Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту" 5-сынып ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған, PISA тапсырмалары кіріктірілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім: Ондық бөлшектер

Мектеп: М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия


Сынып: 5

Мұғалімнің аты-жөні: Курманбекова Наркыз Акылбековна


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Ондық бөлшектерді көбейту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау

Сабақтың мақсаты

Оқушылар ондық бөлшектерді натурал санға көбейтуді үйренеді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • ондық санды натурал санға көбейтуді;

  • ондық санды ондық санға көбейтуді;

  • ондық сандары көбейткенде геометриялық интерпретация жасайды;

  • қолданбалы есептер шығарғанда ондық сандарды көбейтуді пайдалана алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар кіші топтық жұмыстарда бір – біріне көмек көрсете алады, көшбасшылық қабілеттерін дамытып, өз жұмыстарын бағалағанда шыншыл бола алады. Берілген тапсырмалардің біреуі спорт жайлы және оның пайдасы жайлы мәліметер беріледі. Қосымша мәліметтер іздестіруді талап ететін тапсырмалар оқушының зерттеушілік қабілетін дамытады.

Басқа пәндермен байланысы

Тарих, География

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар Интернет желісі көмегімен берілген тапсырманы шешу үшін өздеріне қажетті мәліметтерді іздестіре алады. Және де компьютерлік техниканы ойын сабақ үстінде пайдалана алады.


Бастапқы білім

Ондық сандарды, ондық сандарды қосу және азайту амалдарын, координат жазықтығында ондық сандарды белгілей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сәлемдесу. Мотивациялық сәт.Видео көру.


1 мин. Оқушылармен әңгімелесу. Оқытушының сұрақтары:

  • Ондық сандар жайлы не білдіңіз? Олар қалай пайда болды?  

  • Ондық сандарға қандай амалдар орындай аласыз? 

  • Сіз қалай ойлайсыз, күнделікті өмірде ондық сандарды натурал сандарға және ондық сандарға көбейте білудің  қажеттілігі бар ма?


Сабақтық тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.



https://twig-bilim.kz/film/decimals-decimal-day-6817/










Слайд презентация

Сабақтың ортасы

Мәселе сұрақ қою. Жұптық жұмыс.

1 тапсырма

  1. МРисунок 2 әтінді оқыңыз:

Ертіс - республикамыздағы ең үлкен өзен. Ұзындығы - 4248 км. Оның Қазақстандағы ұзындығы - 1700 км. Моңғол Алтайынан басталып, Қазақстанның шығысынан өтеді де, Ресей аймағындағы Обь өзеніне келіп құяды. Негізгі суды Алтай, Сауыр тауының өзендерінен алады. Ертіс «иір өзен, иір су» деген мағынаны білдіреді. Өзен суы күздің соңғы айларынан көктемге дейін қатып жатады. Жылы кездерде кеме қатынасына мүмкіншілік болады. Ертіс қалаларды, өндірісті, кейбір егінді алқаптарды сумен қамтамасыз етеді. Ертіс - Қарағанды каналы тартылған. Өзен бойында XVIII-XIX ғасырлар аралығында салынған қазіргі Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Семей аумағындағы судың ағыс жылдамдығы орта есеппен алғанда 1,5 м/с құрайды.

Сұраққа жауап беру үшін қажетті ақпаратты табыңыз:

«Қағаздан жасалған қайықты Семейдегі Ертіс өзеніне жіберсеңіз, 3 секундтан кейін ол неше метр жүзеді?»

Жұптағы оқушылар жұмыстарымен алмасып, оларды талқылайды. Олардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады.

Мұғалімнің сұрақтары:

- Қандай мәлімет сұраққа жауап беру үшін ең қажетті болып саналады?

- Ізделінді арақашықтықты қалай есептедіңіздер?

- 1,5 қандай сан?

- Ал 3 саны ше?

- ондық сандарды натурал сандарға көбейту ережесін құрастырыңыз.

Оқушылар жауабын мұғалім барынша түзетіп отыруға тырысуы қажет, нәтижесінде оқушылар ондық сандарды натурал сандарға көбейту үшін, ондық санды натуарл санға неше рет қосса сонша рет қосу керектігін түснеді..

Көбейту ережесін оқушыларға құрастырту. Алдыңғы тапсырманы жауабы қарастырылады.

Оқушылар жеке көбейту ережесін құрайды. Жауаптары айтылады.

2 тапсырма

Бірінші тапсырманы осылай шештіңіздер:


.


Оны баған түрінды балайша жазуға болады:

Өзіңіз қорытып шығыңыз: Ондық бөлшекті натурал санға баған бойынша қалай көбейту керек?

Ол үшін бос орындарды толтырыңыз:

1,5 ондық бөлшегін 3 санына көбейту үшін:

1) үтірге назар аудармай, 15 және 3 натурал сандарын _______________ керек;

2) шыққан көбейтіндідіен ондық бөлшекте неше ______________________ болса, көбейтіндіде он жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.


Сараланған үш деңгейлі тапсырмалар пайдаланылады. Оқушылар жеке таңдаулары бойынша тапсырмаларды орындай алады.

Жауаптар бір деңгейдегі тапсырмаларды орындаған кіші топтарда тексеріледі. Нақты жауапты мұғалім тексереді.

Қосымша-1






























































Қосымша-2













Қосымша-3



PISA тапсырмасы

PISA-2018

Халықаралық зерттеу тапсырмалары

Астана 2016

Дескриптор

  • натурал санды ондық бөлшекке көбейтеді;

  • бір минутта метрмен жүрген жылдамдығын табады;

  • бір сағатта километрмен жүрген жылдамдығын табады;

  • дұрыс жауабын жазады.


Сабақтың соңы

Рефлексия. Үй тапсырмасы.


Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Таңдалған сабақ беру әдістері мен таңдау бойынша сараланған деңгейлі тапсырмалар. Жеке тапсырмалар орындау барысында әлсіз оқушыға түсіну үшін көмек көрсету , мықты оқушыға – бағыттаушы сұрақтар қою. Қабілетті оқушылардан тапсырмалардың барлығы орындалуы немесе аздаған қате жіберіп орындалуы күтіледі.

Бақылау

Әңгімелесу

Түсінуге сұрақтар

Өзін – өзі бағалау

Рефлексия

Сыныпты желдету, ноутбук пен ұялы телефон пайдалану ережесін қайталау, Физминутка мен оқушылар назарын аудару тәсілдерін пайдалану.

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімде сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жа бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




3-қосымша

3 тапсырма

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2021
1265
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12