Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 5 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.02.25

Тексерілді: Ж. Акоразова

«Қарақұм жалпы білім беретін мектеп» КММ

Ондық бөлшектерді натурал санға көбейту

Бөлім:

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Тэтбенова Асем Данатаркызы

Күні:

10.02.2025

Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларда ондық бөлшекті натурал санға көбейту дағдысын қалыптастыру;

-Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін тұжырымдай алады;

-Есеп шығаруда ережені қолдана біледі;

Сабақ барысы:

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдас-

тыру кезеңі

5 минут

Сәлемдесу;

Сыныптағы оқушылардың көңіл күйлерін сұрап,оқушыларды түгелдеу;

Үй тапсырмасын «Көршіңді тексер» әдісімен тексеру

Өткен тақырыпты қайталау,

«Жасырын сыйлық» сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты ашу

Мұғаліммен сәлемдесу;

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау


Сабақтың мақсатын мұғаліммен бірге ашу, сұрақтар туындаса мұғалімнің көмегіне жүгіну

Дескриптор:

-Үй тапсырмасын дұрыс орындайды -1б

Кері байланыста ауызша бағалауды қолданамын

«Өте жақсы»

«Жарайсың»

Интертақта

Сабақтың

басы


5 минут

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін:

  1. үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;

  2. ондық бөлшекте үтірден кейін неше цифр болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

Мысалдар


Оқулық, дәптер, қалам

Сабақтың

ортасы


25минут

Жеке жұмыс. (Оқулықпен жұмыс)

812-813.

Оқушылар оқулықтан

812,813 есептерді тақтаға шығарады, дәптерге жазады.

Дескриптор:

-көбейтуді орындайды-1б

-үтірді дұрыс ажыратады- 1б


Оқулық

Дәптер

Тақта

Бор


Жұптық жұмыс.

Оқушыларға тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар беріледі. Тапсырмаларда жауаптарымен сәйкестендіреді.

Оқушылар қарындашта белгіленген сандар бойынша жұптасады тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

-ондық бөлшектерді қосуды (азайтуды)орындайды -1б

-ондық бөлшектерді натурал санға көбейтуді орындайды - 1б

-жауабын сәйкестендіреді - 1 б

Кеспе қағаздар,

Дәптер қалам



Сергіту сәті.

Әр топтан бір оқушы шығып бес саусақпен қарындаштарды жинау қажет.

Саусақтың көмегімен қаламдарды жинау қажет.

Ауызша бағалауды қолданамын

«Өте жақсы»

«Жарайсың»

Қалам

Функционалдық сауатты

лыққа арналған тапсырма

Топтық жұмыс

Әр топқа мәтін есептер беріледі. Есепті шығарып жауабын негіздейді.

1 топ. Оқушылар электронды таразыны қолданып есеп құрастырып, оны шығару қажет.(қажетті заттар алма, мандарин).

Мысалы, 1 алма-6,2 грамм болса, ол дәл сондай 5 алма алғысы келеді, ал 1 мандарин 5,7 грамм болса, ол дәл сондай 3 мандарин алғысы келеді, алма мен мандариннің массасы неше грамм болады?

2 топ. Оқушылар партаның ұзындығы мен енін, өлшеуіш құралдың көмегімен партаның периметрін табады. P=(a+b)*2 формуласын қолданып шығарады.

3 топ. Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі. Айгүл торт пісіреді. Оған тапсырыс беруші 5 бірдей торт дайындауын өтінді. 1 торт дайындауға 0,5 кг ұн және 1,5 л кілегей қажет. 5 торт дайындау үшін қанша кг ұн қанша литр кілегей қажет.

Оқушылар топтасып тапсырмалар орындайды. Есепті шығарып постер ретінде қорғайды

Дескриптор:

-Берілген құралдарды қолданып есеп шартын жазады- 2 б;

-Есептеулер жүргізеді - 1 б;

-Жауабын негіздейді - 1б;


А3 қағазы, электронды таразы, өлшеуіш


Сабақты бекіту

«Баскетбол» әдісі арқылы тест тапсырмасын орындау

Оқушылар тақтада көрсетілген сұрақтарға ауызша жауап береді жауап береді

«Жарайсын!», «Керемет!» деген ынталандыру сөздерімен мадақтаймын


Сабақтың

соңы

5 минут

Кері байланыс. «Ауа-райы»


Бағалау

Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма. Оқулықтан №830 есеп

Анықтамаларды жаттау

Бағалау парақтары бойынша жинаған ұпаймен 1-10 баллмен бағалау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2025
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі