден кейінгі таңбалар саны; ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; разрядтары бойынша сандарды жіктеу; разрядтық бірліктер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін ... керек;

- егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;

Құндылықтарды дарыту

Абай Құнанбаевтың қара сөзі арқылы оқушыларды тілді құрметтеуге, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге ықпал ету

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы, бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың разрядтары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы










Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. «Шаттық шеңбері»

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.

Абай атамыздың он жетінші қара сөзінде былай делінген екен: «Үш ақ нәрсе адамның қасиеті:ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»- осы нақыл сөзде айтылғандай қайрат-жігерлеріңіз мықты, ақылдарыңыз нұрлы, жүректеріңіз жылы болуын тілеймін. Ал қазір сол жылы жүректен жылы тілек арнайық бір-бірімізге...

Топқа бөлу: шашылған жұлдыздарды жинау арқылы артында жазылған жай және ондық бөлшектерге байланысты екі топқа бөлінеді. І топ: Жай бөлшек; ІІ топ: Ондық бөлшек

Өткен тақырыпты қайталау.«Миға шабуыл»

Кестені толтырыңыз. Өзара тексеру жасайды.


Оқылуы

Ондық бөлшек түрінде жазылуы

1

0 бүтін оннан 8


2

6 бүтін жүзден 53


3

10 бүтін мыңнан 108


4

4 бүтін жүзден 5


5

0 бүтін мыңнан 19


6

100 бүтін мыңнан 1


7

14 бүтін он мыңнан 305


8

0 бүтін оңмыңнан 6



Бағалау:

1-3 балл: Талпын!

4-6 балл: Сен бұдан да жақсы істей аласың!

7-8 балл: Жарайсың!







Сабақтың ортасы


















































Топтық жұмыс





















Жұптық

жұмыс

Жаңа сабақты түсіндіру.

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дегеніміз-ондық бөлшекті қалай оқысақ, солай жай бөлшек түрінде жазу.

Мысалы: 2, 67 бөлшегінің оқылуын есімізге түсірейік: «екі бүтін жүзден алпыс жеті», енді осы оқығанымызды жай бөлшекпен жазайық

Бүтін бөлігі 0-ге тең ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырғанда, бүтін бөлігі жазылмайды және бөлшек қысқаратын болса, қысқарту керек.

Мысалы:

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін:

  1. Үтірге дейінгі цифрларды жай бөлшектің бүтін бөлігіне жазу керек;

  2. Үтірден кейінгі цифрларды (ондық таңбаларды) жай бөлшектің алымына жазу керек;

  3. Жай бөлшектің бөліміне 1 цифры және үтірден кейін неше цифр болса, сонша нөл (нөлдер) тіркеліп жазылады.

Кез келген жай бөлшек ондық бөлшек болып жазыла бермейді. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін, оның бөлімін 10, 100, 1000 және тағы сол сияқты сандардың біреуіне келтіру керек.

10, 100, 1000 және тағы сол сияқты сандардың жай көбейткіштерге жіктелуі:

Демек, 10, 100, 1000 және тағы сол сияқты сандарды жай көбейткіштерге жіктегенде құрамында 2 мен 5-тен басқа жай көбейткіштер болмайды. Жай көбейткіштер құрамында неше 2 саны болса, сонша 5 саны болады.

Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін бөлшектің бөлімдерін 10, 100, 1000 және тағы сол сияқты сандарға айналдыру керек.


Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенімізді тексеру үшін «Фишбоун» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп көрейік. Мақсаты: Жаңа мәліметті, идеяларды сұрақ-жауап арқылы жаза отырып, қорытынды ойларын жинақтау.

Сұрақтар:

1)Ондық бөлшек жай бөлшек түрінде қалай жазылады?

2)Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін оның бөлімі қандай болу керек?

3)Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде қандай сандар болғанда жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады?

Қорытынды:


І топ: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыр: №737(1,2,3,4)

Дескриптор:

-бүтін бөлігін дұрыс жазады;

-бөлшектің алымын дұрыс жазады;

-бөлшектің бөлімін дұрыс жазады.


ІІ топ: Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыр: №738(1.1; 2.1; 3.1)

Дескриптор:

-бөлшектің бөлімін жай көбейткіштерге жіктейді;

-жетіспейтін көбейткішке бөлшектің алымын да, бөлімін де көбейтеді;

-түрленген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады.


Бағалау: Өзін-өзі топта қалай жұмыс жасағандығын бағалау:

Үш түсті гүлді өзін бағалау деңгейіне байланысты түсті жабыстырады


«Сәйкестендіру»:

Ресейде ондық бөлшек жайлы ең алғаш рет «Арифметика» атты орыс оқулығында айтылған екен. Егер бөлшектер мен мен аралас сандарды ондық бөлшектер арқылы жазсақ, оның авторын анықтай аламыз.

1


1,5

А

2


3,25

Н

3


0,007

И

4


3, 025

К

5


0,123

М

6


0,0123

Й

7


0,15

Г

8


0,07

Ц

9


0,7

И


Лео́нтий Фили́ппович Магни́цкий — орыс математигі, педагог, Ресейде алғаш математика пәні бойынша әдістемелік кітап жазған.


Дескриптор:

-ондық разрядтарды сәйкестендіреді;

-жүздік разрядтарды сәйкестендіреді;

-мыңдық разрядтарды сәйкестендіреді;

-онмыңдық разрядтарды сәйкестендіреді;

Бағалау: күн –менде барлығы дұрыс;

Күн мен бұлт – менде қателіктер бар;

Бұлт – мен бұл тапсырманы түсінбедім.


Оқулықпен жұмыс (деңгей бойынша):

А тобы: №736, 738. В тобы: №740, 741. С тобы: №748.





















































































Picture 3

Сабақтың соңы





Сабақты қорытындылау. Сұрақтар қою:

- Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекпен алмастыруға болады?

- Үтір алдында жазылған санды қалай атайды?

- Үтірден кейін жазылған санды қалай атайды?

- Үтірден кейін қанша таңба болу қажеттілігін қалай анықтауға болады?

Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Аяқталмаған сөйлемдер» бойынша рефлексия жасайды:

Бүгінгі сабақта мен: ................................................. үйрендім.

Бұған дейін мен: ...................................................... білуші едім.

Бүгінгі тақырып бойынша: .....................................түсіндім.

Бүгінгі тақырып бойынша: .............................. түсініксіз болды.

Қорытынды:

Бағалау критерийі бойынша сабақ мақсатына жете алдық па?


Үй тапсырмасы: №.736, 737 аяқтау







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
1001
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі