Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өнеге отбасынан

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға тәрбиелік мәні зор
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп___№_20Мерзiм___Тақырып «Өнеге отбасынан»
Құндылық. Дұрыс іс-әрекет. Қасиеттер: мейірімділік, жақсылық.

Мұғалiм . Сынып 4 «Е»_Оқушылар саны_24___

Сабақтың мақсаты:

  1. Бала тәрбиесіндегі ата –ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру;

  2. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту;

  3. Достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Көрнекті құралдар: Плакаттар,стикерлер,оқулық дәптер


1.мин

-Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. -Сәлеметсіздер ме балалар? Көңіл- күйлеріңіз қарай? Оқушылармен танысу Оқушыларды түгендеу.

1мин

2.Тыныштық сәті: Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп,


күлімсіреңіз!


5

3.Үй тапсырмасын сұрау: «Қойшы Қаһарман»

5

4. Мәтінмен жұмыс

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестірді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таңқалғанына қарап:

-Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көпте болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын,-дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден ешнәрсе түсінбейді. Ақкөңіл дихан күлімсіреп: ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенде мынаны айтпақшы болдым.бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда , олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын,-дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерінін аямай көрсетіпті деседі.

4


5. Бейнебаян

Бақытты отбасы


5

6. Сабақтың дәйексөзі

Ата- асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ


4

7. Топпен ән айту: Әке ана .

Әні:: Әбдіжаппар Әлқожа

Жанашырым –ана, дара шыңым –ана

Бар асылым-ана, шуағымсың.

Бағбанымсың-әке, зор бағымсың-әке

Қорғанымсың –әке, шырағымсың.

Қайырмасы:

Ана- аяулым өзіңмен мақтанамын.

Ана-мен сені меккеге апарамын

Ана- баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке-бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке- мен сені меккеге апарамын.

Әке –биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

2). Өмір берген маған, көңіл бөлген маған.

Сенім берген маған айкүнімсің,

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

4


8.Шығармашылық жұмыс:.

1-Топ “Менің отбасым тақырыбына сурет салу“

2-топ “Өнегелі отбасы” тақырыбына өлең шығару.

3-топ “Біздің отбасы осындай” тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.


5

9.Дәптермен жұмыс

Менің бақытты отбасым әңгіме құрастыру

3

9. Тыныштық сәті: Балалар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Біз табиғатты тамашалап жүрміз. Жайқалған жасыл әлем.  Таза ауамен терең тыныс алайық. Біздің көңіл-күйіміз көтерілді. Жүрегіміз қуанышқа, шаттыққа толды. Тамаша табиғатта серуендеп келеміз. Айнала жап-жасыл. Алдымыздан мөп-мөлдір, тап-таза бұлақ шықты. Бұлақтың суын ішеміз. Біздің ойымыз да, бойымыз да бұлақтай тазарып, денсаулығымыз жақсара түсті. Өзімізді жеңіл, сергек сезіндік. Сәл ғана жүріп, аққайыңның көлеңкесін саялап отырып демаламыз. Біздің жан дүниеміз тынышталды, рахатқа бөленді, көңіл-күйіміз көтерілді. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.

5

10.Жүректен-жүрекке.

-Ортаға шеңберге тұрып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өнеге отбасынан» болғандықтан осы сабағымызды аяқтай отырып ,сабақтан алған әсеріміз бен адам бойындағы жақсы қасиеттерді бір- бірімізге ақ тілекпен жеткізейік

  • әдептілікті сақтайық

  • ұқыптылық ережесін жақсы меңгерейік.

  • ұқыптылық ережелерін іске асырайық.

  • Табанды болайық

  • Іскер болайық

  • еңбекқор болайық

  • табиғатты қорғайық

  • құсты атпайық

  • гүл өсірейік

  • сабақты жақсы оқиық

  • үлкенге құрмет көрсетейік

  • кішіге қамқор болайық

Мұғалім:

  • Менің тілегім шөліркемей гүл тұрсын.

  • Менің тілегім жерім жайнап құлпырсын

  • Менің тілегім көкте мәңгі күн тұрсын

  • Менің тілегім мәңгі ыстық тыныштық тұрсын


3

11.Қорытынды: -Біз бүгінгі сабақтан не үйрендік, балалар?

Ата- ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шешеде балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.

3

12.Үй тапсырмасын беру: Қойшы Қаһарман мазмұндап келу.


























Маңғыстау гуманитарлық колледжі







Ашық сабақ



Дайындаған: Бимурзаева А.Р.

Өткізетін сыныбы: 4 «е»

Күні: 22.02.17.

Әдіскер: Қойшығұлова А.К.

Мұғалім: Ердәулетова Ф.

Бағасы: ____________

Қолы: _______________













Ақтау қаласы 2017 жыл



Бекітемін:


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп___№_20Мерзiм___Тақырып «Өнеге отбасынан»
Құндылық. Дұрыс іс-әрекет. Қасиеттер: мейірімділік, жақсылық.

Мұғалiм_Нәрембаева Эльмира. Сынып 3 «Д»_Оқушылар саны_24___

Сабақтың мақсаты:

  1. Мейірімділік қайырымдылық құндылықтары туралы

  2. түсініктерін кеңейту:

  3. Оқушылардың психологиялық ой өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту:

  4. Мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Көрнекті құралдар: Плакаттар,стикерлер,оқулық дәптер


1.мин

-Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. -Сәлеметсіздер ме балалар? Көңіл- күйлеріңіз қарай? Оқушылармен танысу Оқушыларды түгендеу.

1мин

2.Тыныштық сәті: Орманға саяхат.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігін сезінініз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, Мен осындамын деп,


күлімсіреңіз!


5

3.Үй тапсырмасын сұрау: «Алтын мүйіз»

5

4. Мәтінмен жұмыс

Сары тауық пен балапандары

Күздің бір күні сары тауық балпандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр жауып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандары қанша асықса да, мекеніне жеткізе алатын емес.

Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді. Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. а а айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бір ден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырады. Кезек ең кенжесіне келді. Ана оны сыртқа шығармады.

Сары тауық өзінің балапандарын қандай қасиеттерге баулыды,

4


5. Жағдаяттарды шешу:

  1. Сен аулада ролик теуіп жүрдің,ал сенің досынның ролигі жоқ,сенің әрекетің?

  2. Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты,сен не істер едің?

  3. Сенің ананң ас дайындап жатыр,ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

  4. Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты ,сен абайсызда ол әжені қағып кеттің,оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды,сен не істер едің?


5

6. Сабақтың дәйексөзі

«Мейірімділікті анадан үйрен»

4

7. Ойын жаттығу:

«Кім және не мейрімді?»

Күлімдеген ..... мейрімді.

Кіршіксіз ақ ..... мейрімді,

Таза мөлдір .....мейрімді,

Бәрімізді көтеріп тұрған ... мейрімді

Аяулы ..... мейрімді,

Қадірлі .....мейрімді

Әлпештеген ..... мейірімді

Еркелеткен ..... мейірімді

Жылы жүзді .... мейірімді

Тату-тәтті ...... мейірімді


4


8.Шығармашылық жұмыс:.

1-Топ «Мен мейірімді баламын тақырыбына әңгіме құрастыру»

2-топ “мейірімділік” тақырыбына өлең шығару.

3-топ “мейірімді болу үшін не істеу керек? ” тақырыбына сурет салу.


5

9.Дәптермен жұмыс

Мен мейірімді баламын

Өйткені......

3

9. Тыныштық сәті: Балалар, қолдарыңды тізелеріңе қойып, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Біз табиғатты тамашалап жүрміз. Жайқалған жасыл әлем.  Таза ауамен терең тыныс алайық. Біздің көңіл-күйіміз көтерілді. Жүрегіміз қуанышқа, шаттыққа толды. Тамаша табиғатта серуендеп келеміз. Айнала жап-жасыл. Алдымыздан мөп-мөлдір, тап-таза бұлақ шықты. Бұлақтың суын ішеміз. Біздің ойымыз да, бойымыз да бұлақтай тазарып, денсаулығымыз жақсара түсті. Өзімізді жеңіл, сергек сезіндік. Сәл ғана жүріп, аққайыңның көлеңкесін саялап отырып демаламыз. Біздің жан дүниеміз тынышталды, рахатқа бөленді, көңіл-күйіміз көтерілді. Осы сезімімізбен сыныбымызға оралайық.

5

10.Жүректен-жүрекке.

-Ортаға шеңберге тұрып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Өнеге отбасынан» болғандықтан осы сабағымызды аяқтай отырып ,сабақтан алған әсеріміз бен адам бойындағы жақсы қасиеттерді бір- бірімізге ақ тілекпен жеткізейік

  • әдептілікті сақтайық

  • ұқыптылық ережесін жақсы меңгерейік.

  • ұқыптылық ережелерін іске асырайық.

  • Табанды болайық

  • Іскер болайық

  • еңбекқор болайық

  • табиғатты қорғайық

  • құсты атпайық

  • гүл өсірейік

  • сабақты жақсы оқиық

  • үлкенге құрмет көрсетейік

  • кішіге қамқор болайық

Мұғалім:

  • Менің тілегім шөліркемей гүл тұрсын.

  • Менің тілегім жерім жайнап құлпырсын

  • Менің тілегім көкте мәңгі күн тұрсын

  • Менің тілегім мәңгі ыстық тыныштық тұрсын


3

11.Қорытынды: -Біз бүгінгі сабақтан не үйрендік, балалар?

Күлімдеген күн мейірімді

Кіршіксіз ақ қар мейірімді

Аяулы анам мейірімді

Қадірлі әкем мейірімді

Әлпештеген әжем мейірімді

Еркелеткен атам мейірімді

Жылы жүзді ұстазым мейірімді

Тату-тәтті достарым мейірімді

3

12.Үй тапсырмасын беру:




































Маңғыстау гуманитарлық колледжі







Ашық сабақ



Дайындаған: Бимурзаева А.Р.

Өткізетін сыныбы: 3 «д»

Күні: 16.02.17.

Әдіскер: Қойшығұлова А.К.

Мұғалім: Нәрембаева Э.

Бағасы: ____________

Қолы: _______________













Ақтау қаласы 2017 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12