400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Oqutime» – кітап оқытудың тиімді әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Oqutime-дағы тиімді әдістер
Материалдың қысқаша нұсқасы

М аңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы

«Бейнеу гимназиясы» КММ-нің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Багытова Камила Мухаммединовна





«Oqutime» – кітап оқытудың тиімді әдістері


«Oqutime»-да қамтылған әдістермен балалардың кітап оқытуға деген қызығушылығын арттыруға болады.

Бастауыш сыныптарда балалардың таным көкжиегін, оқыған шығармасын жан-жақты талдауына, есте сақтау қабілетін дамытуға арналған тиімді әдістерді қолдану керек.

«Дала қоңырауы» атанған тұңғыш педагог, ағартушы, аудармашы, жазушы, ақын Ыбырай Алтынсарин балаларды, жастарды оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюге, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Қаламгердің әңгімелері барлық адами қасиеттерді қамтиды, оқиғалары қызықты, қарапайым тілде жазылған. Бастауыш сынып оқушылары бұл әңгімелерді қызығып оқиды. Сіздерге Ы.Алтынсариннің “Жаман жолдас», “Бір уыс мақта», “Бақша ағаштары» әңгімелері мен халық ертегісі «Алтын сақа» бойынша құрастырылған тапсырмаларды ұсынамын.


1-кезең. ИӘ/ЖОҚ

1-қатысушыға:

МЫСАЛДАР

ИӘ

ЖОҚ

«Жаман жолдас» әңгімесін Ыбырай Алтынсарин жазды.



Бір төре баласымен егіннің басына барады.



Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп, тістеп алады.



Жылқылар өкпеден қорқа қоймайды.



Қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтпайды.



Жалмауыз кемпірдің қызы құлаған бәйтеректің жанына келеді.



Бала садақпен атып, қыздың көзін шығарады



Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің



Қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас, – дейді қызы.



Жәндік-жансыздардың барлығы керексіз болып, жерде қалады.




Жауабы:

МЫСАЛДАР

ИӘ

ЖОҚ

«Жаман жолдас» әңгімесін Ыбырай Алтынсарин жазды.

+


Бір төре баласымен егіннің басына барады.


+

Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп, тістеп алады.


+

Жылқылар өкпеден қорқа қоймайды.


+

Қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтпайды.


+

Жалмауыз кемпірдің қызы құлаған бәйтеректің жанына келеді.

+


Бала садақпен атып, қыздың көзін шығарады

+


Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің

+


Қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас, – дейді қызы.

+


Жәндік-жансыздардың барлығы керексіз болып, жерде қалады.


+


ІІ кезең. МАҒЫНАНЫ ТАП

1-қатысушыға:

1.Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді.

2.Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді.

3. Бала сол қотыр тайды ұстайды да жүгендейді.

4. Айылын тартқанда бесті ат болады.


Жауабы:

  • Құрық – өрістегі жылқыны ұстау үшін, ұшы аттың құйрық қылынан жасалатын ілмек жіп бекітілген ұзын сырық.

  • Жұрт - көшіп кеткен елдің, ауылдың, үйдің орны, үй тіккен жер.

  • Жүген –Атты кісінің өз ырқына көндір үшін жылқының басына кигізетін, ауыздығы мен тізгіні бар, қайыстан жасалған әбзел.

  • Айыл – ер-тоқым ауып кетпес үшін көліктің бауырынан, шабынан тартып қоятын құр не жалпақ қайыс тартпа.



ІІІ кезең. КЕЙІПКЕР ӘЛЕМІ


Оқушы берілген сипаттамаларды оқып, қай кейіпкер екенін табуы керек.

1-қатысушыға:

1.Ол жас болса да, ақылды, қиындықтан құтылудың жолын табады. Өзі түгілі, елін де құтқарады.

2.Қолынан іс келеді, бірақ шыдамсыз, үлкеннің айтқанын мән беріп тыңдамайды.

3.Тәрбиеге аса мән береді, айналасында көргенін баласына үлгі етеді, баласының жақсы болып өскенін қалайды.

?

?

?


Жауабы:

1. "Алтын сақа" ертегісіндегі бала

2. "Бір уыс мақта" әңгімесіндегі қыз

3. "Бақша ағаштары" әңгімесіндегі әке


IV КЕЗЕҢ. АРТЫҚ СӨЗДІ ТАП

1-қатысушыға:

  • Бір кішкентай қыз әкесінің шапаны мен көйлегін жамап отыр екен.

  • Бір мезгілде үйректер мен аққулар төбеден ұшып өтеді.

  • Кім өлтіргенін білу үшін сол жерде қарап жүрсе, иттер мен жылқының ізі көрінеді.


Жауабы:

  • Бір кішкентай қыз әкесінің шапаны мен көйлегін жамап отыр екен.

  • Бір мезгілде үйректер мен аққулар төбеден ұшып өтеді.

  • Кім өлтіргенін білу үшін сол жерде қарап жүрсе, иттер мен жылқының ізі көрінеді.





V КЕЗЕҢ. МАҒАН ҰНАҒАН ШЫҒАРМА

Рисунок 3

Picture 4 Picture 8






Оқушы осы шығармалардың ішінде қайсысы ерекше ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.05.2024
203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі