Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Оқу - менің еңбегім

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп Мерзiмі: № 7 сабақ

Тақырып: Оқу - менің еңбегім

Құндылық:

Қасиеттер: мейірім, қуаныш, достық.

Мұғалiм:

Сынып:3


Сабақ мақсаты: оқушыларды өз танып-білуге,құштарлыққа,талпынысқа,ізденіске үйрету.

Міндеті:

Білімділік: оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық,мұратқа жету туралы түсінік беру;

Дамытушылық:оқушылардың ерік-күшін дамытуға ықпал ету;

Тәрбиелік:еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. 3 мин. «Арманымның суреті». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.



3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

Құрманбай Толыбаев «Қайнар» әңгімесі.

Кітап оқу Қанышты қандай әсерге бөледі?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Оқу- инемен құдық қазғандай.


5.Әңгiмелеу (сұхбат). 3мин.

Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар оқылық »өлеңін оқулықтан таныстыру.

  • Оқу адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • «Ықыласпен тоқу »дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Оқуға құштар адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп неліктен айтқан?

  • Білімді адамның болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар?

  • Сенің оқудағы мақсатың қандай?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.


Жаңа ақпарат

Білімді адам әлемді тануға құштар болып келеді. Жақсы мен жаманды ажырата алу үшін адамға білім қажет.Адам неғұрлым білімді болған сайын ,оның адамгершілік қасиетітері жоғары болуы тиіс.Мәдениеттілік, сыпайылық,еңбексүйгіштікбілімді адамға тән қасиеттер.Білімді адам елінің өсуіне көп пайдасын тигізеді.



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 12 мин.

1-тапсырма

«Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас»-деп бекер айттылмаған. Мәтінді оқыңдар. Мәтін азмұны бойынша дәптерге «Қос жазба күнделігін толтыр».

2-тапсырма

Әлібай Табылды «Басты нәрсе »өлеңін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Өскенде кім болғың келеді?

Ол үшін не істеу керек деп ойлайсың?

3-тапсырма

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»,- деп рас айтылған. «Білімді адам» қандай болады? Тізбелеп жазыңдар.

7.Дәптермен жұмыс дәптердегі 1-тапсырманы тексеру.

Мәтіндегі маған ұнаған іс -әрекеттер

Бұл іс –әрекеттер неліктен ұнады







8.Топпен ән айту. 3 мин.

«Біз көңілді баламыз» Өлеңі:Қосжан Мүсірепов.Әні: Ибрагим Нүсіпбаев


9.Үй тапсырмасы. 2 мин.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталайық.

. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, бір-бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.Аңсаған армандарларыңа жетулеріңізге тілектеспін. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, ойларыңды жеткізе білдіңдер. жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
732
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12