Тақырып бойынша 11 материал табылды

Онлайн «Ләңгі тебу» ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастыру бағдарламасы мектеппен колледжі оқушыларына

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеппен колледжі мұғалімдеріне Онлайн «Ләңгі тебу» ұлттық ойынынан жарыс ұйымдастыру бағдарламасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар қаласы

Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің

дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Тиынтай Тойшыбайдың


Онлайн «Ләңгі тебу» ұлттық ойынынан жарыс

ұйымдастыру бағдарламасы

(нұсқаулығы)

1. Мақсаты мен міндеттері

1) Ләнгі тебу ойынын мектеп пен колледж оқушыларының арасында (Онлайн ойын) арқылы насихаттау және әрі қарай дамыту.

2) Ләнгі тебу көне ұлттық ойынымызды жасөспірімдер арасында жаңғырту.

3) Мектеп пен колледж оқушыларының онлайн спорттық шеберлігі мен дене қасиеттерін арттыру.

4) COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу және оқушылар уақыттарын тиімді пайдалану мен қатар салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау .


2. Өткізілетін орны мен мерзімі;

Жарыстың ашылу салтанаты мен ойын ережесін таныстыру ZOOM платформасы арқылы өтеді.

Тіркелу белгіленген күннен бір күн бұрын жүргізіледі.

Жарыс ләңгі тебу спортына жабдықталған арнайы алаңда өткізілуі тиісті.

Ұзындығы 10 метр, ені-10метр, квадрат сызықтың жалпақтығы – 0,7 мм.

Бірақта қазіргі ахуалға байланысты (Онлайн) үй немесе аулада ләнгі тебуді видеоға түсіріп, жарыс бағдарламасында белгіленген электронды почтаға жіберу керек.


3. Жарысқа қатысуға керекті құжаттар;

Команда жетекшісінің тапсырысы.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын құжат.

Дәргердің руқсаты.


Мектеп және колледж оқушылары арасындағы «Ләңгі тебу» жарысына ______құрама командасының (жеке)

ӨТІНІМІ

Команда жетекшісі __________________ Мектебінің (Клуб)

МӨРІ

Спортшыны жарысқа жіберген дәрігер ______________________________


Аты-жөні

Туған жылы айы

Қала /Облыс

Мектеп/сынып

Ойыншының лақап аты

Дәрігердің рұқсаты

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 


4. Жарыстың ережесі;


Жарыстың өткізілуі ойыншылардың санына және жасы ерекшеліктеріне байланысты (топтық немесе жеке) жүйе бойынша өткізіледі.

Кесте бойынша төрешілер алқасы отырысы белгіленіп, жарыс тәртібі мен уақыты бекітіледі.


Жас ерекшеліктері бойынша

ойыншыларды анықтау үшін үлгі кестесі

Жас санаты

Жасы

1

Жасөспірімдер

6 – 11 жас

2

Жастар

12 – 17 жас

3

Ересектер

18 жастағылар және одан үлкендер


Қатысушылардың киімі Ләңгі тебу жарысына қатысушылар ұлттық киіммен жіберіледі: - Ләңгі тебу салынған қалта қоңыр түсті; - Аяғында – ыңғайлы спорттық аяқ киім; - Кеудесінде – ұлттық киім; - Басында – ұлттық нақыштағы орамал, тақия т.б. - Қолында – қамшы.

Бірлік тура тебу. Бұл әдіс оң немесе сол аяқтың ішкі тобығы тұсымен тебу арқылы орындалады және бір ұпаймен бағаланады .

Екілік сырт жағымен. Бұл әдіс аяқтың сыртқы аяғытобығы тұсымен тебу арқылы орындалады және оң немесе сол аяқтың қайсымен тепседе айырмашылығы жок екі ұпаймен бағаланады.

Айқас тебу. Бұл әдіс оң немесе сол аяқты айқастырып сәл секіріп оң аяқтың арт жағымен тебу арқылы орындалады және бес ұпаймен бағаланады.

Ләңгі тебу – көшпенді қазақтың балалары ешкінің тулағынан кесіп алған бір жапырақтай теріге немесе ешкі құйрығына оймақтай қорғасын құйып жасап, теуіп ойнайтын ойыны. Ләңгі жасау үшін қойдың келтірілген терісінен 2*2, 3*3, 4*4 сантиметр шамасында кесіп аламыз. Оған желім жағып сол көлемде қорғасын немесе темірге ауыр затты жабыстырамыз, ләңгі дайын.


5. Жарыстың өткізілуі.

Жарыстың өткізілу уақыты (1-2-3 минут ) белгілеу төрешілер алқасының отырысында шешіледі.

Жеке жүйе

Бұл жүйеде жеке ойыншының (команданың) шеберлігін анықтау үшін қолданылады, бұл жерде жеке ойыншы берілген уақыт ішінде ләнгіні тебуде жинаған ұпай саны мен анықталады.

Топтық жүйе

Бұл жүйеде белгіленген уақыт ішінде әр команданың ойнаған барлық ойыншыларының жинаған ұпай саны жиынтығы мен анықталады.


6. Жеңімпаздарды анықтау.

Жарыс барысында белгіленген уақыт ішінде ойыншылардың қолданылған барлық (1-2-5 ұпай) әдістері мен ұпай саны арқылы алынады.



7. Марапаттау.

1-2-3 орын алған жеке ойыншылар (командалар) мен дене шынықтыру мұғалімдері диплом, медаль және ынталандыру силықтармен марапатталады.

8. Жарыстың бас төрешісі:

Көмекші төрешілер:

Хатшы:

Төрешілер алқасына келесілер енеді: жарыстың бас төрешісі, бас хатшысы, уақыт төрешісі, көмекші төреші, белгілер жанындағы төрешілер және жарыстардың дәрігері.

Байланыс телефондар:





Ләңгі тебу «Малай» ойыны ережелері

ХАТТАМАСЫ

ІРІКТЕУ

_____________ қаласы

20__ жылғы «___» __________


Финал жарысының жеңімпаздары

р/с

Аты-жөні

Командасы

1-минут

Ұпайы

Орны


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бас төреші: ____________________

Бас хатшы: ____________________





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2020
2849
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12