Өнегелі отбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнегелі отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз. Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін  туады демекші, ата – ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата – анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады. Балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым – қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау – келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Источник: https://www.tarbie.kz/8051
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаттары:Келешек ұрпақтың  көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту.

Сабақтың формасы: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға газеті, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!

Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.

Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін  туады демекші, ата – ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата – анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады.

Балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым – қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау – келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Сіздерді бүгінгі сабағымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін:  (отбасылар)

айыс шарттары мынадай:

1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.

2. «Білгенге – маржан…» — сұрақ-жауап.

3. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

4. «Баланың бас ұстазы – ата — ана» — тірек – схема құрастыру.

 

Әділ қазылар алқасының көмегімен бағаланады: (Әділ қазылармен таныстыру).

  1. Сайыс. Таныстыру

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — таныстыру.

  1. Сайыс. «Білгенге – маржан…» — сұрақ-жауап.

1 отбасына қойылатын сұрақтар:

1.Үш би  — Әйтеке, Төле, Қазыбек.

 2.Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз – Темірқазық.

3.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары – Домбыра, қобыз, жетіген.

4.ҚР мемлекеттік рәміздерін ата — Әнұран, елтаңба, ту.

5.Бала өмірге келгенде болатын той – Шілдехана.

 6.Сынған сүйекті салушы – Сынықшы.

7.Мұсылман дінінің пайғамбары – Мұхаммед Пайғамбар.

 8.Ұясы жоқ құс – Көкек.

 9.Оралхан Бөкейдің туған жері – Катонқарағай.

 10.Бала – балың,

Немере …(жаның).

2 отбасына қойылатын сұрақтар:

1.Жеті күн – Дүйсенбі, сейсенбі,…

 2.Бір мүшелде неше жыл болады? – 13 (12).

3.Қырық өтірікті айтқан бала – Тазша бала.

 4.ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ.

5.Қуанышты хабар үшін сұралады – Сүйінші.

6.Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? – Палуан.

7.Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал – Иін ағаш.

8.Жылқыда өт жоқ, құста … (сүт жоқ).

9.Ш. Уәлиханов қай облыста дүниеге келген? – Қостанай.

 10.Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала — … (жағасындағы құрақ).

3 отбасына қойылатын сұрақтар:

1.Қазақтың киелі сандары – 3,7,9,…

2.Қазақтың атақты күйшілері – Құрамнғазы, Дина, Қазанғап.

3.Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер – Алдар Көсе.

4.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? – 1995 жылы.

5.Балалр дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты – Атастыру.

 6.Қазақта халық емшісін кім деп атайды? – Тәуіп.

 7.Талқан түюге арналған көне құрал –

Келі, келсап.

8.Бақыт құсы – Аққу.

9. Абай мұражайы қай жерде орналасқан? – Семей.

 10.Бала тілі — … (бал).

«Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

 №1 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:Балаңыз кішкене дауыс көтерсеңіз болды, «үйден кетемін» деп ашулана бастайды. Мұндай жағдайда қандай шара қолданар едіңіз?

Балаға:Ата – анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрса сен қандай әрекет жасайсың?

2 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:Балаңыз мектепте сынып жетекшісімен келіспей қалды. Жағдай ушығып барады. Бала, тіпті мектепке барғысы келмейді. Сіз қандай жол табар едіңіз?

Балаға:Сынып жетекшісімен келіспей қалсаң, не істер едің?

3 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:Сіз балаңыздың өзінен үлкен балаға ақша беріп жүргенін көршіңізден естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

Балаға:Жасы үлкен бала сенен ақша талап етеді. Осы жағдайда не істер едің

1.«Баланың бас ұстазы – ата — ана» — тірек – схема құрастыру.

 2.«Тәрбие көзі не?»

3.«Ата – ана алдындағы борышым

Көрермендермен сұхбат жүргізу: Қай отбасы жеңіске жетеді деп есептейсің?

Қорытынды: Мұғалім жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасысмен таныстырып мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді:

«Өнегелі отбасы»;

«Ең өнерлі отбасы»;

«Ең білімді отбасы».



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2023
469
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі