Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Халқымыздың өнерін, мәдениетін сақтау, оның негізі халықтық тәрбие болмақ. Салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, ол әрбір ата-ана мен білім ошақтарындағы біз тәріздес ұстаздың адами парызы демекпін.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп ұлы Абай айтқандай жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны әрқашан ерекше. Білімнің қай бағытын алсақ та,ұстаздың еңбегі айқын анық көрініп тұрады.
«Ұстазсыз- шәкірт тұл» деп айтылған осынау сөздің астарында үлкен мағына бары анық. Білім ордасында білім алушы оқушыға музыканың берері мол.
Ұлы тұлғаның «Әнді сүйсең, менше сүй» демекші, ән тыңдағанды, ән айтқанды жақсы көретін балалар өте көп. Мектеп қабырғасындағы барлық пәндер қалықтаған әннің ырғағында өтілетін сәттер жиі кездеседі. Олай дейтінім, бастауыш сыныптың сабақтарында есте сақтау қабілетіне зор ықпалын тигізетін осы өнер деп айтар едім.
Ендеше, өнердің, соның ішінде музыканың бір бөлшегі деп тануға болатын бейнелеу сабағы, математика, еңбекке баулу сабақтарымен тығыз байланысты дегім келеді.
Музыка адамдарды табыстырады, алысты жақындатады, жүректерді жібітеді кейде мұңайтады, кейде жаныңды жадыратады. Демек, әннің, өнердің құдіреті биікте болғаны. Оқушының дамуына бағыт бағдар беріп қоймай, оның сөйлеу, жүріс тұрысын, сахна мәдениетін дамытады.
Осы айтылғандардың барлығы өнерге келіп тоғысады. Өнерлі шәкірт болу көптің қолынан келе бермесе де, сол өнерді баланың бойынан тауып жетектеу-ұстаздың жетістігі.
Көрнекті ғалым, ақын-жазушыларымыздың барлығы дерлік қандай өнердің шыңына шықса да, өмірбаяндарында бала күндерінде әнді жақсы көрген болмаса аналарының әнімен сусындағаны айтылады, демек баланы дүниеге келген кезден оның зерек, алғыр болып өсуіне зор ықпал тигізетін құрал ол - ән өнері.
Сөзімді қорыта келе, өнерді игерген әрбір бала, шешен, тілмаш, әнші, ақын, философ, жазушы, суретші, сәулетші болары анық. Ұлттық өнерімізді дәріптеу, баланы тұлға болып қалыптастыру барша ұстаздардың еншісінде болмақ.
Автор: Г.Ақшалова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өнер-өмір бастауы
Өнер-өмір бастауы
Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Халқымыздың өнерін, мәдениетін сақтау, оның негізі халықтық тәрбие болмақ. Салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оны өскелең ұрпақтың бойына сіңіру, ол әрбір ата-ана мен білім ошақтарындағы біз тәріздес ұстаздың адами парызы демекпін.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп ұлы Абай айтқандай жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға үлес қосатын ұстаз орны әрқашан ерекше. Білімнің қай бағытын алсақ та,ұстаздың еңбегі айқын анық көрініп тұрады.
«Ұстазсыз- шәкірт тұл» деп айтылған осынау сөздің астарында үлкен мағына бары анық. Білім ордасында білім алушы оқушыға музыканың берері мол.
Ұлы тұлғаның «Әнді сүйсең, менше сүй» демекші, ән тыңдағанды, ән айтқанды жақсы көретін балалар өте көп. Мектеп қабырғасындағы барлық пәндер қалықтаған әннің ырғағында өтілетін сәттер жиі кездеседі. Олай дейтінім, бастауыш сыныптың сабақтарында есте сақтау қабілетіне зор ықпалын тигізетін осы өнер деп айтар едім.
Ендеше, өнердің, соның ішінде музыканың бір бөлшегі деп тануға болатын бейнелеу сабағы, математика, еңбекке баулу сабақтарымен тығыз байланысты дегім келеді.
Музыка адамдарды табыстырады, алысты жақындатады, жүректерді жібітеді кейде мұңайтады, кейде жаныңды жадыратады. Демек, әннің, өнердің құдіреті биікте болғаны. Оқушының дамуына бағыт бағдар беріп қоймай, оның сөйлеу, жүріс тұрысын, сахна мәдениетін дамытады.
Осы айтылғандардың барлығы өнерге келіп тоғысады. Өнерлі шәкірт болу көптің қолынан келе бермесе де, сол өнерді баланың бойынан тауып жетектеу-ұстаздың жетістігі.
Көрнекті ғалым, ақын-жазушыларымыздың барлығы дерлік қандай өнердің шыңына шықса да, өмірбаяндарында бала күндерінде әнді жақсы көрген болмаса аналарының әнімен сусындағаны айтылады, демек баланы дүниеге келген кезден оның зерек, алғыр болып өсуіне зор ықпал тигізетін құрал ол - ән өнері.
Сөзімді қорыта келе, өнерді игерген әрбір бала, шешен, тілмаш, әнші, ақын, философ, жазушы, суретші, сәулетші болары анық. Ұлттық өнерімізді дәріптеу, баланы тұлға болып қалыптастыру барша ұстаздардың еншісінде болмақ.
Автор: Г.Ақшалова
шағым қалдыра аласыз













