"Өнер мен білім егіз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өнер мен білім егіз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын ұстаздарға арналған материал. Дарынды оқушылармен бірігіп өнер мерекесінде атап өтуге арналған шара сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мәдениет және өнер қызметкерлері» мерекесіне арналған эстафеталық концертінің сценарийі.

1Ж.Қайырлы күн қадірменді көрермен!

.Арма ағайын және мәдениет саласының жанашырлары!

2Ж. «Өнер-ұлттың жаны» дейді халық даналығы.Кез келген елдіңөлшемі мен мәдениеті арқылы танылып,бағаланатыны анық.Мінекей Қазақстан мерекелер тізбегіне жаңа кәсіби мереке мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі құтты болсын.

1Ж.Осынау мереке қарсаңында әріптестерімізге баянды бақыт,зор-денсаулық,шалқар шабыт,жаңа шығармашылық толағай табыстартілейміз.

2Ж.Мәдениет-мәңгілік,өнер-өміршең.Өнер деген өміршең ортаныңтамырын талай талант басып жүр.Дегенмен,адамды өсіретінд,өшіретінде өнер.Осынау өнермен өз тыңдарманын таң қалдырар әнші,серіауданымыздыңң белгілі әншісі Асқарбек Тілепбергеновтың орындауында--------------------------------------------- әнді кабыл алыңыздар.

1Ж.Қыдыр дарып,құт қонған қасиетті Әйтекеби елінің киелі топырағы талай айтулы өнер тұлғалары өсіп-өнеген киелі мекен.Өнер қырандарының мекеніне айналған елдің ерке перзенті ---------------------------- қарсы алыңыздар.Ән:------------------------------.Қазақ өнерінің кең ауқымды жанры дәстүрлі күй жанры. Бұл күнде ұлттық аспабымыз әлемдік өнер саласына аяқ басты. Қазақтың халықтық аспабы биік белеске жеткені бұл қазақ мәдениетінің дамығандығы .-------------------------------------------------

.Ата-баба ұрпақпен, бұл өмірді,

Пір тұтқан қай кездеде ұлы өнерді

Өнері биші қыздың ғажап дерсің.

Таң қалдырар осынау көрерменді. Кошеметпн карсы алыңыздар, алдарыңызда _____________________ биімен!!!

1Ж.Өнер өзін сүйген, өзі сүйген жандарға бөтенсініп қарамайды, шырмауы көп өмірдің шиыршығын өнермен ұштастырып жатқан өнер иелеріне бас имеуге болмас. Өнердің ерке қызы Анар Әбенованың орындауында:__________________әні.

2Ж. Өнерімен елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген жандарды төл мерекесімен құттықтаушы Мағауия ұлы Айқынды______________________ әнімен қарсы алыңыздар!!! 2-ші әні:_____________________________

.Әсері гүлсім,әлемі тылсымәндердің өміршеңдігі қашанда халық жадында сақталып келеді.Халқымыздың баға жетпес сыйы.Айтулы өнер тарландарының заңды жалғасы,ғасырлар бойы ата-бабадан балаға мұра болған асыл қазынамызды жоғары дәріптеген ұлдарыңыз ------------------- орындауында ----------------------------------

1Ж. «Өнер таусылмас азық,жоғалмас байлық» дейді халық даналығы.Халқымыздың ғасырлар бойы талғамынан өткен асыл қазынасы-ән ешқаша өшпек емес.Олай болса осынау ән өнерінің дарабозы Анар Әбенованың орындауында халық әні «Айқаракөзді» қабыл алыңыздар.

2Ж.Біздің еліміз Мәдениеті мен өнері өркендеген ел.Өнердің қазанында қайнаған «қазақ» деген текті елдің ұрпағы қашанда өнерден кенде болмауы керек деп ұғынатын биші қыздарыңыз--------------------------------------------------------------------- қарсы алыңыздар.

.Қай заманда да қазақ шаңырағының бар қызығы әнмен тербеліп тұрған.Қазақ әні қазақтың ұл-қызының наз жырында,жүрек қылында шертетін қазақ елінің айбынын асқақтатқан.Жүрек қылын шертер керемет ән « » сахнада

2Ж.Туған жер,Отан қашанда өз мәнін жоймайтын қасиетті ұғым.Қазақ елінің әрбір патриоты өз өлкесін,туып өскен жерін әнге,жырға арқау етсе ерек.Олай болса осынау қазақ еліне арналған «Ән басы» әнімен алдарыңызда Асқарбек Тілепбергенов.

1Ж.Ардақты ағайын қоғамның рухани байлығы мен парасаттылығын насихаттайттаушы мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне арналған мәдени шарамыз өз мәресіне жетті.Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абройлыда айбынды,беделді де берекелі,ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің мәдениеті мен өнері өркендей берсін.

2Ж.Баршаңыға мәдениет пен өнерге қызмет ету жолында зор-денсаулық,шабыт,жаңа шығармашылықтабыстар тілейміз.Мәдениетіміз бен өнеріміз жасай берсін!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2017
1140
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі