Материалдар / "Өнегелі әке" атты спорттық сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өнегелі әке" атты спорттық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
"Өнегелі әке" отбасылық сайысы оқушы мен ата - ана арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Жанұядағы әкенің орны, әкенің балаға деген тәрбиесін жандандыру мақсатында өткізіліп отыр. Отбасылық тәрбиемен қатар спорттың да адам өміріне тигізер пайдасын түсіндіру, ата - ананы спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту және тәрбие мен спортты қатар байланыста ұстау ұсынылып отыр. Осы бағытта өткізілген сыныптан тыс жұмыстың болашақта оқушы мен ата - ана, ұстаз бен ата - ана арасындағы байланысты тиімді ұштастыруы сөзсіз деген пікір қалдырамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2018
2804
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өнегелі әке! атты спорттық сайысының өткізілу жоспары.

Мақсаты: Спорттың денсаулыққа тигізер пайдасын түсіндіру, ойынға

деген қызығушылықтарын арттыру, салауаты өмір салтын қалыптастыру. Әке мен бала арасындағы достық

қарым қатыныасты дамыту, әкелер ерлігін мақтан тұта жалғасытруға баулу, оқушы бойында патриоттық

сезім қалыптастыру. Жауапкершілікке, ептілікке, шапшаңдыққа, достыққа тәрбиелеу.

« Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген» деп Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай бәріңіздіңде егемен еліміздің бақытты ұл қыздарысыздар. Ата анамыздың сенімін анықтайтын сендерсіңдер балалар. Ол үшін денесі мығым, батыр да ержүрек, спорт сүйер ұл қыздар қажет. Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ ұлт болашағы болмақ. Әр отбасындағы әкелер шаңырақтың негізігі ірге тасы болып есептеледі. Сондықтан бала өмірінде әкенің рөлі орасан зор. Спорт денсаулық кепілі десек, Өнегелі әке спорттық сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Олай болса 5 сыныптар арасында өткелі отрған «өнегелі әке» спорттық сайысына қош келдіңіздер!!!

Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер! деп жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейік.

  1. Тәрбие ісінің орынбасары: Алмағанбетова.Ж.Қ

  2. Ата – ана: Шуленов.А.Е

  3. Дене тәрбиесі мұғалімі: Айжанов.А.Ә

Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Қозбаққызына береміз.

Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Спортшы жанұяларды шақырамыз!

Ортаға топ мүшелері келіп қатар бойынша тұрғызылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.

І. Өнер қуып жандары өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз,

Сайықа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер дейміз – деп

І турымыз топтар өздерін таныстырады. ( топ аты, төсбелгі, ұраны,)

Кедергілер арасынан жүгіріп өту.


ІІ. Денсаулық ол шыныққан,

Барлық дене мүшесі

Денсаулық ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі – дей келе ІІ турымызды бастаймыз.

ІІ. Ептілер сайысы:

Екінші кедергі қасық

Қасықта бар азық

Жүгіруге болмайды

Түсіруге болмайды. Тез барып, тез қайтуға асық. Қасықпен теннис шаригін түсірмей жүріп өту.

ІІІ. тур Кедергілер сайысы.

  1. Секіртпенмен секіру, төсеніштен домалау, жүгіріп барып белтемір (шығыршық) арасынан өту.

IV. тур. «Кім шапшаң?»

Үрілген шарды таяқшамен ұрып, түсірмей алып жүру.

V. тур . Қақпашы ойыны.

Топ басшысы тобына қарама қарсы шелек ұстап тұрады. Ойыншылар допты шелекке лақтырады. Топ басшы допты шелекпен қағып алуы қажет.


VI.тур. Қап киіп секіру.


VII. тур. Арқан тарту.


VIII. тур. Топ басшылар сайысы.

Әкелер қол күрес сайысына қатысады.


Таңданайық спортқа тамсанайық

Бәрімізде қосылып қол соғайық

Шабыттансақ, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! деп өз кезегін әділқазы мүшелеріне береміз.




Сайысқа қатысушыларды марапаттау.

Бүгін міне оң болып әр ісіміз

Жоғары боп күш, жігер, намысымыз !

Осылайша қуанышпен, думандатып

Аяқталды халайық, жарысамыз - дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.

































Сайыс шарты.



  1. Таныстыру .


  1. Кедергілер арасынан жүгіріп өту.


  1. Ептілер сайысы.


  1. Кедергілер сайысы.


  1. «Кім шапшаі?» .


  1. Қақпашы ойыны .


  1. Қаппен секіру .


  1. Арқан тарту.


  1. Топ басшылар сайысы. Әкелер қол күрес.




















ҚОРЫТЫНДЫ.


Сайыс қорытындысы бойынша:




5а сыныбы «Барыс» тобы

118 ұпаймен жүлделі І орынды иеленді.


5б сыныбы «Қыран» тобы

110 ұпаймен ІІ орынды иеленді.


5ә сыныбы «Достық» тобы

96 ұпаймен ІІІ орынды иеленіп марапатталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!