Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ондық бөлшекті жай бөлшекке және керісінше, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ондық бөлшекті жай бөлшекке және керісінше, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру" тақырыбы бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар №92


Мектеп: Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясы

Пән: Математика

Пән мұғалімі: Темірғали Зарина Ержанқызы

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 5.3 В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Күні: 24.01.2020 жыл

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке және керісінше, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.25 бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру

Сабақтың мақсаты

Ондық бөлшекті жай бөлшекке және жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру біліктілігін қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

  • ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады;

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдыру ережесін айтады;

  • ондық бөлшек пен жай бөлшек арасындағы байланысты түсіндіреді;

  • кез келген шекті ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін түсіндіреді.

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық құндылықтарына баулу.

Пәнаралық байланыс

Арифметика

Алдыңғы білім

Жай бөлшектер, жай бөлшектердің негізгі қасиеті, жай бөлшектерді қысқарту.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

І. Сәлемдесу.

ІІ. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатыспау себебін анықтау.

ІІІ. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Өтілген материалды қайталау және жүйелеу

Естеріңе түсіріңдер!

  1. Ондық бөлшектер дегеніміз қандай бөлшектер?

  2. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде қалай жазамыз?

  3. Бөлшектің бөлімі қандай сандар болса, олар ондық бөлшек деп аталады?

  4. Үтірден кейінгі разряд бірліктерінің атауларын атаңдар?














Сабақтың ортасы

Негізгі кезең

Сабаққа кіріспе

Видеофайл қарау: «Қандай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады».

Түсіндірме-иллюстрациялық әдіс

Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру дегеніміз-ондық бөлшекті қалай оқысақ, солай жай бөлшек түрінде жазу.

Мысалы: 2, 67 бөлшегінің оқылуын есімізге түсірейік: «екі бүтін жүзден алпыс жеті», енді осы оқығанымызды жай бөлшекпен жазайық:


Бүтін бөлігі 0-ге тең ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырғанда, бүтін бөлігі жазылмайды және бөлшек қысқаратын болса, қысқарту керек.

Мысалы: 

Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жазу үшін.

  1. Бөлшектің бүтін бөлігі өзгеріссіз қалады;

  2. Алымына үтірден кейінгі сандар, яғни ондық үлестер жазылады;

  3. Алымында үтірден кейін қанша таңба болса, бөлімінде бірден кейін сонша нөл жазылады (қажет болса, бөлшектер қысқартылады)


Бекіту тапсырмалары

Ондық бөлшекті жай бөлшекке келтіріңіз:

  1. 5,63;

  2. 0,007;

  3. 4,047;

  4. 6,21.

Жай бөлшекті ондық бөлшекке келтіріңіз:

  1. ;

  2. ;

  3. ;

  4. .

Берілген бөлшектердің қайсысын ондық бөлшек түрінде жазуға болатынын анықтап, ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

.

Берілген бөлшектерді жай бөлшекке айналдырып, қысқартуды орындаңыз:

  1. 0,38;

  2. 4,56;

  3. 2,625;

  4. 3,0016;

  5. 9,25;

  6. 7,04.

Оқулықпен жұмыс: №740, №741 есептер шығару.

http://www.bilimland.kz/kk/#lesson=11484

Сабақтың соңы

Қорытынды кезең

Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек

Ондық бөлшек

3/4



0,375

8/25



0,004

17/20



3,36

5/8


Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі

Үй жұмысы: №742 есеп шығару


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі. Сабақ кезеңінің кез келген сәтінде уақытты ұтымды пайдалану.

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыстар орындалады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Кабинеттің жабдықталуына назар аудару. АКТ қолдану барысында техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):

1


2

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.06.2021
850
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12