Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Өнеге сағат Ата – дәстүр – асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, оқушылардың білімдерін ойын арқылы тереңдете түсу, тапқырлықты, ой – өрісін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты қадір тұту, туған жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке, отбасы арасындағы сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Т үркістан облысы

Түлкібас ауданы Абай ауылы

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Утепова Анар Сапаровна




Сабақтың тақырыбы: «Ата – дәстүр – асыл қазына»


Мақсаты: Халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, оқушылардың білімдерін ойын арқылы тереңдете түсу, тапқырлықты, ой – өрісін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты қадір тұту, туған жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке, отбасы арасындағы сыйластыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мақал – мәтелдер, суреттер, тыйым сөздер, қанатты сөздер.

Түрі: танымдық сайыс, пікір талас.

Сабақтың барысы:

Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! бүгінгі біздің өнеге сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт – дәстүріміздің көнермейтіндігін еске алып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.
Сонымен
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының бастамасымен салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт – дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.
Ендеше еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!

Бүгін біздің өнеге сабағымызға келіп отырған қонақтарға біздің жүрегімізден шыққан жылы лебіздерімізді сыйлайық. (оқушылар қонақтарға жылы сөздер жазылған жүрекшені сыйлайды.)

Ал енді сөз кезегін менің көмекшіме Алибек Гулбақытқа берейік!

Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Ұлттық салт – дәстүрді насихаттау, ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында ұйымдастырып отырған « Ата – дәстүр – асыл қазына » атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Салт – дәстүр, әдет – ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра.
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата – бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты,
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты, - демекші, бүгінгі топтық сайысты бастамас бұрын талапкерлердің ойынына әділ баға беретін сарапшылар тобымен таныстырып өтейік. Әділ қазыларды таныстыру.

Енді ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаушы топтарымыз өздерін таныстырып өтсін.

1 топ. – Біз тобымызды « Аманат» деп атадық. Себебі ғасырдан ғасырға , ұрпақтан ұрпаққа қаймағы бұзылмай келе жатқан салт- дәстүрімізді бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған. Аманатқа қиянат жасамай , келер ұрпаққа жеткізу біздің басты парызымыз.


2 топ. – Ал біз тобымыздың атын « Шаңырақ» деп атадық. Өйткені шаңырақ - қазақ ұғымындағы қасиетті дүние. Егеменді еліміздің шаңырағы биік болған жағдайда ғана салт – дәстүріміз жаңғыра бермек.


2 - бөлім:
«Мақал – сөз атасы» кезеңінде әзіл сұраққа мақалмен жауап беру.

« Аманат» тобына сұрақ
1. Жыланды інінен қалай шығарады? (Жылы – жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2.
Қар жауа ма? (Қалауын тапса, қар жауады)
3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу – инемен құдық қазғандай)
4. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
5. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
6. Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы елу)
7. Тауық түс көре ме? ( Тауықтың түсіне тары кіреді)
« Шаңырақ»
тобына сұрақ
1. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан – оттан да ыстық)
2. Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелері. (Көз – қорқақ, қол – батыр)
3. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады? (Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)
4. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын)
5. Жаман атты, жаман жолдасты немен алмастыруға болады? (Жаман аттан аяғың артық, жаман жолдастан таяғың артық).
6. Бір рет өлуге болады немесе мың рет өлуге де болады. (Батыр бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі)
7. Ел іші қандай бесік? (Ел іші – алтын бесік)


3 бөлім « Тіл өнері». Бұл бөлімде мақал – мәтелдегі орнынан түсіп қалған сөздер қазақ, орыс , ағылшын тілдерінде айтылады.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Көз – қорқақ,

Қол – батыр.

Құтты қонақ келсе,

Кой егіз туады.

Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем

Үйді қорғау – есіктен,

Елді қорғау бесіктен басталады.

Шақырған жерден қалма,

Шақырмаған жерге барма.

Келгенше қонақ ұялар,

Келіп болған соң үй іші ұялар.

Қонақ қойдан да жуас,

Май берсе де жей береді.

Тас түскен жеріне ауыр.
4 – бөлім:
«Мықты болсаң - тауып көр» (суреттер арқылы тыйым сөздер айту)
1. Бетіңді баспа.
2. Тізеңді құшақтама.
3. Өтірік жылама.
4. Аққуды атпа.
5. Отпен ойнама.
6. Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.
7. Ақты төкпе.
8. Орынсыз күлме.
9. Қолыңды төбеңе қойма.
10. Етбетіңнен жатпа.
11. Қолыңды артыңа ұстама.
12. Түнде күлді шығарма.
13. Күлді қолмен шашпа.
14. Ерніңді шығарма.
15. Бала бетіне үрлеме.
16. Дастарқанды, тамақты баспа.
17. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
18. Малды, ыдысты, тамақты теппе.


5. Бөлім Жүргізуші: - Қазақ халқы қандай өнер болмасын оны ерекше құрмет тұтып, асқақтата білген. Келесі бөліміміз « Өлең сөздің патшасы» деп топтың ортасынан өздерің сүйіп оқитын ақындардың өлеңдерін оқуға шақырамыз.


6. Бөлім Жүргізуші: : Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар. Жеті жұрт, жеті қазына, жеті жетім, жеті ата, жеті қат жер, жеті қат көк. Ал енді келесі тапсырмамыз «Ғажайып жетілік» Топ басшылары бір санды таңдаңдар, топ мүшелерімен ақылдасып сұрақтарға жауап бересіңдер. Мұнда сұрақтардың мағынасын түсіндіру керек.

1- сұрақ ШІЛДЕХАНА (салт)- Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын- сауық той.
2-
сұрақ КІНДІК КЕСЕР (салт)- Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу- мәртебелі , абыройлы іс.
3-
сұрақ БЕСІККЕ САЛУ (салт)- Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4- сұрақ ҚЫРҚЫНАН ШЫҒАРУ(салт)- Баланың туғанына 40 күн толған соң оны ыдысқа 40 қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан- жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5- сұрақ ТҰСАУ КЕСЕР (салт)- Тұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.

... Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.

6- сұрақ АТ ҚОЮ (ғұрып)- Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдермен әгілі адамдардың атын қойған. Бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.

7- сұрақ ТЫШТЫРМА(дәстүр)- Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «ТЫШТЫРМА» деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала- шағаларына үлестіріп береді.






7 – бөлім: «Қаншалықты білемін?»


1 - Топ:
1. Қ. Р. Президенті кім?
2. Қазақтың ұлы ақыны?
3. Тудың авторы?
4. Қазақ халқының ұлттық аспаптарын ата?
5. Қазақстан астанасын ата?
6.
Үш жүзді ата?
7.
Төрт түліктің пірін ата.

2 – топ:
1. Рәміздерді ата?
2. Гимннің авторларын ата?
3. Күй атасы кім?
4. Қазақтың батыр қос қарлығашы?
5. Қ. Р – ның мемлекеттік тілі қай тіл?
6. Үш биді ата?
7. Өзің тұратын ауыл қалай аталады?


8 – бөлім. «Бейне сұрақ» бөлімі. Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына киіз үйдің ішінде сұрақтар жасырынып тұр. Бір киіз үйді таңдаңдар.

Салт – дәстүр

1-оқушы: Салт - халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Мысалы, наурыз көже, қыз ұзату, қонақасы, шашу, ерулік ата салтымыз болып саналады. Қазақтың өмір салты, өнер салты - тарихи мәдени мұра.

2- оқушы: Дәстүр - мәдениеттілік белгісі. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу т.б дәстүрге жатады. Бір таңқаларлық жай қазақ халқы салт пен дәстүрге өте бай. әдет, ғұрып, ишара, ырым, тиым, дағды, ым бәрі де осы салт-дәстүр мұхитының салалары мен тармақ тамшылары болып саналады. 

Ою дегеніміз не?


Оқушы: Ою-өрнектің бір түрі. Латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөз. Оюдың әрбір элементінде, көркем өрісі мен құрылымында терең мағына, үлкен мән бар. Оларды қалай болса солай қиюластыра салғаннан тамаша ою шықпайды. әр ою композициясы белгілі бір мақсатқа, мағына, мазмұнға құрылады. Қыздардың киіміне салынатын ою бір басқа да, жігіттер шапанының жиегін көркемдейтін ою одан өзгеше. Ұзатылатын қызға арналып басылған текемет пен сырылған сырмақ, тігілген көрпе түрлері, олардың бояулары да өзгеше болып келеді. Мысалы, қошқармүйіз элементінен құралған төртқұлақ оюы текемет, сырмақ ортасын, кебеже, сандық, жүкаяқ беттерін , батырлар сауытының жотасын, қалқандарының сыртын, кейде шалбардың тізе тұсын әсемдеуге қолданылады.


оқушы: «Қошқар мүйіз» өрнегінің мағынасы туған жер төсін толтырған отар-отар қой деген халықтың арман тілегін, молшылықты білдіреді. «Қос мүйіз» оюы өмірде жұбы жазылмасын дегенді ұқтырады. «Сұңқар мүйіз» оюы қонақжайлылықты білдіреді. 

9 – бөлім:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, сіздерге де, көңіл бөлген дұрыс сияқты. Олай болса сергіту сәтімізде сіздерге қояр тапсырмамыз: Мына үзік- үзік сөздерден мақал құрастыру керек. 


1) Ұяда............., ұшқанда ...................
(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)

2)Ата............, бала ..................... .
(Ата- бәйтерек, бала жапырақ.)
3)Ер......... , ез .................. .
(Ер бір өледі, ез мың өледі.
4)Өле ................. , бөле ...................
(Өле жегенше , бөле же.)
5)Таяқ ............... , сөз ................
(Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.)
6)Мал .............. , жер ...................
(Мал баққандікі, жер жыртқандікі. )
7)Тентектің ақылы ...................
(Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
8).................. сүйіндіреді, .................. күйіндіреді.
(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.)
9)Мысық................., тышқан....................
(Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек.
10)Мектеп ...................., білім…........
(Мектеп- кеме, білім- теңіз.)

10
– бөлім: (оқушылар сұрақ қояды, ата – аналар жауап береді)
«Салт – дәстүр – асыл қазынам» (дәстүрге байланысты сұрақтар)


1. Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады.
2. Қонақасы. Халқымыздың ерекше қымбат дәстүрі – қонақжайлылық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасын беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі.
3. Қол кесер. Соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға.
4. Сыбаға. Құрметті немесе өздерінің жақын – жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады.
5. Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады.
6. Енші. Балалары ер жетіп үй болғанда ата – анасы оған дүние – мүлік, мал беріп, жеке шығарады.
7. Бастаңғы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолдары болсын деген ниетпен бас қосып, ойын – сауық құрады.
8. АСАТУ(дәстүр)- Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалармен жігіттерге асатады .

9. Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

10. Бәсіре – қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын, ен салынған мал.

11. Кәде (дәстүр) айтта, ойын-тойда тағы сол сияқты ажарлы, базарлы мейрамдарда берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды. Кәдеге тоқтау жоқ,дәлел жүрмейді, кәде беру-міндет. «ат өлсе де, кәде өлмейді» деген атамыздан қалған аталы сөз бар. Той кәделері: тойбастар, айттық, мүше сұрау, көрімдік,тәбәрік, жыртыс, сарқыт. 

12. Қазан шегелеу (салт)- өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап қайырып»жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық танытып, оларға қонақасы береді. Демек «қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді.
13. Сауын айту. Бір елде ас, үлкен той болатын болса,  ол кісі күні бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт-дәстүрмен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын-жыршысымен, сойыс малымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді.



11 – бөлім.

Би: Қызыл, жасыл киінбесе 
Қыздың сәні кірер ме 
Мың бұралып билемесе 
Бидің сәні кірер ме – дегендей 
Келесі кезекті биге береміз. 

Қорытындылау – жеңімпаздарды марапаттау.



- Бүгінгі ұрпаққа ата – бабаларымыз ұлан байтақ жерді, салт – дәстүрді аманат етіп қалдырды. Ал бүгінгі ұрпақ келер ұрпаққа не қалдырады? Әрине, тілін және өзінің ұлт екенін танытатын салт – дәстүрді қалдырады. Ендеше ұлтымыздың ұлы ерекшеліктері, құндылықтары ғасырдан ғасырға , ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін деп тілейміз. Осымен салт – дәстүрімізді ұлықтауға арналған ойынымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!







Ы . Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп

Өнеге сабақ

2 – сынып

Тақырыбы: «Ата – дәстүр – асыл қазына».





Бастауыш сынып мұғалімі: Утепова Анар Сапарқызы







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
457
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12