Өнерге тағзым (Мұғалімнің жеке шығармашылығы)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнерге тағзым (Мұғалімнің жеке шығармашылығы)

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану сабақтарында, тәрбие сағаттарында пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өнерге тағзым


Түбегейлі түсінетін ақын жанын

Ұстаздарым, әрқашан қасыңдамын.

Бас ием алдарыңа жұртым менің

Аялаған алақанда ақындарын.

Сендер барда шабытым шарықтаған.

Шарықтаған, ешқашан жалықпаған

Көкше теңіз толқыны демеу беріп,

Ақын етіп жаратты алып далам.

Кәусар шабыт жыр жаздырды , салдырды ән,

Сезімді ұштап отты өлең жандырған.

Бабалардың бастауымен өнердің

Жалғап жүрмін сара жолын қалдырған.

Сарыарқаның кезіп сырлы даласын ,

Мекен еттім құтты Балқаш қаласын

Осы өлкеден шықты талай тарландар

Өнер дейтін ұлы сөзге жанашыр.

Өлең- өнер құдыретті серігім ,

Бағалаймын,даралаймын сені мың

Ақын болып бұл өмірге келген соң

Ақтау парыз бабалардың сенімін.

Алып- ұшқан от жүректен отты өлең

Шырқау шабыт ұшқыр ойды шектемен.

Киелі орын Көкше көлдің жағасы

Осы өлкеден шықты дүлдүл көптеген.

Тағзым етем құдіретті өлеңге мен

Ұштасатын ауыл бар өнер деген.

Өзің кейде емдейсің жан жарасын

Сенен қуат аламын кемелденем.

2. Ауылды аңсау

Елесі алыс еркелеу құлын күнім,

Сағынышпен көз тігем өткеніне

Балғын кездің белгісі бұрым бүгін

Қырқылған ед студенттік өткелінде.

Біраз болды елден алыс кеткеніме

Арман қуып білім іздеп қалаға.

Қараша ауыл жүректің тек төрінде

Сарқылмаған сағынышы бар санада.

Қараша мектеп білімнің соққан қамалын

Ұшырған зергер әншілер талай ақынын.

Ұстаздар легі толастамаған дара тым

Тілегі бір тақым қысар жақының.

Алыста қалды балалық шақтың соқпағы,

Көмескі тартты сағыныш болып мәңгілік.

Қол бұлғап едім,айналып қайта соқпады

Сол жақта жатыр бала кездегі бал қылық.

Қарасу өзен толқыны соққан жағаға,

Көктемде тулап арнаға сыймай тасыған.

Шілдеде толған жағасы кілең балаға,

Кеш ауа қайық, қармағын, жылын тасыған.

Апаршы деймін балалық шақтың өткеліне

Қараша өзен тек сырғып үнсіз ағады.

Даусым бәлкім құлағына жетпеді ме,

Меңіреу қалпы әйтеуір қалып барады.


3. Қарт Балқашыма.

Көк толқыны жағаңды ұрып қаһарлы.

Сәнге бөлеп тұрған ару шаһарды

Тоқырауын өзенінің жалғасы

Көк толқынды Көкше теңцз атанды.

Арқадағы көкше теңіз сен едің,

Талайларды қолтығынан демедің.

Айнадай боп жарқыраған алыстан

Сұлу көкше кербез едің кер едің.

Тәу еткізген тарихым бар жаһанды,

Жеңе білген тосыннан сұс қаһарды.

Қойнауы құт қазынаның қайнары,

Жырлау парыз сендей ұлы шаһарды.

Ержүрек ел еңбекшіл халқы бар,

Алты алашқа жайылған даңқы бар.

Есігі ашық келгенге төр ұсынар,

Көкше көлдің қонақжай салты бар.

Жазиралы айдынды көл жағасында

Дүбірлі той қарт Балқаш қаласында

Ірге тасын қаласқан кешегі ерлер

Мыс сапырып кен құйды алашымда.

Талай зұлмат жылдарда тарықпаған,

Несібесін көлден тапқан халық данам

Көк тіреген зауыттардың мұнарасы,

Кен игерген алтын құрсақ алып қалам.

Толқып туған шабытты жасырмадым,

Құдыретіңе тәу етем ,бас ұрамын.

Ашаршылық кезінде қазағымды

Бар байлығың балықпен асырадың.

Қойнауы кең аймағын ән жайлаған,

Дана халқың сара жолын сайлаған.

Құтты өлкем алтын діңгек қазығым,,,,

Сарқылмасын ортаймасын байлығың.

Сап түзеген көшелері көрікті

Бабалардың есімдерін беріпті.

Абай, Жамбыл ,Бөкейхан, Қараменде билер

Осылайша қайта өмірге келіпті.

Мағауия ,Күләш ,Манарбек өнер еркесі,

Ілесіп келеді ізбасарларының өр көші.

Домбыраның әуезді үні әр таңда,

Оятатұғын сал серілер өлкесі.

Табиғатым текке бұлай жаратпаған,

Суы шипа топырағы жәннат қалам.

Өркендей бер ,өр тұлғалы ару Балқаш

Қойнауы құт, қазыналы аббат қалам.

Арылмасын бар байлығың ,берекең

Түп қазығым -көк толқынды кең өлкем

Құтты болсын сауын айтқан еліме

Қарт Балқашым, мерейтойың мерекең.

4. Ұстаздарым

Армысың ,ардақты ұстаздарым

Біздерге білім берген

Қол бұлғап дәл бүгін басты арманың

Жүздерің күлімдеген.

Біліммен шәкірттің ашқан бағын

Өмірде сенімменен.

Жарқырар жұлдыздай аспандағы

Өнегең сенің берген.

Қайда жүрсем сағынамын,

Есіміңе табынамын

Ұстаздардың өсиеті

Демеу болар жаныма мың,

Еркелеп алдыңда еркін жүрсем

Қатеге санамадың,

Есімің ұстазым үлкен білсем,

Шың құзға балағаным.

Шәкірттің еңбегін хошқа санап,

Бәрін тең бағаладың.

Шабытты сәт келді қоштасарда,

Арналар саған әнім.

Алдымызда белестер бар сағым бар,

Ұлы жандар ұлылық деп қабылдар.

Қанат қаққан шәкірттерің атынан,

Жүрек жарды жыры бұл деп қабыл ал.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі