400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімлеріне әдістемелік көмек бола алады. Ашық сабақтың өту жоспары берілген, мұнда 5 сынып оқушыларына математика пәні бойынша ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып түсіндіруге көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін __________


Қысқа мерзімді жоспар. Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В бөлім: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған сыныптары бар “Мұрагер” мектебі

Күні: 27.02.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Жарылқап Ж.М.

Сынып: 5 «Z»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.14 - ондық бөлшек түрінде жазылған сандардың теңдігін түсіну;

5.1.2.25 - бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстыру.

5.5.2.5 - ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып есептер шығару

Сабақ

мақсаттары

  • Бөлшектерді бір жазылу түрінен басқа жазылу түріне ауыстырады;

  • Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып есептер шығарады;

  • Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады;

  • алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді;

  • ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады

Тілдік

мақсаттар

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы

Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет

Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады.

Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …)

Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін.... қажет

Құндылықтарды дарыту

Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту - өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық

байланыстар

Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралық байланыс жүзеге асады.

АКТ қолдану

дағдылары

Слаид, карточкалар, рефлексияға арналған парақшалар

Бастапқы білім

Жай бөлшектер, дұрыс\бұрыс бөлшектер, бөлу және бөлшек байланысы, , бөлшектің негізгі қасиеттері, аралас сандар, натурал сандардың және ондық бөлшектердің разрядтары

Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық аспектісі

Есептеу дағдыларын, математикалық тіл, есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту;

Өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін, сабақта мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын қалыптастыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы







І. Ұйымдастыру кезеңі:


1.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сабаққа қатынасты тексеру.

2.Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа шоғырландыру

Үй тапсырмасын тексеру: № 730 (2, 4, 6, 8, 10, 12);

731 (2, 4, 6, 8, 10, 12)


Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қою (ондық бөлшектерді 10, 100, 1000, … және 0,1, 0,01, 0, 001 сандарына көбейту және бөлу ережелері) арқылы дұрыс жауап берген оқушыдан үй жұмысын сұрау. Карточкалар көмегімен жауаптың дұрыстығын тексеру(қызыл және жасыл).


«Эстафета» әдісі арқылы оқушылардың білімін тексеру.

Ондық бөлшек түрінде жазыңыз:

1-нұсқа: ; ; ; ; ;

2-нұсқа: ; ; ; ; 43 ;

Тақырыпты анықтау. Сабақ тақырыбы мен мақсатын ашу үшін оқушыларға бейнекөрініс көрсетіледі: https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/5-synyp/ondyq-bolshekter-ondyq-bolshekterding-oqyluy-men-zhazyluy







Презентация,


Слайд 1


Слайд 2






Карточкалар таратылады


Слайд 3






Сабақтың ортасы























Сабақтың соңы


Жұптық жұмыс. Оқулық бойынша есептер ұсынылады. Жұптар бір-біріне жұмыстарын алмастырып, дұрыс жауап арқылы тексереді.


Есеп № 738( 1,3,5)


Тақтамен жұмыс. Есеп № 746 (1, 3). Шығарылған есептің дұрыстығын карточкалар көмегімен тексеру.


Қалыптастырушы бағалау.

Есеп № 737 (1, 3, 5). Есеп жауабының дұрыстығын тексеру (карточка көмегімен). Тақырыптың қаншалықты меңгерілгендігіне қорытынды жасау.


Сабақты қорытындылау.

- "Ондық бөлшек" дегеніміз не?

- Ондық бөлшек қайда қолданылады?

- Қандай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болады?

- Қандай жағдайда жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болмайды?


Үй тапсырмасы: 738 (2, 4, 6), № 746 (2, 4).









Слайд 4


















Слайд 5





















Рефлексия


  1. Сабақта мен .... жұмыс жасадым

Shape2

белсенді

Shape1

Белсенді емес




  1. Сабақтағы жұмысыма ....


Shape4

ризамын

Shape3

риза емеспін




  1. Сабақ мен үшін .... болып көрінді

Shape5

қысқа

Shape6

ұзақ





  1. СShape7

    шаршамадым

    Shape8

    шаршадым

    абақта мен .....




  1. МShape10

    көтеріңкі болды

    Shape9

    түсіп кетті

    енің көңіл-күйім ....




  1. Сабақтағы мәлімет мен үшін ....

Shape11

Қызықты, пайдалы


Shape12

Қызықсыз, пайдалы емес




  1. Үй тапсырмасы маған ... көрінеді


Shape13

оңай

Shape14

қиын


























Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктеу тапсырмалары, нақты оқушыдан күтілетін нәтиже арқылы, оқушыға көрсетілетін жекелеген қолдау, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалы мен ресурстарды таңдау арқылы көрінеді.

Саралау сабақтың кез келген кезеңінде уақытты ұтымды пайдалану арқылы қолданылуы мүмкін.

Оқушының жұмысын бақылау және диалогты қолдану арқылы жүргізіледі.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаттары және күтілетін нәтижелер сабақтағы меңгерілетін мәліметке сәйкес болды.

Сабақта жұмыс атмосферасы сезілді.

Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау оқушылардың қабілетіне сай болды.

Сабақта уақыт тиімді пайдаланылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Ондық бөлшектермен танысу бойынша дифференциация.

2: Мәселелік тапсырма

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бағыттаушы сұрақтардың ммұқият ойластырылуы

2: Кинестетиктер үшін тапсырмалар таңдау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Келесі сабақта есеп шешімін тексеру дағдыларын дамыту үшін қате жіберілген тапсырмаларды қарастыру. Жұмыстары 60% -дан төмен болған оқушыларға назар аудару.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1829
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі