|
«Өнерлі тәрбиеші – бұрымды
қыз» сайысы
Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби
біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.Теория
мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыретіліктерін
нығайту.Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара
тәжірибе алмасу. Қатысушылар: тәрбиешілер,
тәрбиеленуші қыз балалар Жүргізуші: Армысыздар, құрметті
әріптестер, сайысқа қатысушы тәрбиешілер. Бүгінгі «Өнерлі тәрбиеші
– бұрымды қыз» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші - күн нұрына пара-пар,
Шәкірті оның әр сөзінен
нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
Тәрбиеші ол алдына келген әр бүлдіршіннің сауатын ашып, өнерге
үйретіп, тәрбие беретін «білім» атты кемеге алғаш отырғызып,
болашаққа жол көрсететін мамандық иесі. Бұл сайысымыздың мақсаты
мамандарымыздың өзара кәсіби біліктерін арттыру, тәжірибе алмасу,
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
Бәйгенің аттарындай
шабыстары
Білімнің ұшқыр болсын табыстары
Қол соғып, қошеметтеп отырайық,
Тәрбиешілер бүгін, міне сайысады
Бүгінгі сайысымыздың ашылу құрметінің алғы
сөзін балабақшамыздың меңгерушісі Гаухар Алматқызына сөз
беріледі.
Жүргізуші
сөзі:
Тәрбиешілер өнерін
салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін
шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға
беріп,
Жіберейін қазыларды
таныстырып.
Бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен таныс
болыңыздар. (таныстыру).
Жүргізуші
сөзі:
Жүректен өлең төгіп, қосқан
жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік
тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол
соғыңдар,
Сайысқа қатысушы
тұлғаларға.
Бүгінгі сайысымызға қатысушы өнерлі
тәрбиешілер мен бұрымды бүлдіршін қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Қол соғып, қошемет көрсетейік! (Музыка әуенімен залға тәрбиешілер
кіреді).
Байқаудың бөлімдерімен
таныстырайын.
1.Таныстыру
2.Өнер
сайысы
3.Сұрақ-жауап
4.Қолөнер
5.Үй тапсырмасы.
6. Шаш өру
7. Сән үлгісі (ұлттық киімдер үлгісімен)
Жүргізуші:
Бәйге десе жарысудан қашпайық,
Ойланайық, асықпайық, саспайық.
Ал бірінші сайыс шарты бойынша
Топтарыңызды таныстыра бастайық-деп, сайыстың бірінші шарты бойынша
топтарды таныстыруға кезек береміз.
2.Өнерлі өрге жүзер
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, енді бірі ән салыпты
Бүгінгі байқаудан бәйге алуға,
Педагогтар аянбай жан салыпты.
3. Жүргізуші:
Ал,тәрбиешілер, сайысқа қалайсыздар,
Сіздер өтер әлі де талай сын бар.
Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,
Жаңылмай жауап берсең жарайсыңдар, - Бұл тапсырмада өз
мамандықтарыңа сәйкес тест 5 сұрақтан, 1 ситуациялық сұрақ бар.
Ситуациялық сұрақты рөлге еніп қойып береді және
шешеді.
1)Балабақшадан келген бала
«мен балабақшаға енді бармаймын, маған апай ұрысты» деп айтып
баратын болған.Сізге осы жайды ата-ана ескертеді,сіздің
әрекетіңіз.
2) Сізде қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру сабағы болып
жатыр.Бір тәрбиеленуші сіздің сабақ өткізуіңізге қайта-қайта
кедергі жасауда. Сіздің әрекетіңіз.
3) Сізде бүгін қоршаған ортамен таныстыру, «гүл» тақырыбында
өткізілмекші.Кенет сол сәтте ойнап жүрген тәрбиеленушіңіз сіздің
сабаққа қолданатын топтағы өсіп тұрған гүліңізді құлатып, шашып
тастады. Сіздің әрекетіңіз.
4) Сізге басшылық бүгін бітіруге тиісті өте маңызды тапсырма
берді.Тек ғана сіз орындайды деген сенімде. Ал, отбасы жағдайында
күтпеген жерден бір қиындыққа тап болдыңыз. Сіздің
әрекетіңіз.
3. Үй
тапсырмасы
Жүргізуші: Үйретеді ойнатып,
ойландырып,
Жамандықты тастайды артқа ысырып,
Жақсылықты жолына жарық қылып,
Педагогтар жүреді алға ұмтылып,-дей келе, сайыстың бұл шартында
топтар өздерінің дайындаған үй тапсырмаларын көрсетеді.
4. Қолөнер
Жүргізуші: Мамандықтың сан
түрлі әдісі бар,
Оның сырын біледі ме, қатысушылар
Өздері таңдап алған қолөнермен
Ал, қане сайыскерлер жарысыңдар-дей отырып, «Қолөнер» сайысына
кезек береміз.
5.Шаш өру
Жүргізуші: Табылар бойларыңнан келер
білім,
Арқалап келіп өнер
жүгін.
Бүгін шаш үлгісін
жасайтын,
Көреміз шаш өруден
шеберлігін.
Жүргізуші:
Сән үлгісі сайысымызға кезек береміз.
Сайысымыз соңына де келіп
жетті. Сайыстың қорытынды сөзін әділқазылардан күтеміз.
«Тәрбиеші» әнімен сайысымыз қорытындыланады. Марапаттау .
Соңы.
|