400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

№111 ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

Бөлім

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

Дуканалиева И.

Күні,айы:

12.02.2025

Сынып:5 «А»

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

оқушылардың ондық бөлшектерді көбейту тақырыбы бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылар тақырыпты біледі, түсінеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытуға пайдаланады


Кейбір оқушылар:

Теориялық білімін практикада қолдана білу және білім – білік дағдыларын қалыптастыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Ондық бөлшек дегеніміз не?

Ондық таңбалар дегеніміз не?

Ондық бөлшектер координаталық сәуледе қалай салыстырылады?

Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырылады?

Ондық бөлшектер қалай қосылады?

Ондық бөлшектерді қалай айырамыз?

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады

Оқылық

Жұмыс дәптер

Сабақтың ортасы (6-35 минут)

Ондық бөлшекті көбейту

Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001; ... көбейтуге тоқталайық.

Мысалы:

+ +

42,9041 0,044414

Ондық бөлшекті 0,1; 0,01; 0,001; ... разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

Мысалы:

5,61 0,1232 0,0058

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейтуде де ондық бөлшекті натурал сандарға көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, және үлестірімділік қасиеттері орындалады.

Ауыстырымдылық қасиеті:

Мысалы: 1,5 · 4,8 = 4,8 · 1,5

7,2 = 7,2

Терімділік қасиеті:

Мысалы: (3,9 · 8,1) · 1,04 = 3,9 · (8,1 · 1,04)

32,8536 = 32,8536

Үлестірімділік қасиеті:

Мысалы: 1) (1,8 + 2,3) · 9,1 = 1,8 · 9,1 + 2,3 · 9,1

4,1 · 9,1 = 16,38 + 20,9

37,31 = 37,31

2) (44 – 2,9) · 2,7 = 44 · 2,7 – 2,9 · 2,7

41,1 · 2,7 = 118,8 – 7,83

110,97 = 110,97


. Өрнектің мәнін табыңдар:

1) (8,02 – 6,9) · 4,7 = 1,12 · 4,7 =5,264;

2) 5,9 · (1,274 + 15,326) = 5,9 · 16,6 = 97,94;

3) (142,08 – 140,199) · 3,7 = 1,881 · 3,7 = 6,9597;

4) (53,8123 + 4,0677) · 0,14 = 57,88 · 0,14 = 8,1032.

. Есептеңдер:

1) 5,13 · 0,007 = 0,03591;

2) 0,016 · 0,25 = 0,004;

3) 0,008 · 2,2 = 0,0176;

4) 0,019 · 6,2 = 0,1178;

5) 7,5 · 0,0204 = 0,153;

үшінҮтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;

Шыққан нәтижеден көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін неше ондық таңба тұрса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен айырып бөлу керек.

Егер көбейтіндіде цифрлар саны айыратын таңбалар санынан аз болса, онда сол жағынан нөлдердің қажетті саны тіркеліп жазылады.

Есептер шығару кезеңі.

791. 629 · 31 = 19499 болатынын ескеріп,

1) 62,9 · 31= 1949,9;6) 6,29 · 0,031 = 0,19499;

2) 6,29 · 3,1 = 19,499;7)0,629 · 0,31 = 0,19499;

3) 629 · 3,1 = 1949,9;8) 6,29 · 0,0031 = 0,019499;

4) 62,9 · 0,31 = 19,499;9) 0,629 · 0,0031 = 0,0019499.

5) 62,9 · 3,1 = 194,99

792. Көбейтуді орындаңдар:

1) 1,3 · 1,2 = 1,56;6) 9,05 · 2,3 = 20,815;

2) 2,7 · 5,3 = 14,31;7) 11,07 · 0,63 = 6,9741;

3)1,28 · 4,9 = 6,272;8) 29,1 · 4,5 = 130,95;

4) 0,467 · 2,4 = 1,1208;9) 0,782 · 1,4 = 1,0948.

5) 18,2 · 6,1 = 111,02;


Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады





Сабақтың соңы

Жаңа материалды пысықтау.

Есептеңдер:

1) 0,52 = 0,5 · 0,5 = 0,25;

2) 0,33 = 0,3 · 0,3 · 0,3 = 0,09 · 0,3 = 0,027;

3) 0,082 = 0,08 · 0,08 = 0,0064;

4) 0,0112 = 0,011 · 0,011 = 0,000121.

Рефлексия

Оқушылардың белсенділіген байланысты бағаланады




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
88
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі