400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өңдірістік оқыту сабағының технологиялық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тежеу жетегінің шүмегінің ақауы және оның қаңқаға бекітілуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді

Директордың ОӨ ісі

Жөніндегі орынбасары

_______Тлеуғазы Е.С.

«___»________2019 ж..




Өңдірістік оқыту сабағының технологиялық жоспары

Мерзімі: 10.10.2019 ж.

Топ: Э2К1

Сабақтың: №10

Тақырыбы : Тежеу жетегінің шүмегінің ақауы және оның қаңқаға бекітілуі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Өндірістік шеберханасындағы техникалық қауіпсіздік шараларды, жұмыс режимдері мен ішкі тәртіп ережелерін білу.

  2. Дамытушылық: Техникалық және жан-жақты ойлау қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: тәжірибелік жұмыс

Пәнаралық байланыс: электротехника, физика, сызу.

Материалдық – техникалық жабдықтар: шеберхана.

Дидактикалық материалдар: плакаттар, құрал-жабдықтар.

Сабақтың өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

  1. Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу.

  2. Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру.

  3. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Білім алушылардың білімділігі мен қабілеттілігін тексеру (10 минут)

  1. Оқу шеберханаларындағы қауіпсіздік ережелері.

  2. Тежеу жетегінің шүмегінің ақауы және оның қаңқаға бекітілуін тексеру.

  3. Тежеу жүйесінің құрылғылары мен құбырларын жалпы,жұмысын тексеру.

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі (40 минут)

Тежеуіш жетек деп жүргізушімен педальде немесе иінтіректе жасалатын күшті беруді тежеуіш механизмге немесе тежеуіш механизмді әрекет етуге алып келетін басқа энергия көзімен басқару үшін тағайындалған құрылғылардың жиынтығын айтамыз.

Тежеуіш жетек тежеуіш механизмдер арасындағы берілген реттеуді жүргізушінің педальге немесе иінтірекке, барлық тежеуіш механизмдердің бір мезетте жұмыс істеп, әрбір дөңгелекте толық тежеуіш күшінің жедел түрде жасауы, әсер етудің барынша аз күш жұмсалуы барысында қамтамасыз етуі тиіс. Осымен бірге ол пайдалануда сенімді болып және құрылымы күрделі емес және жоғары ПӘК болуы тиіс.

Тежеуіш жетектер механикалық, гидравликалық, пневматикалық, электр, сонымен бірге құрастырылған болады (пневмогидравликалық, пневмоэлектрлік. Механикалық жетек күші басқару иінтректерінен тежеуіш механизмге берілетін иінтректердің, арқан және күштердің жиынтығын білдіреді.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқу шеберханаларындағы жұмыс режимдері мен ішкі тәртіп ережелері, слесарлық жұмыстарда қолданылатын құрал-саймандар және олардың жұмыс істеу принциптері.

Ағымды нұсқау (30 минут)

Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Білім алушылардың жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы.

Құрал – саймандарды дұрыс пайдалануын тексеру.

Жаттығу (30 минут)

Өзіндік жұмыс.

Білім алушылардың жұмыс орнын бақылау.

Қорытынды нұсқау.

Өндірістік тәжірибе (140 минут)


Авто¬мобильдердің тұрақ тежеуіш жүйелерінің механикалық жетектері:


а — ВАЗ-2105; б — ВАЗ-2109және -2110; 1 – ілмек түймесі; 2 — тетік; 3 — ілмек; 4 — тісті сектор; 5 — алдыңғы арқан тетігі; 6 — алдыңғы арқан; 7 — аунақша; 8 — бағыттаушы қапсырма; 9 — тартпа серіппесі; 10 — артқы арқан; 11 — тартпалы серіппелер; 12 — кергіш тақтайша; 13 — ажырату тетігі; 14 — артқы қалып; 15 — тежеуіш барабан; 16 — артқы арқан серіппесі; 17 — қорғаушы қаптама; 18 — тіреуіш; 19 — реттеуші тартпа; 20 — теңестіруші; 21 — сомын; 22 — қарсысомын.


Тежеу барысында жетек тетігін 2 түймені 1 басып, «өзіне қарай» ауыстырады, бұл ретте тетіктің қалпын белгілейтін ілмек 3 іліністен тісті сектормен 3 бірге шығарылады. Тетікті 2 бастапқы қалпына келтіреді (шегіне жеткенше төмен қарай), бұл ретте тұрақ жүйесі толығымен тартпа 11 және созу 9 серіппелерінің әрекетімен тежеледі. ВАЗ-21213 автомобилінің тұрақ жүйесінің механикалық тежеуіш жетегі іс жүзінде қарастырылғаннан принципиалды айырмашылықтары жоқ. ВАЗ-2108, -2109 (17.4, б сурет) автомобильдерінің механикалық тұрақ тежеуіші тіреуіште 18 жинақта құрастырылатын және шанақ еденіне бекітілетін тісті сектормен ілесетін ілмек түймесі 1 бар қол тетігі 2, үстіне қорғаушы қаптама 17 орнатылған реттегіш тартпа 19 және екі жағынан екі арқан 10 бекітілетін теңестіруші 20



Суппорт ұяшығында (17.3, б сурет) бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі жұмыс цилиндрі 7 орналасқан. Әрбір цилиндрде цилиндрдің сақиналы қырналуында орналасқан серіппелі резеңке сақинамен нығыздалған піспек 8 орналасқан. тежелу барысында нығыздауыш сақиналардың 9 серпімділігі арқасында піспек бастапқы қалпына келеді.

Әрбір цилиндрдің ішкі қуысы шаң мен балшықтың түсуінен резеңке манжетпен 10 қорғалған. Бір дөңгелек тежеуішінің екі жұмыс цилиндрі өзара түтікпен 5 біріктірілген, нәтижесінде қысым ішкі цилиндрден сыртқыға беріледі. Тежеуіш жетектен ауаны шығару үшін әрбір цилиндрдің қаңқасында клапан 6 орнатылған.

Піспектер тікелей оларды бағыттау үшін қызмет ететін арнайы саусақтарда орнатылған қалыптарға 3 тіреледі. Қалыптарға қалыңдығы 11 мм болатын үйкелісті жапсырмаларды 11 жапсырады. Тежелу барысында сұйықтық басты тежеуіш цилиндрінен қысыммен жұмыс цилиндрлеріне 7 беріледі, нәтижесінде піспектер нығыздауыш сақиналардың 9 қарсылығын жеңе отырып, цилиндрден шығады және қалыптар 3 арқылы үйкелісті жапсырмаларды 11 оның айналуына кедергі келітре отырып, тежеуіш дискісіне 1 қысады. Тежелу барысында жұмыс цилиндрлеріндегі қысым төмендейді және піспектер нығыздауыш сақиналардың қысады.







Тежеуіштердің механикалық жетектерінің тіреуіштерінің, топсаларының көп болуынан, арқанмен біріккен және үйкелме түйіндесулерінің жылу артық күш жұмсауынан үйкеліске айтарлықтай шығындары бар.

Бұл шығындармен жетектің төмен ПӘК түсіндіріледі.Сондықтан соңғы жылдары трансмиссиялы тежеуіш механизмдерінен бас тарту тенденциясы байқалды, себебі үлкен биіктер мен құламаларда олар қажетті сенімділікті қамтамасыз етпейді, ал айқара топса берілісі бұзылған жағдайда тұрақ тежеуіш жүйесі бұзылады.

Автомобиль-тарқыштың тежелуі барысында тұрақ тежеуішімен тіркеменің (жартылай тіркеменің) жұмыс тежеуіштері әрекет етеді. Тұрақ тежеуішін қозғалыс барысында тек апатты жағдайларда пайдалануға болады.

Тұрақ тежеуішін әдеттегі жүріс барысында пайдалануға рұқсат етілмейді, себебі ол трансмиссиялы механизмдерін қатты жүктейді, ал ұзық тежелу барысында ол өзінің жұмысқы қабілеттігін жоғалтады.


Қорытынды нұсқау (10 минут)

Сабақ қорытындысын шығару;

  1. Білім алушылардың сапалы жұмыстарын көрсету және бағалау.

  2. Білім алушылардың сапасыз орындалған жұмыстарын талқылау.

  3. Үйге тапсырма беру.

  4. Рефлексия: сабақтың өтуіне баға беру.

Үй тапсырмасы: (5 минут)

Өндірістік оқыту шеберінің қолы:____________









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі