Оқу - менің еңбегім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу - менің еңбегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 3 сыныпқа ұстаздарға өзін - өзі тану пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №46 Мерзiмі: 22.10.18ж № 8


Тақырып: Оқу – менің еңбегім

Құндылық: Ақиқат құндылығы

Қасиеттер: Ізденімпаздық, еңбекқорлық, өнер – білімге қызығушылық

Мұғалiм: Бегалықызы Б.

Cыныбы: 3 Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға оқудың адам өміріндегі маңызын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік; оқушыларға оқудың қажырлы еңбек екендігін ұғындыра отырып, ізденімпаздық қасиетіне түсінік беру;

Дамытушылық; оқушыларды оқуға құштарлыққа баулу арқылы еңбекқорлық қасиетіне үйрету;

ТPicture 2 әрбиелік; оқушыларды өнер – білімге қызығушылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық ережесімен таныстыру.

  1. Жағымды күйге келу.

Орманға ойша серуен: Елесететіп көріңіз: .....

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кім болам?» рөлге бөліп оқу.

Ескертулер:


  1. Дәйексөз.

«Оқу – инемен құдық қазғандай»

- деген халық даналығы бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Дәйексөзді алдымен мұғалім өзі дауыстап оқиды. Сосын балаларға дауыстап оқуды ұсынады. Келесі кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыздар қайталап айтады. Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдаған соң, мұғалім балалардың жауаптарына сүйсіне отырып, өзі қорытынды жасайды.


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

"Әңгімелесейік" айдарындағы мәтін-мазмұнының рухани-адамгершілік тереңдігін ашатын сұрақтар мен ұйымдастыра отырып, оқушылардың сабақтың құндылығы мен қасиеттерді дамытуға жағдай туғызады.

Мәлімет оқулықта берілген.

Сапарғали Бегали «Шоқан асулары» повесінен «Бала Шоқан» әңгімесінен үзінді.

Сұрақтар:

  1. Шоқанға әжесі қандай насихат сөз айтты?

  2. Шоқанның оқуға ықыласы қалай байқалды?

  3. Әжесінің Шоқанға айтқан сөзінен нені түсіндіңдер?

  4. «Оқыған адам» деп кімді айтуға болады?

  5. Өзің оқуға неліктен қызығасың?

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»

Мүбәрәк Жаманбалинов «Әріп қатесі»

Алғашқы диктанттан Ауғанбай екілік алды. Әкесі оның дәптерін көріп, әрбір сөз сайын қате жібергеніні қатты қынжылды.

  • Бір сөзді де дұрыс жаза алмапсыңғой.

  • Сөзді жаза алам, - деп ақталды Ауғанбай, - тек кейбір әріптерден ғана қате кеткен.

  • Бірде-бір әріп қатесін жіберуге болмайды, - деді салмақпен әкесі. – Кейде бір әріптің қатесі сөздің ғана емес, бүкіл сөйлемнің немесе шығармааның да өңін айналдырып, мазмұнын өзгертіп жібереді.

  • Калайша?

  • Айтайын...

  • Содан кейін әкесі біраз ойланып тұрды да, бірнеше шумақ өлең айтып берді. Онда шумақ сайын жалғыз-ақ әріп қатесінен мазмұнның қалайша күлкілі болып шығатыны аңғарылады. Сол шумақтардағы әріп қателерін тауып көрейік.

Гүл бөледі даланы

Сыбдыр қақты жылғалар

Биік ұшып барады

Ұзын мойын тырмалар


Аспаннан көктемде

Нұр төгіп күн тұрды

Алма да, көк талда

Шақша да құлпырды


Мін таппайсың көшеден

Тақтайдай ақ жол қазір

Қолдың үстін көшеден

Тегістеп жүр бульдозер


Мөлдір суда балықтар

Жүредіғой топтанып

Кеше сонау арықтан

Сүзіп алдық көп халық


Саусағына Ауғанбай

Жұқтырып ап күйені

Бетін сипап қалғанда

Түйе болды иегі


Біздің саулық семізді

Бірақ туда өгізді


Ауғанбайдың атасы

Ең таңдаулы мақташы

Осал емес әкесі

Шал бағатын бақташы


Біздің байтақ арқада

Жақсы өседі арбада


Менің атам үнемі

Жұыс істеп жүреді

Жер қазуға қолайлы-ақ

Ұзын сапты жүрегі


Оқушылар өз ойымен бөліседі.


  1. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

3-тапсырма: «Білімді адам қандай болады?» деген сұраққа жауаптарын үлгіге қарап, тізбелеп жазады.

4- тапсырма: Оқушылар өлеңді оқи отырып, ондағы қате сөздерді тауып,түзетіп оқып береді.

5- тапсырма: Оқушылар ертегілерді оқиды. Ондағы оқиғалардың шешімін тауып, йтып береді.

  1. «Торғай мен тышқан»

  2. «Түлкі, қараторғай және қарға»

  3. «Қыт – қыттың сыры»

Тест тапсырмасын орындау.


  1. Топпен ән айту.

«Біз көңілді ұланбыз» Әні: Қ.Мүсірепов

Сөзі: И.Нүсіпбаев


  1. Үй тапсырмасы.

Сырбай Мәуленов «Ата» өлеңін жаттау.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді күні бойы өз бойларыңызда сақтаңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі