жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ ІС-ТӘЖІРИБЕМДЕ
«ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ»
ТЕХНОЛОГИЯСЫ ІС-ТӘЖІРИБЕМДЕ
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»
Н.Назарбаев
Еліміздің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Л.Н.Гумилов атындағы Евразия ұлттық университетінде «Инновациялар мен оқу –білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына » лекциясында : «Соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға – «білім экономикасына өтуіне түсіріледі» - деген болатын. Яғни, білім беру саласының алдында жан-жақты дамыған, білімді, адамдармен қарым-қатынасты құра алдатын азаматты тәрбиелеу міндеті тұр. Біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек, көштен қаламыз. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде.
21-ғасыр педагогикасының негізі - жеке тұлға. Оқыту үрдісінде әр баламен жеке жұмыс жасау, оның қабілеттерін аша білу, мінез-құлқының ерекшелігін ылғи да ескеріп отыру, баланың «Мен» концепциясың қалыптастыру - мұғалімнің міндеті. Осы міндеттерді өз жауапкершілігіне алатын мұғалім - яғни, 21-ғасыр мұғалімі - өз ісінің шебері, жан-жақты дамыған, кәсіби білімі мол маман болуы керек.
21 ғасыр оқушысы - өзіндік пікірі бар, жан-жақты, орасан зор мағлұматтан өзіне қажеттісін ғана алатын, дұрыс шешім қабылдай алатын тұлға. Осындай тұлғаны тәрбиелеу үшін қазіргі педагогикалық технологиялардың ішіндегі оқыту қажеттіліктерін өтей алатын технологиялардың бірегейі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы деп ойлаймын. Өйткені бұл технология өмірді тануды үйрету технологиясы болып табылады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Бұрынғы білім беру үрдісінде:
|
Мұғалім |
Оқушы |
|
Түсіндіреді. Айтады. Тапсырманы береді. Бағалайды. |
Тыңдайды. Жазады. Орындайды. Алған бағасына қанағаттанады. |
Ал сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын сабақ үрдісінде:
-
айқын мақсат қоя білуге;
-
сабаққа белсенді қатысуды қолдау;
-
жақсы пікірталастың болуына себеп тудыру;
-
өзінің жеке сұрақтарын құрастыру мен қоюға деген ынталарын жандандыруға;
-
өзінің жеке пікірі мен ойын білдіруге көмектесу;
-
оқуға деген оқушылардың мотивацияларын қолдау;
-
басқалардың пікірлерін де сыйлау керек деген атмосфера құру;
-
кейіпкерлерге деген сезімдері мен елестету қабілеттерін дамыту
-
Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.
-
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектесу.
-
Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі.
-
Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қанадай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтамасыз етеді. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрену, ақпаратты өз бетінше ізденуге бағыттау, ой қорытуға дағдылану. Сыни тұрғыда ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: білім алушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара бұл байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ойтастау әрбір ұстаздың міндеті. Біздің міндетіміз – дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі – білімде. Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр ұстаздың міндеті.
Сын тұрғысынан оқыту
дегеніміз не?
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар
қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін
айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін
дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу
дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп
аталады.
Сын тұрғысынан ойлау – идеялар
мен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап жақындастыратын
концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп тұжырымдайтын
күрделі құбылыс. Сыни ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез келген
жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы. Ол – әр мәселеге байланысты өз пікірін айту оны
дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек
қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді
білдіреді.
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аударамын.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Кейде өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптің көмегі қажет болады.
Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта жасау:
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру керек, қолайлы мүмкіндік жасау керек.
2. Студенттерге ойланып - толғануға рұқсат беру.
3. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабыл алу.
4. Үйренудегі (сабақтағы) студенттердің екпінді ісін қолдау.
5. Егер студент бір қолайсыз ортаға түсіп қалса, оның ешқандай әжуасыз екендігіне сендіру.
6. Әрбір студенттің жасаған сынына және оның сын көзімен қарау қабілетіне сенім білдіру.
7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Конфуций айтқан екен: «Танымның үш жолы бар: ең оңайы – еліктеу, ең ащысы – тәжірибе, ең мәртебелісі - ойлау», - деп. Сондай-ақ, СТО бағдарламасы бойынша сабақты өту кезеңдерінің де үш сатысы бар. Біріншісі – тақырыпқа қызығушылықты ояту, екіншісі – мағынаны ажырату, танып білу, үшіншісі – ой толғану.
Құрылымның сатылары:
І. Қызықтыру. (тақырыпқа деген қызығушылықты арттыру үшін талқылама сұрақтары)
1. Тақырып не туралы?
2. Бұл тақырып туралы не білесіз?
3. Не білу керек, білгіңіз келеді, білейін деп ойлайсыз?
4. Оны не үшін білу қажет?
ІІ. Мағынаны анықтау.
Студент өзінің ойлаған болжамына лайық ақпараттар іздегенде мағынаны түсініп таниды.
ІІІ. Тақырып туралы толғаныс.
1. Нені анықтадыңыз?
2. Тақырыпқа байланысты қызығушылықты тудыратын кезеңде қамтылмаған маңызды ақпараттарды алу мақсатымен ұтымды сұрақтар қою.
3. Олардың жауаптарын қабылдай отырып «Неге сіз солай деп ойлайсыз?» деген сауалды қою.
Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыруы мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, зерттеп, қорытып, өз ойын жеткізеді, негізін ашады, сұрыптайды, талқылайды, сын көзбен қарайды, пікірін дәлелдейді, пікір алмасады, ортақ пікірге келеді, мақсатқа жетеді, өзін-өзі басқарады, топпен жұмыс істеуге үйренеді, жан дүниесін өзгертеді, ойлауды дамытады, қызығушылықты арттырады, кез келген сабақты меңгереді, оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.
Осы күнге дейін үйренген стратегиялардың кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданып жүрмін. Менің өз сабақтарымда оқу бағдарламасына сәйкес бірізді, жүйелі түрде қолданып жүрген әдістерім мынадай:
1. Қызығушылықы ояту кезеңінде «Миға шабуыл», «Зерделеу», «Ой тізбелеу сандықшасы» «Ойлану, жұпта талқылау», «Лездеме», «Тірек сөздер», «Кластер» т.б. Бұл әдістер білім алушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырады.
«Ой тізбелеу сандықшасы». Білім алушылар өткізілгелі отырған тақырып бойынша не білетіндерін жазып, сандықшаға жинақтады. Өз айтқандарын мысалмен дәлелдеді. Толық және дәлелді жауап беру талап етілді.
«Лездеме» стратегиясы. Студенттердің білімімен қатар, алғырлығын, ойының шапшаңдығын бақылау мақсатында жүргізіп отырамын. Үйге берілген тапсырма негізінде немесе жаңа сабақ жайлы не білетіндерін байқау барысында сұрақтар қойып, тез және ұтымды жауап беру керектігін ескертемін.
2. Мағынаны ажыратуда «Түртіп алу», «Бес жолды өлең», «Негізгі идеяны суреттеу», «Кубизм», «Шығармалар кестесі», «Сөздер сөйлейді», «Түртіп алу жүйесі», «Әлемді шарлау», «Қарама-қарсы элементтер», «Блумның сұрақ қою стратегиясы», «Көп деңгейлі сұрақ», «ЖИГСО-1», «Логикалық тізбек» т.б. «ЖИГСО-1» тәсілінің ең бір тиімділігі топ студенттері аз уақытта үлкен мәтіндерді толық меңгеріп алады.
«Сөздер сөйлейді» стратегиясы. Әдебиет сабағында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алғаннан кейін парақшаларға «ақын», «аудармашы», «философ» деген сөздерді жазып, қағаз бетіндегі сөздерге жан беріп, өмірмен байланыстыра сөйлеуді талап еттім. Бұл тәсілдің ерекшелігі: студенттер әр сөзге анықтама береді, оның мағынасына мән беріп, сипаттама жасайды.
Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесін талдау барысында «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясын пайдаландым. Студенттер әкесі мен баласының іс-әрекеттерін қарама-қарсы қоя отырып талдайды, өз ойларын білдіреді.
«Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы. Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін өткенде білім алушыларға «Осы әңгіменің қазіргі уақытта өзектілігі қандай?» деген сұрақ бердім. Білім алушылар осы сұрақты топта талқылап, қағаз бетіне суретін түсірді. Әр топтан бір спикер шығып жұмыстарын қорғады.
3. Ой толғаныс кезеңінде «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Автор орындығы», «Эссе», «Пікірталас», «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап», «Идеялар тақтасы» т.б. стратегияларды әр сабақтың ерекшелігіне лайықты қолданамын.
Мәселен, «Менің мамандығым – менің таңдауым» тақырыбында эссе жазғанда студенттер бір-бірінің ойларымен бөлісу арқылы ұстаздықтың мәніне терең талдау жасады. Қазақ тілі сабақтарында Семантикалық карта, түртіп алу стратегияларын әсіресе, қорытындылау кезеңінде қолданамын.
«Түйінді сөздер» стратегиясы. Бұл ситуацияны ойтолғаныс сатысында қолданған қолайлы. Ойды жинақтау мақсатында студенттерге «Бүгінгі сабағымыздың негізгі түйіні болған сөздерді атаңдар» деп тапсырма беріледі.
«Еркін жазу». Мағжан Жұмабаевтың жастарға арнап жазған өлеңдерінен бойыңа қандай қасиеттерді жинадың? Осы қасиеттердің қайсысы қазіргі жастардың бойынан көрінбей жатады? Оған не себеп деп ойлайсыз? деген сұрақтар бердім. Студенттер өз ойларын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп, жазғандарын оқып, өз ойларын ортаға салды.
«Автор орындығы». Әдебиет сабағында студенттің мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту, әдебиетке, өлеңге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ақын-жазушылардың өлеңдерін немесе монологтарын сол автордың кейпіне ене отырып оқып беруін талап етемін.
Осы жұмыстардың нәтижесінде мынадай нәтижеге қол жеткіздім:
Мұғалім мен оқушы арасында тең құқылы қарым-қатынас орнатуыма, тапсырмаларды түрлендіру арқылы кәсіби біліктілігімді көрсете алуыма, оқушыларға сын көзбен қарауыма, оларды бақылап,зерттеуіме, тәжірибе жинақтауыма мүмкіндік берді.
Ал оқушы бойында қандай өзгерістер болды дейтін болсам:
Сабақта өздерін еркін сезінуге, ойларын ашық айтуға, пікіралмасуға, қызығушылық пен белсенділік танытуға мүмкіндік берді.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кездегі жеткен жетістіктерім: білім алушы өз бетінше ізденуге үйренеді, сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанады, тақырыпқа жан-жақты түсінігін аңғарта отырып ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады, ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселені терең барлауға бағыт беріледі, ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады, өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді, білім алушының ой-қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі, шыншылдық, әділдікке дағдыланады, өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек деп ойлаймын. Өйткені, мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс- әрекетінің негізі болып табылады.
Қорыта келгенде айтарым, бала жас кезінен-ақ еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімделгені жөн. Сондықтан әр сабақта студенттердің кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу – әр оқытушының міндеті деп ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті №7, 2003 ж.
2. Женни А. Стилл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл және Скот Вальтер.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бағдарлама жобасы үшін дайындалған I-ІҮ методикалық құрал, 4 - 25 шілде. 1998 ж.
3. Қазақстан мектебі, №12, 2010 ж.
4. Интернет желісі.
5. Саданова Ж.К., Саданова С.К.«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының ерекшеліктері»// Вестник КАСУ №1 - 2008
6.Н.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» Астана, 2006 жыл
7.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы «Егемен Қазақстан», 26.12.2003
8. Қазақ тілі мен әдебиеті №7, 2003 ж.
9. Женни А. Стилл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл және Скот Вальтер.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту». Бағдарлама жобасы үшін дайындалған I-ІҮ методикалық құрал, 4 - 25 шілде. 1998 ж.
10. Қазақстан мектебі, №12, 2010 ж.
11. Интернет желісі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген