400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Өнеге отбасынан" отбасылық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз Әр таңды бақытпенен аттырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз Сайысқа қатысатын топтарды шақырамыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттау. Балалардың денсаулығын нығайта отырып, ойын арқылы әртүрлі қимылды жаттығулар жасату. Достыққа, ептілікке, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, шарлар.

Керекті құрал-жабдықтар: шелек,скакалка,мата,жіптер,ілгектер,ине,қайшы,карандаштар.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті мұғалімдер және ата-аналар мен оқушылар. Бүгінгі «Өнеге отбасынан» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

Көңілді жарысқа 6-7 сынып оқушыларымен ата-аналарымыз қатысады.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз

Әр таңды бақытпенен аттырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз

Сайысқа қатысатын топтарды шақырамыз.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын.

Ал, құрметті халайық

Жарысты енді көріңдер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер

Әділқазылар алқасы:

Жүргізуші: Тәрбие отбасынан бастау алса дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор.

Отбастық сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын сауықты бағдарламасы осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарымыздың арасында өткелі отыр. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Шынықсаң шымыр боласың, сауығып айдай толасын

Спортты серік ете біл, жеңімпаз болу оңай ма?

Арман болған талайға, болмаса да ұқсап біл, жарысқа түсіп қалайда.






Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. Таныстыру, эмблема, ұран

  2. Отбасы мерекесіне орай тілек жазу (жүрекшеге стейкер жабыстыру)

  3. Скакалка мен секіріп барып, сурет салу. (өз бейнесін)

  4. Шелектегі суды қасықпен тасу. Кестеленген матаға ілгекті қадау.

  5. Тунел арқылы өтіп арасынан тапсырма берілген қағазды алып, орындау.

  6. Ата-ана өз баласын кедергілер арқылы апарып алып келу.

Сайысты ойынымызды бастағалы тұрмыз.Жаттығу жасап бойымызды сергітіп алайық. «Қара жорға биі».

Қорытынды:

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады-демекші сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап марапаттау сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.

Құрметті Оқушылар,сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет

сау болыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.01.2019
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі