Материалдар / «Өнегелі отбасылар» спорттық сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өнегелі отбасылар» спорттық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнегелі отбасылар» спорттық сайысы еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Сайысқа үш отбасы қатысады.Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны төртеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңдерден тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Тәлімді-тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өнегелі отбасылар» спорттық сайысы

Асхат: Армысыздар, бармысыздар!

Абзал: Қош келдіңздер, ұстаздар, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым!

Асхат: Бүгінгі 2а , 2ә-сынып оқушылары және ата-аналар арасында «Өмірге құштарлық» бағытында өткізгелі отырған «Өнегелі отбасылар» спорттық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

Абзал: Асхат,сен бұл сайыс туралы білесің бе?

Асхат: Негізгі теледидардан талай рет тамашалап, өзім де қатысуды іштей армандағанмын.

Абзал: Онда сайысымызды бастамас бұрын бағдарламаның мақсатымен таныстырып кетсек қалай болады?

Асхат: Жарайды, айтсақ айтайық.

Абзал: «Өнегелі отбасылар» спорттық сайысы еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама.

Асхат: Сайысқа үш отбасы қатысады.Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны төртеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңдерден тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Абзал: Тәлімді-тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептеледі.

Асхат: Ал осы мамырдың 15-і – дүниежүзілік жанұя күні. Осындай көп иелене қоймайтын тамаша мерекені жанұялық сайыспен тұтас өткізуіміздің мәнісі осында.

Абзал: «Спорт – денсаулық кепілі» десек, «Өнегелі отбасылар» спорттық сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Асхат: Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

Абзал: Ақ түсті жиекке орналасатын Досбол ағайдың отбасынан құралған «Жігер» отбасы тобы.

Асхат: Сары түсті жиекке Абай ағайдың отбасынан құралған «Сұңқар» отбасы тобы орналасады.

Абзал: Қызыл түсті жиекке Біржан ағайдың отбасынан құралған «Тұлпар» отбасы тобы орналасады.

Асхат:

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен!

Абзал: Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар!

Асхат: Мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, спорт жанашыры, көптеген шәкірттері спорттық додаларда бәйге алған игі шаралардың бастауы болып жүрген ағайымыз: Есенсариев Ысса

Абзал: Тәрбие мен тәліптің тірегі, тәрбие ісі жұмысының орынбасары –

Рысбай Бекберген

Асхат: Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Әр ойынның кезегі келгенде әділ қазылар алқасы бағасын беріп, сараптама жасап отырады.

Абзал: Бәйгені ат жаратып, шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп, сайысқа қатысушы отбасы топтарына ақ жол тілейік ағайын!

Асхат: Абзал, бағдарламамызды бастайық!

Екеуі: Кен-гу-ру!

Абзал: Шарты – қағазда берілген тапсырманы ағасы мен апасы ұстап тұрады, ал балалар, кенгуру шарымен секіріп барып, қаламдарын тістеп алады, келіп тапсырманы орындайды. Біреуі – есеп, біреуі – қазақ тілінен сөйлемді дұрыс орналастырып жазу.

Екеуі: сайыскерлер дайынбыз ба? Бір, екі, үш. Алға!

Асхат: Сайыстың тұсаукесер ойынына берілген бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ақ түсті «Жігер» тобы

Сары түсті «Сұңқар» тобы

Қызыл түсті «Тұлпар» тобы

Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер.

Рақмет! Келесі сайысымыз қалай аталады?

Екеуі: Ар-ба!

Абзал: Допты барғанша кругпен жерге ыршытып, кедергілерден айналып жүру керек. Ал қайтарда допты круг ішіне салып сүйреп келу керек.

Екеуі: сайыскерлер дайынбыз ба? Бір, екі, үш. Алға!

Асхат: Әділ қазылар алқасы қандай баға берер екен?

Ақ түсті «Жігер» тобы

Сары түсті «Сұңқар» тобы

Қызыл түсті «Тұлпар» тобы

Сайыс барысындағы жетістік пен қателіктеріне түсінік беріп кетсеңіздер.

Рақмет! Келесі үшінші бөліміміз: пин-гвин!

Абзал: Допты екі аяқтың ортасына қысып алып межеге дейін және кері қарай сол күйінде қайтып келіп отбасының келесі ойыншысына ұсынады.

Екеуі: дайынбыз ба? Бір, екі, үш. Алға!

Асхат: Қазылар алқасы бағалап жіберсек.

Ақ түсті «Жігер» тобы

Сары түсті «Сұңқар» тобы

Қызыл түсті «Тұлпар» тобы

Сараптама жасап кетсеңіздер.

Абзал: Рақмет! Келесі сайысымыз – қаңбақ шар.

Асхат: Қаңбақ шар ойынының ережесімен таныс болайық. Отбасының ересектері шарды баспен секіртіп, кедергілер арасымен айналып жүріп келуі тиіс. Ал балалар шарды үріп жүріп, кедергілерден айналып келуі керек.

Екеуі: дайынбыз ба? Бір, екі, үш. Алға!

Әділ қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын сұраймыз.

Ақ түсті «Жігер» тобы

Сары түсті «Сұңқар» тобы

Қызыл түсті «Тұлпар» тобы

Абзал: Рақмет! Келесі сайысымыз – Ғажайып суретші.

Асхат: Бұл ойында топтың үлкен ағасы шелекті басына киеді де баланың бірін арқасына мінгізіп алып кедергілер арасымен соқтықпай өтіп келіп, арқасындағы ойыншыны түсіріп, шелекті соның басына кигізеді. Отбасы мүшелері жабылып оны көтереді де қолына қалам ұстатып, адамның суретін салғызады. Болған соң бәрі қол ұстасып, межеге жүгіріп келеді. Әрі жылдамдық, әрі шеберлікті талап етеді бұл ойын.

Дайынсыздар ма?

Екеуі: бір, екі, үш. Алға!

Абзал: Сайысты бағалап, сараптама жасап кетсеңіздер.

Ақ түсті «Жігер» тобы

Сары түсті «Сұңқар» тобы

Қызыл түсті «Тұлпар» тобы

Асхат: Рақмет! Келесі сайысымыз – Қоян.

Абзал: Скакалкамен ересектер кедергілерден айналып, шапшаң жүріп шығуы керек. Ал балалар скакалкамен қос аяқпен секіріп жүріп келуі тиіс. Түсінікті болса дайындалайық! Бір, екі, үш. Алға!

Асхат: Сайыскерлердің ойынын әділ қазылар алқасы қалай бағалапты? Соңғы сайысымыздың ұпайларын берсеңіздер.

Ақ түсті «Жігер» тобы

Сары түсті «Сұңқар» тобы

Қызыл түсті «Тұлпар» тобы

Абзал:

Таңданайық, спортқа, тамсанайық

Бәріміз де қосылып, қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап, қол соғайық! – дей келе, байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз. (Сыйлықтар ұсыну)

«Толағай» әнін хормен шырқау.

Асхат:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

«Өнегелі отбасылар» сайысы аяқталды.

Абзал: Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар!

Асхат:

Жанұямыз – сәніміз,

Жарасымды әніміз.

Тартысына сайыстың

Атсалыстық бәріміз.

Әкеміз бен анамыз –

Қамқоршымыз, панамыз.

Ақылынан жан-жақты

Үлгі, өнеге аламыз!






















Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп





































Дайындаған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Ж. Сәрсенов

2017-2018 оқу жылы

«Толағай» спорттық сайысының бағдарламасы


  1. «Кенгуру» - кедергілер арасымен жүгіру (скакалкамен)

  2. Қаппен секіру

  3. «Топ шеңбер» - обручтың ішінде топталып жүгіру

  4. «Кім жылдам?» - су тасу

  5. «Мергендер» - ілулі тұрған шарды жаруы керек. Егер шарды жарса, ішіндегі ұпайға ие болады.

  6. «Жеңіске жету» - арқан тартыс






  1. «Кім жылдам?» - екі жақта шелек тұрады. Оның бірі-бос, екіншісінде су бар. Ойыншылар кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, берілген есепті шығарады да, шелекте тұрған суды кружкаға құйып алып, төкпей кедергілер арасымен жүгіріп келіп бос шелекке құю қажет. Осылайша ойын жалғасады. Уақыт шектеулі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!