400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өнерлі ордам – болашаққа бастар жол» Сынып сағатының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты:Оқушылардың аспап ойнау шеберлігін арттыра отырып, жаңаша қырларын, қабілетін, қызығушылығын көрсету. білімділігі: Оқушы білімін жан – жақты ету. Музыкалық білімін тереңдетіп оқыту, жетілдіру. Сахна мәдениетімен қатар сөйлей білу қабілетін қалыптастыру. тәрбиелігі: Оқушының еліне, салт – дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін ояту. дамытушылығы: Орындаушылық шеберлігін дамыту. Сахнада өзін ұстауға қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құлшар атындағы Бейнеу өнер мектебінің

Домбыра сыныбының мұғалімі

Маденова Ақерке Орынбасаровна

Маңғыстау облысы ,Бейнеу ауданы



«Өнерлі ордам – болашаққа бастар жол»

Сынып сағатының бағдарламасы

Мақсаты: Оқушылардың аспап ойнау шеберлігін арттыра отырып,

жаңаша

қырларын, қабілетін, қызығушылығын көрсету.

а)білімділігі: Оқушы білімін жан – жақты ету. Музыкалық білімін тереңдетіп

оқыту, жетілдіру. Сахна мәдениетімен қатар сөйлей білу

қабілетін қалыптастыру.

ә)тәрбиелігі: Оқушының еліне, салт – дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін

ояту.

б)дамытушылығы: Орындаушылық шеберлігін дамыту. Сахнада өзін ұстауға

қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Үнтаспа, сахнаны безендіру, слайд.



Кештің барысы:

Сынып жетекші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар !!! Бүгінгі сынып концертімізге қош келдіңіздер! Кешіміздің тақырыбы «Өнерлі ордам – болашаққа бастар жол» деп аталады. Сынып сағатымыздың мақсаты оқушыларды тек аспап ойнау шеберлігімен шектелмей, басқа да өнерімен, қабілеттерімен танысу. Өнер мектебінде жүріп, балалар бойындағы сан қырлы өнерін ұштай түсері анық. Осы Өнер мектебінің құрылуына үлкен үлес қосқан ұстаздарымыздан тәлім – тәрбие алып жатқан оқушыларымыз бақытты. (Бұл кешіміздің сценариі оқушылар идеясымен құрылды. ) Кешімізді бастайтын 2016 жылы Ақтау қаласында өткен «Каспий жұлдыздары» облыстық байқауынан , 2017 жылы Астана қаласында өткен халықаралық байқаудан жүлделі орындармен оралған оқушымыз Сәттіғұл Кеңесхан Дәулеткерейдің күйі «Көроглы» ны орындап береді.



Тарт күйіңді, домбыра!

Төгіл, төгіл тәтті күй,

Тау суындай сылдыра,

Желпін, желпін жел соқтыр!

Тауда тұман тұрмасын,

Көкте бұлт ыдыра!

Тыңдамаған қоймасын,

Ойды – қырды қыдыра,

Құлшына тарт, домбыра!

– дей келе келесі кезекті 1 – сынып оқушыларына береміз. Болашағынан үлкен үміт күттіретін, жоғары сынып болғанда талай жарыстан жүлделі орын алуға сенімдері мол оқушыларымыз бар. Осындай талантты оқушыларымыздың өнерін тамашалайық. 1 – сынып оқушысы Кенжеғалиев Жанболаттың орындауында орыс халық әні «Я на горку шла». Фортепианода сүйемелдейтін Бақыт Айдынғалиқызы . Келесі өнерлі баламыз Базарбаев Мұхамметжанның орындауында халық күйі «Телі күрең».

Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. Өнер адамы болу үшін бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлік қажет. Біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар өте көп. Домбыра аспабын орындауда шеберлігімен көзге түсіп жүрген, сонымен қатар ән айтқанда алдына жан салмайтын оқушыларымыз бар.

Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,-

деп ортаға «Қазақ елі» әнімен Жолшы Аянатты шақырамын.


Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің, жүрегінің дүрсілі –

Күмбірлеген домбырасы барында.

Келесі кезекте 1 – сынып оқушылары Мекке Аягөз бен Қарақойшиева Айдана халық күйі «Көк дөнен»ді орындап береді. Қай жағынан алсақ та өте талантты оқушым Дүйсенбаева Нұршаттың орындауында украин халық әні «Дунайдың ар жағына барады казак» шығармасын қабыл алайық. Фортепианода сүйемелдейтін Бақыт Айдынғалиқызы.

Енді келесі кезекте 2 – сынып оқушыларының өнерін тамашалаймыз. Болашақ домбырашы болар деген сенім артып отырған қызым Сайлаубаева Айдананың орындауында Қазанғаптың күйі «Шыныаяқ» ты қабыл алыңыздар.

Оқушыларымның ішінде спортқа өте жақын оқушыларым бар. Оларды «болашақ тренер» және «болашақ Роналду» деп атаймын. Домбырамен спортты қатар алып жүрген Жолшы Диярбек пен Дәулетбаев Нұршапағаттың ұйымдастыруымен ойын ойнайық. Эстафеталық ойын «Теңбіл доп». (ата – аналармен ойын ойнау)

Сахнаға 2 – сынып оқушысы Асарбай Әділетті шақырамыз. Әділеттің домбыра аспабын меңгерумен қатар спортта да көрсеткен жетістіктері көп.Әділеттің орындауында Е.Үсеновтың «Қосбасар» шығармасы. Фортепианода сүйемелдейтін Бақыт Айдынғалиқызы .

Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасы жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз .

- дей келе келесі кезекте 2 – сынып оқушыларынан құралған ансамбльдің орындауында «Тепең көк» халық күйін тамашалаңыздар. Жолшы Аянат, Асарбай Әділет. Жексенов Алан.

Менің сыныбымдағы ерке балам Тіней Марланның орындауында Қазанғаптың күйі «Учитель» .

Ән тыңдап, би биледік. Енді бір ойын ойнайық. Ойынның аты «Әріптер ойыны». Бұл ойынды Жексенов Алан жүргізеді.

Келесі кезекті 3 – сынып оқушыларына берейік. Сахнаға 2016 жылы Шымкент қаласында өткен халықаралық байқаудың 2 – дәрежелі лауреаты Көшбаев Марғұлан мен аудандық «Жас өркен » сайысының жүлдегері Дәулетбаев Нұршапағатты шақырамыз. Оқушылардың орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын».

Келесі кезекте өте салмақты,жауапкершілікті, болашақ палуан болар оқушы Рамазанов Парасаттың орындауында Тәттімбеттің «Қосбасар» күйінің 1 – түрін қабыл алыңыздар.

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар ,
Әнді сүйсең, менше сүй

деген Абай атамыздың ұстанымын ұстанатын Нұршат қызымызды «Атамекен» әнін орындап беруге ортаға шақырамыз.

Аудандық, облыстық олимпиадаларда ағылшын пәні бойынша жүлделі оралып жүрген оқушымыз Көшбаев Марғұланды ортаға шақырамыз. Марғұлан көрермендерге арнап дайындап келген ойынын жүргізеді. Ойынның аты «Қолтырауын».

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы.

Абай атамыздай болмаса да, сара жолын жалғар оқушыларымыз барда өз шығармашылығын шыңдауға қалай ғана демеу болмасқа. Осындай сөз ұйқастарын үйлестіріп жүрген оқушылар Каракойшиева Айдана мен Базарбаев Мұхамметжанды ортаға шақырамыз.

Келесі сахна төріне 2016ж облыстық «Каспий жұлдыздары» байқауынан, 2017ж Шымкент қаласында өткен халықаралық байқаудан 2 – дәрежелі лауреат атағына ие болған оқушымыз Жолшы Диярбекті шақырамыз. Диярбектің орындауында Құрманғазының «Адай» күйін қабыл алыңыздар. Оқушыммен бірге мен де қосылып ойнағалы отырмын. Қабыл алыңыздар.

(Зал ішінде әуезді әуен қалықтап, сахнаға көркемсөз оқуға Сайлаубаева Айдана шығып, Ж.Демесіннің «Ана» өлеңін оқиды. Өлең оқылып жатқанда барлық оқушылар қолдарына аналарына арнаған ашық хаттарын ұстап, сахнаға шығып тұру керек)

Өнер мектебіне домбыра аспабымен қатар көркемсөз үйірмесіне қатысып, аз уақыттың ішінде Гүлмира апайынан мәнерлеп оқудың қыр – сырын үйреніп жүрген Сайлаубаева Айдананың орындауында Жандос Демесіннің «Ана» өлеңін тыңдадыңыздар.

Ортаға ата-аналарына, ұстаздарға деген ыстық лебіздерін Информатика тілінде , орыс тілінде, физика тілінде, математика тілінде жеткізетін оқушыларымызды шақырамыз.

1. Сәттіғұл Кеңесхан облыстық информатика олимпиадасының жүлдегері өз тілегін информатика тілінде жеткізеді.

2. Мекке Аягөз орыс тілінде өз лебізін жеткізеді.

3. Кенжеғалиев Жанболат бірнеше дүркін математика пәнінен олимпиада жүлдегері өз тілегін математика тілінде жеткізеді.

4. Рамазанов Парасат физика тіліндегі тілегін жеткізеді.

(Алғыс, тілектер айтылып болғасын барлық оқушы ашық хаттарын ата – аналарына тапсырады. )

«Біз жаңғырту жолында бабаларымыздан мирас болып қанымызға сіңген бүгін де тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр. Бала біздің болашағымыз, мақтанышымыз. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Оқушылардың бойына ұлттық сананы ояту, туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату , ұлттық рухты сіңіру әрбіріміздің борышымыз деп білейік.

Осымен бүгінгі «Өнерлі ордам – болашаққа бастар жол» деген атаумен өткізілген сынып сағатымыз аяқталды. Уақыт бөліп , тамашалағандарыңызға рахмет !!!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі